Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ортақ істен әскерилер де сырт қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Ортақ істен әскерилер де сырт қалмайды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен дөңгелек үстелде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған  ұлттық код пен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы Қарулы Күштердің рөлі туралы сөз болды. Бұл шараға  №5510 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары, қорғаныс істері департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты. 

«Ұлан» ұлттық гвардиясы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттер мен жастар арасында отансүйгіштік қасиетті дамыту жайында жан-жақты әңгімелеп берді. «Отансүйгіштік қасиет адам бойына ұлттық сана мен салт-дәстүр негізінде дариды. Елбасы мақаласында көтеріліп отырған ұлттық код дегеніміз де осы», – дей келе, ол ХVIII ғасырда 600 сарбазбен жоңғарлардың 50 мың қолына қарсы тұрып, он күн бойы тойтарыс берген қазақ ханы Салқам Жәңгірдің ерлігі жайында айтып берді. Қазақ сарбаздарын өздерінен әлденеше есе көп жауға қарсы тайсалмай соғыстырып, тойтарыс бергізген күш – елге, жерге деген сүйіспеншілік екендігін, қазіргі жастардың бойында да сондай отансүйгіштік қасиет болғанда ғана еліміз ішкі-сыртқы қатерлерден аман болатынын атап өтті.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов еліміз тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде экономика саласында көптеген табыстарға қол жеткізгендігін, әлемнің үздік елу мемлекетінің санатына қосылғандығын айта келе, дегенмен жоғары деңгейде дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жалғыз өндірісті дамытудың жеткіліксіз болатынын, ең алдымен ұлттық сананы көтеріп, рухани жаңғыру қажеттігін тілге тиек етті. «Сингапур елінде экономикалық реформаларды бастаған кезде жан басына шаққандағы табыс көлемі 20 АҚШ доллары болса, қазіргі күні  87500 долларға жеткен. Бұндай нәтижеге олар ұлттық сананы жаңғырту арқылы қол жеткізді», – деді «Нұр Отан» партия-сы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Бұның бәрі Елбасы мақаласында көтерілген рухани жаңғырудың еліміздің ертеңі үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Ол сондай-ақ, жастар, оның ішінде әскери қызметте жүрген жастар арасында отансүйгіштік қасиетті дамыту қажеттігіне назар аударды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова ата-бабаларымызға арман болған «Мәңгілік ел» идеясының тәуелсіз елімізді өркениет өріне жетелеп, биіктерге бастайтын негіз екендігін, Елбасы мақаласында көтерілген рухани жаңғыру халықты сондай биіктерге бастайтын бағдар екенін айтты.
Дөңгелек үстел басындағы бас қосу еркін пікір алысу түрінде өрбіп, Елбасы мақаласынан туындайтын ұлттық сананы жаңғыртудың маңызы, әсіресе, әскери қызметте жүрген жастар арасындағы отансүйгіштік қасиетті орнықтырудың қажеттілігі сөз болды. Шара соңында оған қатысушылар Мемлекет басшысы мақаласынан
туындайтын рухани жаңғыруға қатысты бастамаларды қолдауға шақырған қарар қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар