Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянды белестерге бастайды - АРҚА АЖАРЫ

Баянды белестерге бастайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы халқымыз үшін маңызы зор және ерекше тарихи құжат. Жолдаудың стратегиялық құндылығы нақты міндеттердің шешімдерін қамтамасыз етуге бағытталғандығында.

Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталуының өзі еліміздің 4-ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ерекше серпілісін талап етеді. Елбасы бұл құжатта адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын баса атап өтті. Он міндетке біріктірілген Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» бөліміндегі басымдықтар әлеуметтік саланың алдағы белестерінің биіктігін көрсетеді. Әсіресе, білім беру жүйесінде заманауи дағдыны жеделдете отырып, барлық жастағы азаматтардың ілім тоқу саласындағы озық тәжірибені дамыту, яғни, жаңартылған мазмұн арқылы халықаралық стандартқа сай бағдарламалар негізінде функционалдық сауаттылықпен сыни тұрғыдан ойлай білетін ұрпақ тәрбиелеу өзекті болмақ. Мемлекет бұл тарапта қолдау шараларын кеңіте түспек.
Елбасының мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бас-тап 30 пайызға көбейтуді тапсырамын деуі әрбір әріптесімізді қуантып, жаңашыл ұстаздарды заманауи дағдыға жетелеуге мүмкіндік береді. Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолда-
уын Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы мектеп директоры А.Жанкеевтің, аға менеджерлер М.Битенбаева мен М. Бахтиярұлының қатысуымен кеңінен талқылады. Тарих пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Зәуреш Қалиева Жолдаудың мұғалімдерге қатысты 10 бағыты бо-йынша түсініктеме берді.
Білім ордамызда әртүрлі деңгейдегі семинарлар өткізіліп тұрады. Қазіргі күні республикамыздың орта білім беру саласында Назарбаев зияткерлік мектептері жаңартылған бағдарлама бойынша қызмет ететін әдістемелік орталық болып табылады. Назарбаев университетімен де тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жүргізудеміз. Мектебімізде шет елдерден келген оқытушылар да дәріс береді. Сонымен қатар, математика, физика, информатика және жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Бұл біздің оқушыларға әлемдік технологияларды меңгеруге зор мүмкіндіктер ашатыны белгілі.
Назарбаев зияткерлік мектептері арасында пән олимпиадаларында біздің оқушыларымыз үнемі жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы: Алматы қаласында өткізілген олимпиададан 7 оқушымыз жүлдемен оралды. Оқушылардың күнделікті жүктемесін азайту мақсатында, балаларға өздері таңдаған мамандығына сәйкес пәндерге басымдық берілген. Мектепте компьютерлер, барлық қажетті инфрақұрылымдар жеткілікті. Бұл шәкірттеріміздің ғылыми-зерттеу саласына машықтануына оң әсерін тудырады. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйренуіне септігін тигізетін жаңа бағдарлама жасалған.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы мерейлі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бетбұрысты шаралар атқарылатындығына сенімдіміз. Сондықтан, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін барлығымыз ел болып жұмылып, ат салысуымыз қажет. Елбасы Жолдауы мемлекетімізді баянды белестерге бастайтыны анық.

Тоқат ТІЛЕУБЕРДИН,
Назарбаев зияткерлік
мектебінің мұғалімі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар