Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әділдік салтанаты - АРҚА АЖАРЫ

Әділдік салтанаты

Желтоқсан айының бірінде барша қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Тәуелсіз еліміздің дамуына, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алып, ұлтаралық татулық пен бірлігі ұялаған мемлекет құруға Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. 1 желтоқсанның Тұңғыш Президент күні болып жариялануы да тектен-тек емес. Дәл осы күні, 1991 жылы Н.Назарбаев алғаш рет бүкілхалықтық сайлау арқылы Президент болған еді.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің құрамында өз ресурстары мен байлығын игере алмай, орталықтың билігімен өмір сүрген қазақ елі 1991 жылы тәуелсіздігін алып, тәуелсіз даму жолына түсті. Сол тұста қалай дамимыз, қалай тәуелсіз ел боламыз деген мәселе мемлекетіміздің алдында тұрған еді. Жүзден астам ұлт мекен еткен, КСРО-ның шикізат аймағы болып келген Қазақстанның тәуелсіз дамыған елге айналарына күмәнмен қарағандар да болды. Бірақ та, Елбасының «алдымен экономика, содан кейін саясат» бағытын ұстанған оңтайлы саясаты өз жемісін берді. Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ұлтаралық татулықты сақтауға, әр ұлт пен ұлыстың заң аясында еркін дамуына мүмкіндік ашып, Қазақстан бірлігі мен достығы ұйыған мемлекетке айналды.
Қазақ елінің әлемдік қауымдастықтағы беделі мен абыройы да биіктеп, елімізде әлемдік деңгейдегі ірі басқосулар мен шаралар өтуде. Қазақстан 2010 жылы ТМД елдері арасында алғашқы болып Еуропа ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі ұйымына төрағалық жасаса, биыл жазда халықаралық ЭКСПО көрмесін табысты өткізіп, әлем алдындағы абыройымыз тағы жоғарылай түсті.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз экономикалық, әлеуметтік жағынан жан-жақты дамып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Арқа төсінен жаңа Астанамыз бой көтеріп, әлемдегі сәулетті шаһарлардың біріне айналды. Халықтың тұрмыс дәрежесі көтеріліп, жан басына шаққандағы кіріс мөлшері жағынан әлем елдері арасында озық елу мемлекеттің санатына қосылдық. Ендігі мақсат – әлемнің бәсекелестікке қабілетті отыз елінің қатарынан көріну. Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған Жолда-
уында бұл бағыттағы атқарылатын шаруалар нақтыланып, міндеттер белгіленді.
Прокуратура органдары да елімізде құқықтық демократиялық қоғам орнату бағытындағы ортақ іске өз үлесін қосып, Елбасы белгілеген тапсырмалар мен міндеттерді атқаруға күш жұмылдырып келеді. Прокуратура органдары еліміз тәуелсіздігін алған жылдарда заман талабына сай біраз реформаларды бастан өткерді. Негізгі мақсат – заң үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Осы орайда, тергеуге дейінгі санкциялау шараларын түгелдей соттың құзырына беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Құқықтық демократиялық қоғамда барлық мәселе заң арқылы шешімін тауып, әділдік салтанат құруы тиіс. Прокуратура органдары осы бағытта өз құзыреті шеңберінде белгіленген міндеттерді орындау жолында белсенді жұмыстар атқарып келеді және алдағы уақытта да атқара беретін болады.

Ерболат ЖҮСІП,
Ақмола облыстық прокуратура аппаратының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар