Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамдардың құқықтарын қорғау үнемі назарымызда - АРҚА АЖАРЫ

Адамдардың құқықтарын қорғау үнемі назарымызда

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауды, әлеуметтік қорғауға қатысты заңнамалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге жете мән берілген. Осы орайда, қадағалаушы орган – прокуратура Ұлт жоспарында белгіленген бағыттар бойынша жұмысқа ерекше көңіл аударуда.

Атбасар ауданында тұрмыстары төмен отбасыларына әлеуметтік  қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін жәрдемақыны мұқтаж адамдардың бәрінің ала алмайтындығы белгілі болды. Өйткені, құзырлы органдар өз жұмыстарын дұрыс атқармайды екен.  Аудандық прокуратураның араласуымен бұл олқылық түзетілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша бұрын 105 адам ғана жәрдемақы алып келсе, прокуратураның араласуымен 435 отбасының жәрдемақыға қолдары жетті.  Сөйтіп, екі айдың ішінде ғана 4809,5 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жәрдемақы ретінде берілетін бюджет қаржысы игерілді.
Атбасар іргелі өңір болғандықтан, ауыл шаруашылығына қатысты түйткілді мәселелерді шешуге де прокуратура органы жиі араласып жатады. Биыл көктемде тұқым себу науқанын өткізуге қатысты мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге байланысты туындаған мәселе де прокуратураның араласуымен оң шешімін тапты.
Елбасы Жолдауларында үнемі айтылып жүрген бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселе. Осыған орай, прокуратура тарапынан бұл мәселе де үнемі бақылауда ұсталады. Биылғы жылдың басында  біздің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне жасаған ұсынысымыздың нәтижесінде негізсіз көтерілген су бағасы қайта қалпына келтірілді. Осының арқасында 12 мыңдай абоненттің құқығы қорғалды. Мұның өзі көп күш салудың арқасында қол жеткен жетістік екендігін атап өткен артық болмас. Монополистердің бағаны қымбаттатуының негізсіз екендігін дәлелдеу үшін біраз тер төгіп жұмыс жүргізуге тура келді. Біз су таратушы кәсіпорынның жалақы мөлшерін заңсыз өсіргендігін дәлелдеп шықтық.
 Атбасар ауданында соңғы жылдарда мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Дегенмен, жайылым және шабындық жердің тапшылығы бұл саланың дамуы-на кедергісін келтіруде. Прокуратура тарапынан мал шаруашылығына арналған жайылым мен шабындық жерді дұрыс пайдаланбау жайлары жете қадағалауға алынған. Биылғы жылы жайылым жерді ұзақ мерзімге жалға алып, оны мүлдем пайдаланбай отырған шаруа қожалығы анықталып, одан 45 мың гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Бұл жер жайылымға мұқтаж болып отырған фермерлерге берілетін болады.
Өткен жылы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіруге итермелейтін «Көк кит» деген интернет ойын шығып, елді дүрліктіргені белгілі. Осы ойынға еліккен балалар Атбасар ауданында да болды. Прокуратура тарапынан жүргізілген бақылау және насихат жұмыстары нәтижесінде қатерлі ойынның таралуына жол берілмеді.
Жасыратыны жоқ, қылмыспен күресетін құқық қорғау органы тарапынан заңсыздықтарға жол беріліп жататын жайлары ұшырасып қалады. Кейбір қылмыстар тіркелмей немесе дұрыс жүргізілмей, соның  салдарынан  азаматтардың құқықтары бұзылып жатады. Прокуратура осындай келеңсіздіктерге жол бермеуге жете көңіл бөледі. Кезекші  прокурор қылмыстардың тіркелуіне, оны дәрежелеуге қатысты тексерулер жүргізіп, талдап отырады.  Тексерулер барысында заңсыздыққа жол берген 11 құқық қорғау қызметкері, оның 2-еуі басшы қызметкер, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура тарапынан жүргізілген осындай мақсатты жұмыстардың арқасында қылмыстың ашылу көрсеткіштері біршама жақсара түсті. Мұндай заңсыздықтарға жол бермеу мақсатында алдағы уақытта тергеушілердің жұмыс бөлмелерін бейнеқондырғылармен жарақтандыру қолға алынатын болды.
Біз бүгінде құқықтық демократиялық зайырлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Осыған орай, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету – мемлекеттік маңызы бар міндет болып табылады. Заңның  сақталуын қадағалайтын прокуратура органдары өздеріне жүктелген осындай маңызды міндетті ойдағыдай орындап отыр деп айтуға толық негіз бар.

Асхат ЖАҚЫПБЕКОВ,
Атбасар ауданының прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар