Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Көк байрағым желбіресін көгімде, Әнұраным шарықтасын әлемде!» - АРҚА АЖАРЫ

«Көк байрағым желбіресін көгімде, Әнұраным шарықтасын әлемде!»

Әлемдік түрлі спорттық сайыстарда жеңімпаз болып қазақ елінің көк байрағын желбіретіп, ән ұранын шырқатып жүрген жерлестеріміз осылай дейді.

Шахризат ЖАҚЫПБЕКОВ, пауэрлифтингтен Азия чемпионы:
– Мен Үндістанда өткен пауэрлифтингтен Азия чемпионымын. Бұл чемпионатқа 20 мемлекеттен 500 спортшы қатысты. Осындай үлкен бәсекелестікке қарамастан, жаттықтырушыларымның қажыр-қайраты мен халқымның тілегі болар, бастапқы арманыма қолым жетті.
Мен 74 келі салмақ категориясы бойынша пауэрлифтингтің үшсайысында бақ сынадым. Басында «жеңіске жеттің!» деп бірге барған жаттықтырушым мен әріптестерім құттықтап жатқанда сенбедім. Себебі, бұл менің алғашқы рет осындай үлкен додаға түсуім болатын. Жеңіс тұғырында тұрып, Қазақстанымның мемлекеттік Туы көтерілгенде және мемлекеттік Әнұранымыз орындалған сәтте ғана жеңіске жеткенімді шын сезіндім. Бойымда ерекше бір толқыныс сезімі пайда болып, көзіме жас келді. Жеңістің дәл осындай болатындығын осы кезде түсіндім. Көк байрағымызды көкте желбіретіп, өз еліңнің намысын қолдан бермей, атын әлемге мәшһүр еткенге не жетсін, шіркін. Бұрын Олимпиада ойындарында біздің қазақстандық спортшылар жеңіп, Әнұранымыз орындалып жатқанда өзім де солар сияқты елімді әлемге паш еткім келетін. Олардың осы мезеттегі сезімдерін сезінгім келді. Марапаттау рәсімі кезінде Көк байрағымызды иығыма жамылып шыққанда, басқа мемлекеттердің спортшылары Қазақстанның Туы екендігін бірден түсініп, Астана, Алматы қалаларын бірден естеріне алып жататыны бар. Сондықтан, Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білейік.
Талғат ШАЙКЕН, бокстан Азия чемпионы:
– Жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты биыл Тайландта өтті. Онда мен 64 келі салмақта Түркіменстан боксшысымен ақтық бәсекеге шығып, жеңіске жеттім. Сөйтіп, жаттықтырушым Қуат Бейсенбаев пен әріптестерімнің, туған-туыстарымның үмітін ақтадым. Алдағы уақытта Венгрияда өтетін әлем чемпионатына дайындық үстіндемін.
Жеңіс тұғырына көтерілгенде әрине, ерекше сезімде болдым. Рингта жеңіске жеткен сәтімде иығыма Қазақстанның Туы жабылғанда да қатты қуандым. Ал, Әнұранымыз шырқалып, Көк байрағымыз көтерілгенде, мүлде ерекше толқынысқа бөленеді екенсіз. Сол кезде өзіңнен бақытты жан жоқ сияқты көрінеді. Біздің Туымыз өзге елдердің символдарды зерттеуші мамандарының пікірінше, өзіндік бейнелілігімен, сипатымен жоғары бағаға ие екендігін білетінмін. Басқа мемлекеттердің жалауларына қарағанда біздің аспан түстес байрағымыз шынымен де әдемі. Ал, шет елде осындай ірі додаларда Әнұранымыз шырқалғанда және оның сенің құрметіңе орындалғанда бойыңды бір селт етерлік сезім билеп, толқисың. Осындай жеңісті сәттерді барша қазақстандық спортшыларға тілеймін. Өзге елді мойындатып, қазақтың рухын асқақтатып, Әнұранымызды шырқата түсетін күндер көп болсын.

Жазып алған Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар