Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біраз жайға қозғау салынды - АРҚА АЖАРЫ

Біраз жайға қозғау салынды

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарда болып, шағын және орта бизнес субъектілерінің аяқ алысына назар аударды, қаладағы салынып жатқан құрылыстардың қарқынына зер салып, байқалған олқылықтарды түзетудің мүмкіндіктері мен жолдарын қарастырды.

  Облыс әкімі алдымен Жайлау шағын ауданындағы «ДВА Кита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ат басын бұрып, жиһаз цехының жұмысымен танысты. Бүгінгі күні серіктестік республика бойынша жиһаз жасаудағы ең озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оның ең алғашқылары сонау 2005 жылы сатып алынған болатын. 2012 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, тағы басқа да жаңа қондырғылар орнатылды. Қазір мұнда үй, кеңсе жиһаздарының бірнеше түрі шығарылып, республиканың түкпір-түкпіріне жөнелтілуде. Цехтың жылына 720 тонна өнім өндіретіндей қуаты бар. Бір ауысымда 200-250 жиынтық жиһаз дайындалады. Жұмысшылардың орташа айлығы да 91 мың теңге көлемінде. Кәсіпорын жұмысымен танысқан өңір басшысы бұл межемен шектеліп қалмай өндіріс қуатын 1 миллион тоннаға жеткізу қажеттігін баса айтты.
Бұдан кейін облыс әкімі «Элеватормельмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Кәсіпорын басшысы Илья Бабаринов облыс әкімін құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы жайлы хабардар етті. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы екі айының өзінде кәсіпорын 93 миллион теңгенің өнімін өндірген. Дегенмен, серіктестік жұмысына кедергі келтіріп отырған кейбір мәселелер де бар көрінеді. Оның ішінде кәсіпорынның ала алмай жүрген кейбір қарыздары қордаланып қалған.
Ал, №2 орта мектепте болған облыс әкімі аталған білім ордасының жанынан салынып жатқан 500 оқушыға арналған ғимараттың белгіленген мерзімінен кешігіп отырғанына назар аударды. Мердігерлер қаржының дер кезінде аударылмағаны құрылыс жұмыстарына қолбайлау болып отырғанын алға тартуда. Дегенмен, облыс әкімі қаржының жақын күнде
аударылатынын және құрылыс жұмыстарын алдағы үш айдың ішінде толық аяқтауды шегелеп тұрып тапсырды.
Сонымен қатар, өңір басшысы өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген «Оқжетпес» футбол клубының стадионында, аспаздық және қоғамдық тамақтану орны
«Бисквит-Мастер» дүкенінде болды. Осы орайда, облыс әкімі
Сергей Кулагин «Оқжет-пес» футбол клубының стадионындағы кейбір кемшіліктерді өзі аралап жүріп көрсетіп, жұмыс барысында түзетілетініне сенім білдірді. Қала басшылығына стадионның қар басқан алаңын ертеңнен бастап, тазартуды тапсырды. Ал, «Бисквит-Мастер» дүкенінің басшылығына азық-түлік сөрелерінде жергілікті өнім үлесінің мол болуына назар аудару қажеттігін қадап айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар