Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жел де тұрады, тұман да түседі, жауын-шашын да, көктайғақ та болады - АРҚА АЖАРЫ

Жел де тұрады, тұман да түседі, жауын-шашын да, көктайғақ та болады

сәуір айындағы ауа райының болжамы осындай

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының директоры Бақыт Мақажанова журналистерге алдағы ауа райының болжамы жөнінде айтып берді.

Филиал директоры өз сөзінде синоптиктердің апталық болжамына сәйкес, облыс аумағындағы температура (-4) осы күндері нормаға жуық болатынын атап өтті. Кейбір жерлерде жауын-шашынның салдарынан көктайғақ болады. Жел тұрып, тұман түседі. Кейінгі кезде облыстың солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс аудандарында қар нормадан көп жауды. Мәселен, бұл жағдай Сандықтау, Атбасар, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласында байқалды.
Бақыт Мақажанованың айтуынша, облыс бойынша қардың орташа қалыңдығы өткен жылғыдан 46 пайыз аз, қар суы да соған сәйкес сонша пайызға төмен. Жалпы, облыстағы қардың орташа қалыңдығы өткен жылғы қардың 31 пайызын құрайды. Қардағы судың қоры да 47 пайызға кем. Жер 174 сантиметр-ге дейін қатқан. Бұл жердегі ылғал қорының азаюына ықпалын тигізіп, барлық қар су көздеріне ағады деген сөз. Әзірше өңірдің Есіл, Сілеті, Жабай, Нұра, Шағалалы өзендері бойында орналасқан Волгодоновка, Приречный, Бестоғай, Новомарковка, Балкашин, Атбасар, Николаевка, Р.Қошқарбаев, Қорғалжын, Павловка елді мекендерінің су нысандарындағы бірқатар гидрологиялық бекеттерде мұз қозғалған жоқ. Дегенмен, Аршалы ауданы Түрген селосының іргесіндегі өзен суы мұз үстімен ағуда. 27 наурыздағы жағдай бойынша облыстың өзендерінде су деңгейінің өзгеруі байқалмайды. Түрген селосының іргесіндегі Есіл өзені суының деңгейі бір тәулікте 19 сантиметрге көтерілсе, Ново-
ишимка селосында ол 11 сантиметрге көтерілген. Сәуірдің басында Қарағанды облысындағы Самарқант пен Шерубай-Нұра су қоймаларының суын ағызуға байланысты Р.Қошқарбаев ауылы іргесіндегі Нұра өзенінің су деңгейі де көтеріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, брифингте наурыздың үшінші онкүндігінде Жабай өзеніндегі мұз қалыңдығы 30 сантиметрді, Атбасар қаласы іргесінде 46 сантиметрді құрағаны айтылды.
– Наурыз-сәуір айларында көктемгі синоптикалық үрдістерге байланыс-ты циклондар мен қарсы циклондар жиі ауысады. Оңтүстіктен жылы ауа, солтүстіктен суық ауа келіп, ауа райын тез өзгертеді. Ауа температурасының аздап жылынуы және жауын-шашынның болуы қарды тез ерітуге және мұзды жұмсартуға жол ашады. Бұл жағдайда өзен арнасы кеңейіп, жағалауында көлшіктер пайда болуы мүмкін.
Өзеннің кейбір жері арнасынан асуы да ықтимал. Осы айда ауаның орташа температурасы 4-9 градус жылы болады деп күтілуде. Бұл нормаға жуық. (Норма 3-8 градус). Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы өзгеруі әбден мүмкін. Түнде 0-ден 5 градусқа дейін суық, кейбір жерлерде 5 градус жылы. Күндіз 7-ден 17 градусқа дейін жылы. Сәуірдің екінші онкүндігінде күн аздап суытады. Түнде 5-тен 15 градусқа дейін суық болады. Күндіз 5 градусқа дейін жылы, кейбір жерлерде 5 градус суық. Сәуірдің екінші онкүндігінің бірінші жартысында күн одан әрі жылына түседі. Түнда 3-8 градус жылы, кейбір жерде 2 градус суық. Күндіз 13-18 градусқа дейін жылы. Сәуір айында жауын-шашын нормадан көп жауады. Кейбір жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Бірінші онкүндіктің басында, ортасында, сондай-ақ, үшінші онкүндіктің соңында шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді, үшінші онкүндіктің ортасында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар