Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Толымды істер аясын кеңейте түскен жөн - АРҚА АЖАРЫ

Толымды істер аясын кеңейте түскен жөн

 

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Бұланды ауданына жұмыс сапарында бірқатар өнеркәсіп орындары мен шаруашылықтардың, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, аудан активінде алда тұрған міндеттерді пысықтады.

 

Облысымыздағы өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған іргелі өңірлердің бірі саналатын Бұланды ауданындағы жұмыс сапарын аймақ басшысы аймақтың Индус-трияландыру картасына енген серпінді жоба санатындағы «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінен бастады. Жылына тірідей салмағы 60 мың тонна болатын құс етін өндіретін фабрика толық қуатына көшкенде 700-ден астам адамды жұмыспен қамтитын болады. Құрылыс-монтаж жұмыстары мен қажетті құрылғыларды сатып алу үшін
17 миллиард теңге қаржы жұмсалмақшы. Ал, жобаның жалпы құны 41,6 миллиард теңге. Қазіргі күні құрылыста 15 адам жұмыс істеуде. Өткен жылы 1,5 миллиард теңгенің жұмысы игерілсе, биыл бөлінуі тиіс 20 миллиардтың үштен бір бөлігі игерілген екен.      
Серіктестік директоры Алексей Шевченко атқарылып жатқан іс жайымен жан-жақты таныстырды. Бүгінгі күнге дейін
7 және 8-ші алаңдардың құрылысы аяқталып, автокөлік жолдары салынған. Биыл тағы екі алаң пайдалануға берілмек. Бүгінгі түйткілді мәселе – кәсіпорын жұмысқа кіріскен кезде еңбек ететін жұмысшы мамандармен қамтамасыз етілу жайы. Осы орайда, жергілікті жастарды оқытып, маман даярлау мәселесі күн тәртібінде. Ол үшін Украинадан арнайы мамандар шақыру жоспарлануда. Кәсіпорынның электр, жылу, су өткізу, канализация жүйелеріне қатысты мәселелерінің рет-ретімен шешіліп, жұмыстың жүйелі жүргізіліп жатқандығына көз жеткізген соң, өңір басшысы аталмыш жобаның еліміз үшін маңызды екендігіне тоқталып, көмек көрсетілетіндігін атап өтті.
Бұдан кейін облыс басшысы «Макинск элеваторы» серіктестігінде болды. Қазіргі күні элеватордың қуаттылығын 60 мың тоннаға арттыру, яғни, өндірісті кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2020 жылға қарай элеватордың астықты сақтау мүмкіндігі 120 мың тоннаға жетіп, қазіргі қуатынан екі есеге артпақ. Бұл жобаның ерекшелігі сол, тек астықты тазартып, сақтау көлемін ғана арттырып қоймай, жұмыс жеделдігі мен сапасы да жақсара түсетін болады. Астықты қабылдап, кептіру және сақтау жұмыстарының бәрі қашықтықтан отырылып басқарылады, яғни, компьютер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл жұмыс жеделдігін және сапасын арттыруға жағдай жасамақ. Қажетті құралдардың бәрі Ресей мен Түркиядан алынған. Өңір басшысы осы сапарында жаңадан орнатылған заманауи өңдеу құрылғысын іске қосып, оның атқаратын жұмыстарын компьютерден қарап, бақылады. Жобаның жалпы құны 2,3  миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі күні элеваторда 35 адам жұмыс істейді. Жоба толық қуатына көшкенде қосымша жұмыс орындары ашылатын болады. Осы орайда, жергілікті жердің жастарын жұмыспен қамту мәселесін ескеру керектігі тапсырылды.  
Макинск қаласындағы мектеп-лицей өңірдегі іргелі оқу орындарының бірінен саналады. Осыдан екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа мектеп ғимараты заман талабына сай сәулетпен салынған. Қазіргі күні мұнда  254  бала оқып, білім алуда. Мемлекеттік тілде білім беретін мектеп-лицейде оқу үшін қажетті жағдайлар түгел жасалған. 208 орындық акт залы, 72 орындық асхана бар және кітапхана, спорт залы, еңбек сабағына арналған шеберханалар жұмыс істейді. Интернетке қосылған компьютер сыныбында балалар компьютермен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгереді.
Аймақ басшысы өңірдегі астық өндірумен айналысатын шаруашылықтың жұмысын да назардан тыс қалдырмады. Егіншілікті кәсіп еткен «Аскоп» ЖШС-інің  75010 гектар жері болса, оның 17775 гектарына дәнді дақыл себіліпті. Көктемгі дала жұмыстарын және тұқым себуді белгіленген уақытында сапалы аяқтаған. Шаруашылық қажетті техникалармен толық жарақталған. Серіктестіктің «Аскоп сервис» атты өз техникалық көмек қызметі жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы техникаларының тоқтаусыз жұмыс істеуіне сервистің қосып отырған үлесі мол. Шаруашылық алқаптарында  Кейс-425 және Джон Дир сияқты шетелдік алымдылығы жоғары техникалар жұмыс істейді. Оған қоса, МТЗ-82 сияқты ресейлік техникалар да бар. Машина-трактор паркі үнемі жаңғыртылып тұрады.
Ауданда өнеркәсіп саласы да біршама жақсы дамып келеді. Облыс әкімі болған құрылыс үшін қажетті жылу сақтағыш материалдар шығаратын «Политерм» серіктестігі жобасы қазір қарқынды жүргізілуде. Жоба құны 6 миллиард 771 миллион теңге болса, қазіргі күні  6 миллиард  300 миллион теңгенің жұмысы игерілген. Яғни, жобаның іске қосылатын уақыты таяу деген сөз. Бүгінгі күні мұнда заманауи құрылғыларды орнатып, тексеру жұмыстарын итальяндықтар жүргізіп жатыр. Болашақта құрылысқа қажетті минералды мақта өндіретін зауыт шикізатты шет мемлекеттерден алатын болады. Жоба жұмыс істей бастаған кезде қосымша жұмыс орындары ашылып, ең бастысы құрылыс компаниялары  қажетті  жергілікті материалмен қамтылатын болады. Кадр мәселесіне тоқталатын болсақ, зауытта жұмыс істеу үшін 30 маман мемлекеттік бағдарлама аясында қайта даярлау курсынан өткен.
Аймақ басшысы нысандарды аралап болған соң, аудан активін өткізіп, Елбасы алға қойған тапсырмаларды жауапкершілікпен, сапалы іске асыруды тапсырды.
Бұланды ауданы.
Суретті түсірген Ермұрат  ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар