Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы
Құрметті ардагерлер! Сіздерді шын жүректен халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймын!
Біздің баршамызға бұл мереке мемлекетіміздің алтын қоры болып табылатын аға ұрпаққа өзіміздің терең құрмет сезіміміз бен алғысымызды білдіруге тағы бір қолайлы мүмкіндік туғызып отыр. Сіздердің азаматтық патриотизмге толы өнегелі өнер жолдарыңызға, асқан шыдамдылықтарыңыз бен болашаққа шексіз сенімдеріңізге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан баға жеткізгісіз үлестеріңізге зор ризашылығымызды білдіремін.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 100 мыңнан астам зейнеткер, соның ішінде, 6 мыңнан астам тыл еңбеккері, 99 Ұлы Отан соғысының ардагері өмір сүріп жатыр. Жастардың бастамасымен қатар, үлкендердің өмір тәжірибесі қажет болатын қазіргі жағдайда осы ардагерлердің білімдері, ақыл-парасаты мен бай іс-тәжірибелерінің маңызы ерекше.
Бүгінгідей айтулы күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, өмірдің бар жақсылығы мен бақыт тілеймін. Сіздердің өмірлеріңіз тек қана қуанышты, жарқын оқиғаларға, өздеріңіздің айналаңыздағы адамдардың, сіздерді сүйетін және қамқор болатын балаларыңыз бен немерелеріңіздің, достарыңыздың жылы ілтипатына толы болсын.