Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрманың шипалық қасиеті - АРҚА АЖАРЫ

Құрманың шипалық қасиеті

Рамазан айының дастарханында басты мәзір болып саналатын құрма дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс қана емес, сонымен бірге, оның адам ағзасына тигізер пайдасы да зор.

 

•Ең алдымен, құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, әсіресе, шаршағанда жақсы көмектеседі.
•Құрмада В1 және В2 дәрумендері мол болады. Бұлар да миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
•Құрманың қабығы мен сүйегінде дәрумендер мол болатындықтан, сүйегін сорып жүруге кеңес беріледі.
•Құрма жөтелді басуға жақсы көмегін тигізеді.
•Қан тамырларын жұмсартып, тамыр қатаюының алдын алады. Оған қоса, қанды тазалайды және қан қысымын реттейді.
•Құрманы көп жейтін арабтарда холестерин аз болып, сол арқылы туындайтын аурулар сирек кездеседі.
•Құрманы қарағай жаңғағымен бірге қосып жесе, бауырды тазалап, қуаттандырады.
•Қуық және бүйрек қабынуына шипа болады. Құрма суы бүйрек тастарын ыдыратуға көмектеседі.
•Құрмада А дәрумені көп болатындықтан, көз жанарын жақсартады. Ақшам соқырлығынан (куриная слепота) және басқа да дерттерден қорғайды.
•Құрманы тұрақты жеп жүру геморрой дертінің алдын алуға көмектеседі.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар