Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біздегі ойын-сауық орталықтары қауіпсіз бе?!. - АРҚА АЖАРЫ

Біздегі ойын-сауық орталықтары қауіпсіз бе?!.

Ресей Федерациясының Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда және ойын-сауық орталығында 64 адамның өмірін қиған қайғылы жағдай біздің елімізде де кез-келген адамды бейжай қалдырмағаны белгілі. Сондықтан, ендігі арада осындай бизнес орталықтары бар біздің кәсіпкерлер де қарамағындағы нысандардың өрт қауіпсіздігіне, әсіресе, балалардың ойын-сауық орталықтарындағы қауіпсіздік жағдайларына жете көңіл бөле түспесе болмайды.

«Адамдардың қауіпсіздігін сақтауға қазақстандық бизнес субъектілері қаншалықты дайын?» деген тақырыппен республикалық комитетте өткен онлайн режиміндегі дөңгелек үстелге қатысқан облыс кәсіпкерлері мен бизнес өкілдері осы шарадан біраз сабақ алғаны анық.
«Атамекен» Ұлттық палатасының шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Райымбек Батталовтың төрағалығымен өткен жиынға республиканың барлық аймақтарындағы филиалдардың өкілдері мен кәсіпкерлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері, қоғамның белсенді мүшелері, журналистер қауымы қатысып, ойын-сауық, сауда орталықтарындағы қауіпсіздік жағдайы, әсіресе балалардың бос уақыттарын өткізетін орталықтардың, аттракциондардың төтенше жағдайларға төтеп бере алуы, көпқабатты үйлердегі лифтілер мен сатылардың қауіпсіздігі секілді көптеген мәселелер қаралды. Комитет отырысында сөз сөйлеген қоғамдық ұйымдардың өкілдері осыған қатысты өздерінің сын-пікірлерін білдіріп, еліміздегі бизнес орталықтарының төтенше жағдайлардың алдын алуға, оны болдырмауға дайындығы және бола қалған күннің өзінде адамдардың құтқарылу мүмкіндігі төмен екендігін алға тартты.
Ресейдің Кемерово қаласында орын алған ауыр жағдайдан кейін әлемнің барлық сауда, ойын-сауық орталықтарының иелері, барлық мемлекеттердің төтенше жағдайлар қызметтері қауіпсіздік жағдайларын нығайтып, түрлі тексерістер ұйымдастырып жатқаны белгілі. Біздің де еліміздің қай қаласына бара қалсақ та балалардың ойын орталықтарындағы қауіпсіздік шаралары ойдағыдай сақталмағаны жайында олардың орналасқан қабатына қарап айтуға болады. Біздің облыс орталығындағы қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратын сондай ойын-сауық, сауда орталықтарының бірі – «Рио». Ондағы балаларға арналған кешен бесінші қабатта орналасқан. Бұл қауіпсіздік ережелеріне қайшы. Балаларға арналған кез келген ойын-сауық орталығы, ойын алаңы, ойын клубы, аттракцион кешендері бірінші қабатта орналасуы қажет. Ал, біздің еліміздің Астана, Алматы секілді ірі қалалары былай тұрсын, облыс орталықтарындағы сауда, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойнайтын орындары жоғары қабаттарда. Бұл ең алдымен «саудагерлердің саясаты». Ата-ана баласын жоғары қабаттағы орталыққа апара жатып, бірнеше сауда дүңгіршектеріне соғып, сауда жасап кетуі мүмкін.
Мамандардың мәлімдеуінше, кез келген ойын-сауық орталықтарының, адамдардың көп жиналатын орындарында сыртқа шығатын есіктер, сатылар, дәліздер арнайы авариялық жарықтармен, дабылмен жабдықталып, бағыт-бағдар белгілері үлкен жазулармен көзге көрінетін жерлерде үш тілде жазылып, орналастырылуы тиіс.
Облыста осы күні жұмыс істеп тұрған 61 ірі сауда орталығы бар. Алдағы күндері төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері арнайы комиссия құрып, облыстық прокуратураның рұқсатымен осы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігіне және жалпы адамдардың қауіпсіздігіне байланысты тексеріс жұмыстарын бастамақшы. Сонымен бірге, сөз алған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері кәсіпкерлерге қауіпсіздік жағдайларын сақтау және қадағалау, орталық қызметкерлерінің төтенше жағдайда қалай әрекет етуі секілді мәселелерді білулеріне тексеріс жүргізілетіндігін ескертті.
Сарапшылардың пікіріне жүгінетін болсақ, елімізде 15 мыңнан астам нысанның құрылысын салуға лицензия бар екен. Бірақ, олардағы қауіпсіздік жағдайларының заңға және қауіпсіздік ережелеріне сай келетіндігі екіталай. Себебі, аталмыш жобалардың құрылысы аяқталғанда оны қабылдап алатын қабылдау комиссиясы құрамында төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері болмайды екен. Сондықтан, кейбір биік үйлерде тіпті, өрт сөндіруге арналған сатылар мен арнайы құбырлардың болмай жатуы кездеседі.
Облыстық филиалдағы отырыс кезінде кәсіпкерлерге өздерінің нысандарын сақтандыру қажеттігі ескертіліп, өздеріне қарасты мекемелердегі қауіпсіздік жағдайларын қайта қарау мәселелері талқыланды.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар