Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағайындау - АРҚА АЖАРЫ

Тағайындау

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Степногорск қалалық мәслихатының кезектен тыс 13-ші сессиясына қатысып, депутаттардың келісімін алғаннан кейін өндірістік қаланың жаңа әкімін тағайындап, қала активінің жиынында алда тұрған бірқатар міндеттерді айқындап, нақтылы тапсырмалар берді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және қалалық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауы негізінде облыс әкімінің өкімімен Еркебұлан Баяхметов Степногорск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Қала активімен кездескен облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту тұрғысындағы Елбасының тапсырмалары туралы таратып айта келіп, алда тұрған бірінші кезекте атқарылуға тиісті жұмыстарды саралап берді. Міндет межесімен бірге жаңа тағайындалған қала әкімі мен активіне сенім білдірілді.

Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов 1972 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «ДОС Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншілес кәсіпорнының «Кең-Дала» биржасында заңгер болып бастаған.
1995-2004 жылдары аралығында Петропавл қаласында түрлі жауапты қызметтерді атқарған. 2004-2009 жылдары аралығында Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінде аға инспектор, «Қазтеміртранс» АҚ филиалы директорының орынбасары лауазымдарында болды.
2009-2018 жылдары аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақмола облыстық филиалының директоры, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының директоры, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржы директоры қызметтерін атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар