Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндіріс – өнім көзі - АРҚА АЖАРЫ

Өндіріс – өнім көзі

 Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Көкшетаудағы жүк көліктерін шығаратын  «КамАЗ Инжиниринг» акционерлік қоғамында болып, еңбек ұжымымен кездесті.

 

Көкшетау қаласындағы іргелі кәсіпорын осы күні еліміздегі үнемшілдік өндіріс жүйесін қолданып отырған санаулы зауыттардың қатарында. Биыл өндіріс ошағының  құрылғанына  12 жыл толады. Еліміздегі машина жасау өнеркәсібі саласында өзінің лайықты орнын алып үлгерген зауыт осы санаулы уақыттың ішінде отандық машина жасау саласын дамытуға қомақты үлесін қосып келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде ұжым жұмысы акционерлердің қолдауының арқасында ілгері басуда. Кәсіпорын құрылған 2005 жылдары жүк көлігінің үш түрін шығарудың өзінде едәуір қиындықтар болған еді. Кейін бәрі артта қалды. Қазіргі кезде зауыттан заман талабына сай «КамАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрі шығарылады. Зауыт құрылғаннан бері барлығы 11 мыңнан астам көлік конвейерден шықты. Бұл көліктерге бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері тарапынан сұраныс күрт азайып кеткеніне қарамастан, Төтенше жағдайлар комитеті, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында ойдағыдай қолданылуда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2 мыңға жуық автокөлік шығаруға еркін жетсе, өткен жылы 800-ден астам жүк көлігі құрастырылды. Биыл бұл көрсеткішті 1400-ге жеткізу көзделген.  Мәжіліс депутаттары Жанат Омарбекова, Сапархан Омаров, Майра Айсина, Мұрат Теміржанов,  Сергей Звольский, Михаил Чирков және Юрий Тимощенко зауыттың құрастыру цехын аралап көріп, шығарылып жатқан техника түрлерімен танысты.
– Соңғы кезде кәсіпорын басшылығы өнім өндіруде отандық үлестің мол болуына ерекше назар аударып келеді. Оны еліміздің жолдарында жүйткіп жүрген «Қазақстанда жасалған» деген эксклюзивті арнайы техникалардан байқауға болады. Дегенмен, әлі де отандық үлесті арттыру және дайын өнімді сату шекарасын кеңейту бағытында ауқымды жұмыс істеу керек. Біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз, – деді Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов.
Кездесу барысында халық қалаулыларына зауыт ұжымы тарапынан әлеуметтік мәселелер жөнінде сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Сонымен қатар, зауыт ұжымының ішіндегі еңбек озаттарын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Алғыс хатымен марапаттады. Кездесуде депутаттармен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бірге болды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар