Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Агломерациялық аймақтың серпінді қадамы - АРҚА АЖАРЫ

Агломерациялық аймақтың серпінді қадамы

Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері 2017 жылдың қараша айында Астананың агломерациялық аймағын дамытуға қатысты бірлескен қызмет жөніндегі меморандумды бекіткен болатын.

Бұл аймақ жобаның негізі саналатын Астана қаласын және Ақмола облысының 123 елді мекенін қамтиды. Бұл бағыттағы жұмыс Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында айрықша өзекті болып отыр.
Осыған байланысты Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізді. «Астананың агломерациялық аймағына біздің ауданның 49 елді мекені енеді, – деді ол. Еліміздің бас қаласымен жасалған меморандум аталған ауылдардың барлығындағы жұмысқа екпін беруде. Бүгінгі кездесуде бұлардың әрқайсысына тоқталып жату көп уақыт алатындықтан, Астанамен серіктес дамудың тәжірибесі қалыптасқан 4 ауылдық округ пен 7 елді мекендегі жұмыс жағдайына тоқталсақ деймін».
Аудан әкімі арнайы слайдтар арқылы Қосшы, Тайтөбе, Қоянды, Талапкер, Қажымұқан, Қараөткел және Қаражар ауылдарындағы қолға алынған істерге сипаттама берді. Аталған елді мекендердің барлығында тұрғындар саны еселеп артып келеді. Бұл ұмтылысты түсінуге болады. Сондықтан, атқарылған және жоспарланған жұмыс ауқымы кеңейе түсуде. Мемлекет пен облыс басшылығының агломерациялық аймақты дамыту туралы кезеңдік жоспарында белгіленген міндеттер арнайы кестеге сай жүзеге асырылуда. Барлық ауылдарда білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-тұрмыстық нысандар жұмыс істеп тұр. Қосшы кентінде бұрынғыларына қосымша, 1,8 миллиард теңгенің 200 шақырымдық электр желісі тартылды. Мұның қызметін 1216 абонент пайдалануда. Ауыл тұрғындарының саны соңғы 2-3 жылда екі есе өсіп, 40 мың адамға жетуі 2010 жылы салынған 6 су қайнарының қуатын арттыруды талап етуде. Осыған орай, жаңа жобада 2 миллиард теңгенің 14 су қайнарын пайдалануға беру көзделген.
Қояндыда ауылішілік 154 шақырымдық жол салынған. Қараөткел ауылында агломерациялық дамудық кешенді жоспарына сәйкес, құны 1,2 миллиард теңгенің электр желілері тартылып, биыл мұнда 280 орындық, Қаражар ауылында 140 орындық балалар бақшасы пайдалануға берілмек.
Аудан әкімі Астана қаласымен ынтымақтастық жайын айта келіп,
«ЭКСПО-2017» нысандарындағы жабдықтарды пайдаланудың мүмкіндігі туғанын атап өтті. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы, коммуникациялар, жұмыспен қамту, үлескерлер мәселесі, Астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету, табиғи апаттардың алдын алу жайлы кеңінен баяндады.
Брифингке облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары Виктор Радченко мен Асқар Мұратұлы қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар