Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отыз алты рет орман өрті тіркелген - АРҚА АЖАРЫ

Отыз алты рет орман өрті тіркелген

Өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов жаз айларындағы өртке қарсы күрес шаралары туралы баяндады. 

Департамент басшысының айтуынша, тамыз айының соңы мен қыркүйектің ортасына дейін өрт қаупі айрықша күшеймек. Сондықтан, осы кезеңде өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жұмыстары қатаң сақталуы керек. Дегенмен, тілсіз жау айтып келмейді. Осы уақытқа дейін облыс бойынша 36 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт салдарынан 74 гектар орман, 1967 гектардан астам өсімдіктерге зиян келген. Ең көп зиян шеккен Бурабай ауданы мен «Бұқпа» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда биыл аса ауқымды өрт оқиғасы тіркелген жоқ.  
Мұны әрине, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен және жеке адамдармен өрт қаупі маусымы барысында бірігіп өткізген шаралардың нәтижесі деуге болады. Дегенмен, жалпы облыс бойынша өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда аз тіркелгенімен, кейбір аудандарда бұл көрсеткіш керісінше өршіп тұр. Әсіресе, Целиноград, Аршалы, Зеренді, Еңбекшілдер және Бурабай аудандарында ең көп өрт оқиғалары тіркелді. Адам өлімі мен қоршаған ортаға экологиялық және материалдық шығынға әкеп соқтыратын тілсіз жаудың белен алуына негізінен, табиғат аясына демалуға шыққанда темекі тұқылын дұрыс сөндірмеу, от жаққанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің дұрыс сақталмауы себеп болып отыр.
– Жыл сайын жаз маусымы басталысымен өрт шығу қаупі де өсе түседі. Сондықтан, біздің департамент тарапынан қалалар мен аудандар аумағында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында жос-парлы кешендік жұмыстар жүргізілуде, – деді департамент басшысы атқарып отырған жұмысы туралы айта келіп.
Өрттің алдын алуда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқаруда. Күн са-йын департамент пен аудандардағы бөлімше қызметкерлері тұрғын үй секторлары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барып, орманды және далалы аумақтарда өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсініктемелер жүргізіп, ескертпе парақтар үлестіруде.  Жалпы, департамент тарапынан бұдан басқа атқарылған жұмыстар баршылық. Алайда, бүгінгі күні өрт сөндіру қызметі саласында проблемалар да жоқ емес.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар