Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіподақ қозғалысы дамытылып, жастар саясаты пәрменді жүзеге асырылсын - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіподақ қозғалысы дамытылып, жастар саясаты пәрменді жүзеге асырылсын

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірдегі мемлекеттік мекемелерде кәсіподақ қозғалысының дамуы, жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың барысы пысықталды және жаңа міндеттер белгіленді.

Бұл жолғы аппарат кеңесі облыстық туризм басқармасының жуырда тағайындалған басшысы Данияр Идиятовтың ант қабылдауымен басталды. Кеңестің күн тәртібіне шығарылған алғашқы мәселе бойынша Ақмола облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметовтың хабарламасы тыңдалды. Қазіргі уақытта өңірдегі аумақтық «Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтар ұйымының 74 577 мүшесі бар болса, олардың 1169-ы бастауыш ұйымдар мен 10 салалық ұйымдарды құрап отыр. Кәсіподақтардың жаңа ұйымдарын құру жұмыстары жүргізілуде. Негізінен кәсіподақтар еңбекті ұйымдастыру жайын бақылайды, еңбек туралы заңдылықтардың сақталуы мен орындалуын қадағалайды. Біздің жүргізген сараптамамыз бойынша кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағынан қорғалуы жоғары болып отыр. Соңғы жылдары кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, олардың шипажайларда емделуіне жеңілдіктер жасалып келеді. Біз өз өңіріміздегі «Щучинск», «Зеленый бор», Қызылорда облысындағы «Жаңақорған», Түркістан облысындағы «Манкент» шипажайларымен келісім жасап қойдық. Хабарлама жасаушы өз сөзінде кәсіподақ қозғалысын жандандырудағы кейбір өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерге де тоқталды.
Аппарат кеңесінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тимур Ысқақов жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың барысы туралы баяндады. Баяндамашының айтуына қарағанда, бүгінгі таңда облыста мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыруға, жастарды қолдауға және жан-жақты дамуына бағытталған жүйелi жұмыстар жүргiзiлуде.
Қазіргі уақытта облыста 148996 жас-тар тұрады. Бұл жалпы облыс халқының 20,2 пайызын құрайды. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберiнде облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары құрылды. 20 орталық жұмыс iстеп тұр. Аталмыш орталықтарда әр адамға тегiн психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға көмек көрсетiледi.
Жастарды жұмыспен қамту мәселесіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2018 жылдың екінші тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1 пайызды құрады, бұл республикалық деңгейден 0,8 пайызға төмен. 2018 жылдың екінші тоқсанында «NEET» жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 6,1 пайызды құрады, бұл республикалық деңгейден 1,6 пайыз төмен.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың басында 3872 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 1842-сі ауылдық жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 139 адам, ал жастар практикасына 448 адам жiберiлдi. Жалпы, биылғы жыл басында жұмыспен қамту органдарымен 3749 адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы халықты жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдай жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 2018 жылғы
1 тамыздағы жағдай бойынша 241 адам 40,6 миллион теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды. Оның басым көпшілігі яғни, 183-і білім саласындағы мамандар. Оған қоса, 308 адамға 1044,3 миллион теңге көлемінде бюджеттiк несиелер берілген. Облыста 65 жастар бiрлестiгi тiркелсе, оның 45-і ғана жұмыс iстейдi. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.
– 2018 жылы жастар саясаты мәселелерi басқармасымен маңызды әлеуметтiк жобалардың конкурстарын өткiзу үшiн 11 лотқа 54388,0 мың теңге бөлiндi. Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалған. 2017-2018 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлері саны 276 адамға жеттi. 2018 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 миллион теңге бөлiндi. Жас-
тар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 39 ұйымында және облыстың 4 iрi кәсiпорнында жұмыс iстейдi, – деді Тимур Ысқақов өз баяндамасында.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин барлық ведомстволардың басшыларына мемлекеттік мекемелерде кәсіподақ қозғалысының дамуы, жастар саясатын жүзеге асыру бағытында қолға алынған жұмыстарды ширатуды айта келіп, жаңа міндеттер жүктеді.

Аслан Оспанов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар