Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолда бар қаржы тиімді игерілсін - АРҚА АЖАРЫ

Қолда бар қаржы тиімді игерілсін

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат мәжілісінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинап шығару, оларды кәдеге жаратып, қайта өңдеу мәселелері талқыланып, нақты міндеттер белгіленді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аппарат мәжілісін бастамас бұрын облыс әкімі жиналғандарға алдымен жуырда тағайындалған облыстық әділет департаментінің басшысы Қазыбек Шәймерденовты таныстырды.
Аппарат кеңесінің күн тәртібіне сай алғашқы мәселе бойынша облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіровтің баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолға алынған былтырғы жылдан бастап, облысымызда барлығы 426 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оған қоса, 8 шақырым инженерлік желі жөнделген. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылыс жинақтау есебінен жалдамалы және
несие арқылы берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу жоспарда бар.
– Биылғы жылға 9,7 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде 6,1 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 2,3 миллиард теңгесі облыстық бюджет есебінен бөлінеді. Ал, 1,3 миллиард теңге «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы тартылатын қаржы үлесінде. Биылғы жылы жалпы аумағы 29 мың шаршы метр жалдамалы 14 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Марат Әубәкіров өз баяндамасында.
Облыс басшысы Бурабай ауданы, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдеріне «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдарға қарастырылған қаржыны уақытында бөлуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Хамзин баяндап берді. Облыста 544 полигон болса, оның 119-ның құжаттары рәсімделген, 35-і санитарлық және экологиялық талаптарға сай. Жерді рәсімдеу шығынды қажет етпейді. Алайда, аудан әкімдері тарапынан бұл бағытта жұмыс нашар жүргізілуде. Дегенмен, облыс бойынша елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту бойынша жүргізіліп жатқан нақтылы шаралар жоқ емес. Мәселен, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп, «Қоршаған ортаны қорғау бо-йынша шаралар» бағдарламасы шеңберінде аудандар мен Көкшетау қаласы үшін құрамында сынап бар шамдар мен термометрлер және батарейкаларға арналған 200-ге жуық контейнерлерді сатып алып, жергілікті әкімдіктерге тапсырған. Оған қоса, қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғатты қорғау шаралары шеңберінде 22,6 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Жиында осы мәселе бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көшекбай Біржекеевтің де есебі тыңдалды.
Аппарат мәжілісін қорытындылаған облыс басшысы айтылған барлық мәселелерді назарға алып, жауапты ведомстволардың басшыларына тұрғын үй құрылысын және санитарлық тазалықты арттыру бағытындағы жұмыстарды ширату міндетін жүктеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар