Search Results for: Рухани жаңғыру

Ұлттық құндылықтар ұлағаты

Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Н.Назарбаев кез-келген жаңғырудың ең алдымен ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтқан болатын. Еліміздің өркендеп дамуына бағытталған мемлекеттік маңызға ие ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруда мәдениет саласының, соның ішінде музейлердің алар орны ерекше. Өскелең жас ұрпақты өлкеміздің тарихымен, оның көрікті жерлерімен және киелі нысандарымен таныстырып, салт-дәстүрлеріміздің озық үлгілерін келер ұрпаққа жалғастыру және насихаттау – бүгінгі таңдағы зор міндеттердің бірі. Ата-бабаларымыздың бойымызға сіңірген игі қасиеттерін ұрпақ санасында жаңғырту бағытында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына қарасты Көкшетау қаласының тарихы музейі жүзеге асырған игілікті іс-шаралардың бірі – «Қолөнер – қасиетті төл өнер» атты музейлік жоба. Жалпы, мәдениеті мен өнері, қолөнері, ою-өрнектері мен зергерлік әшекей заттары арқылы әр ұлттың өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктерін аңғаруға болады. Халық ісмерлерінің…
Read More

Мемлекет басшысы Мəдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Президентке мəдениет, спорт, туризм, архив, кинематография салаларында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Сонымен қатар биыл өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын және өзге де атаулы мерейтойлық даталарды атап өтуге байланысты жасалатын жұмыстардың жайы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жұмысы, «Кинематография туралы» Заңға енгізілетін толықтырулар жөнінде айтылды. Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына Токио Олимпиадасына дайындық жұмысы, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу бойынша мəлімет берді. Ақтоты Райымқұлова пандемия кезінде ішкі туризмге сұраныстың арта түскенін жеткізді. Саланы ынталандырудың тиімді тетіктерінің бірі – балалардың демалыс орындарына ұшақпен баруын субсидиялау екенін, осыған қатысты тиісті түзету «Туризм қызметі туралы» Заң жобасына енгізіліп, республикалық бюджеттік комиссия тарапынан…
Read More

Көненін көзі, өткеннің өзі

немесе астаулар мен ас табақтар сыры Биыл қазақ елі өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы бір ерекше жыл Ерейментау аудандық тарихи-өлкетану музейі үшін аса қастерлі, өйткені, дәл сол 1991 жылы 1948 жылы салынған қаламыздың ең алғашқы үйінде музейдің ашылу салтанаты болған еді. Кезінде музей қызметкерлері, аудандық партия комитетінің, аудандық мәдениет бөлімінің және аудан жұртшылығының қолдауымен мыңдаған жәдігерлерді жер-жерлерден жинақтап, музей қорын молайтып алған болатын. Бүгінде аудан халқының өткен өмірін, тұрмыс тіршілігін, әдет-ғұрпын көз алдыңа келтіретін құнды жәдігерлердің көпшілігі музейіміздің этнография залындағы сөрелерден орын тепті. Соның ішінде қолөнер мұрасы болып, шебер-ұста бабаларымыздың ағаштан ойып жасаған оннан астам астау-астабақ коллекциясы көзіңе оттай басылады. Бертін халқымыздың ас мәзірінде сирек пайдаланылған бұл жәдігерлер тәуелсіздік алған жылдардан бастап еске алына бастағаны шындық. Алғаш рет үш астау мен бір ас табақты Бөгенбай батыр музейіне тапсырған…
Read More

Жеткен жетістіктер қуантады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласын өте ауқымды сараптамадан өткен құжат деп ойлаймын. Мақаланы  оқып отырып, еліміздің өткені және келешегі көз алдыңа келеді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жетістіктерімізге қуанып, кемшіліктерімізді қайта қарауға, болашақты межелеуге бағдар береді. Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, Елбасының басшылығымен Қазақстанның іргетасы қаланғанын зерделеп жеткізген. Яғни, алғашқы онжылдық – мемлекетіміздің нысандары белгіленді, ұлттық валюта енді, Қарулы Күштер құрылды, шетелдік дипломатиялық қатынас орнады, «Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды, елорда Арқа төсіне көшті, жастарға мүмкіндіктер берілді, шетте жүрген қандастар ата  жұртқа шақырылды, рухымыз көтерілді. Екінші онжылдық – еліміздің керегесі кеңейді. Экономикамыз өсті, шекарамыз айқындалды, тарихымыз түгенделді, ынтымақ, сенім сияқты маңызды халықаралық жобалар орындалды, инфрақұрылым қолға алынып, үй құрылысы да қарқынмен дамыды. Үшінші онжылдық – өркендеу, даму жолы. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы…
Read More

Өз ерлерімізді тани түстік

Қазақстан егемен ел атанып, дербес мемлекет болғаннан бері халық қамы үшін экономикалық және әлеуметтік салаларда бірталай шаруалар атқарылды. Бүгінде қазақ елінде өзінің Ата Заңы, Қарулы Күштері, әлем халқы танитын Елордасы, жалпы, ел болуы үшін не қажеттің барлығы бар. Күні кеше «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында да еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен әлі де көңіліміз толмай келе жатқан мәселелер жайлы ашық айтты. Мен Целиноград ауданының Қараөткел ауылында дүниеге келіп, сол өңірде ат жалын тартып өскен азаматпын. Бүгінде тарихшы, әдебиетшімін. Халқымыздың ұлы мұраты – ел тәуелсіздігіне қолымыз жеткелі Президентіміз айтып өткендей бірқатар ауқымды істер атқарылды. Өшкеніміз жанып, бұрмаланған тарихымыздың шындығын ұрпаққа еркін айта алатын жағдайға ие болдық. Жалпы, Целиноград ауданына келсек, бұл мекен Тәуелсіздіктің шарапатын көп көрді. Елордамыз оңтүстіктен Арқаға көшірілгеннен кейін, оның…
Read More

Халық қасіретін еске салатын ескерткіш Нұресіл ауылының төрінен орын алды

Халқымыздың басынан небір зұлмат замандардың өткендігі белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ не көрмеді? Нендей зобалаңды бастан кешпеді?! Бәрі тарих беттерінде сайрап жатыр. Астаналық өңірдің ірі меценаты Марат Есенжолұлы Қамзебаевтың авторлығымен дүниеге келген ескерткіш кешені тарихтың ақтаңдақ беттерінен сыр шерткендей. Бұл композиция халқымыздың басынан өткерген қайғылы оқиғалар кезеңін қамтиды. Анығын айтқанда, Қазақстандағы 1928-1933 жылдардағы ақсеңке ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы сталиндік қуғын-сүргін және 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс. Ескерткіш кешеніндегі тас тақтаға Отан қорғау үшін майданға аттанған өрімдей жігіттердің есімдері қашалып жазылған. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі зұлым жаумен шайқаста ұрыс даласында мерт болды. Ерлер даңқын халық есінде сақтау, ел азаматтарының жүрегінде патриоттық сезім ұялату бүгінде басты міндет болып саналады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы іске ұйытқы болғандығы баршамызға аян. Сол кездегі мемлекет басшысының тапсырмасымен…
Read More

Ғасыр жасаған мәдениет ошағы көне тарихтан сыр шертеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқан көне мәдени мекемелердің бірі – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі. Бүгінде бір ғасырлық тарихы бар облыстық музей өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Тамыры терең тарихтан сыр шерткен мәдениет ошағы  1920 жылы көрнекі құралдардың музейі ретінде уездік халыққа білім беру бөлімі жанында құрылып, алғашқы жұмыстарын бастаған болатын. Сол жылы көрнекі құралдары музейінің меңгерушісі болып педагог, ғалым И.С.Хохлов еңбек еткен. Иван Степановичтың есімі Көкшетау уезінде жүргізілген алғашқы тарихи-өлкетану зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты. Бірінші музей қоры қаланың мектеп жинақтамаларынан жиналған тарихи маңызы бар 130 жәдігерден құралып, олар білім беру бөлімі бөлмелерінің біріне қойылады. 1922-1928 жылдар аралығында біздің өңіріміздегі бірқатар археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуінің арқасында көптеген құнды заттар табылып, артефактар еліміздің ірі археологтарының, оның ішінде КСРО ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.А.Спицын, антрополог, профессор В.В.Бунак,…
Read More

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын

Қазақстан егемен ел атанып, дербес мемлекет болғаннан бері халық қамы үшін экономикалық және әлеуметтік салаларда бірталай шаруалар атқарылды. Бүгінде қазақ елінде өзінің Ата Заңы, Қарулы Күштері, әлем халқы танитын Елордасы, жалпы, ел болуы үшін не қажеттің барлығы бар. Күні кеше «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында да еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен әлі де көңіліміз толмай келе жатқан мәселелер жайлы ашық айтты.  Мен Целиноград ауданының Қараөткел ауылында дүниеге келіп, сол өңірде ат жалын тартып өскен азаматпын. Бүгінде тарихшы, әдебиетшімін. Халқымыздың ұлы мұраты – ел тәуелсіздігіне қолымыз жеткелі Президентіміз айтып өткендей бірқатар ауқымды істер атқарылды. Өшкеніміз жанып, бұрмаланған тарихымыздың шындығын ұрпаққа еркін айта алатын жағдайға ие болдық. Жалпы, Целиноград ауданына келсек, бұл мекен Тәуелсіздіктің шарапатын көп көрді. Елордамыз оңтүстіктен Арқаға көшірілгеннен кейін, оның…
Read More

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап…
Read More

«Құлагер» байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Болашақ сарайында» өткен «Құлагер» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімінің қолдауымен өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Құлагер» байқауының жүлдегерлері он номинация бойынша анықталды. Биыл халқымыздың ұлы тұлғалары Әл-Фараби және Абайдың 1150 және 175 жылдық мерейтойы болғандықтан, осы екі ойшылдың шығармашылығына арналған үздік жұмыстарға да «Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы» секілді бөлек номинация тағайындалыпты. Жалпы, биыл облысымызда мәдениет пен әдебиеттің дамуына зор мән берілді. Бұл ретте, ақын-жазушыларға облыстық әкімдік тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын да айтпай кетуге болмайды. Үстіміздегі жылы көкшелік ақындардың жыр жинақтары шығарылса, күні кеше Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» атты туындысы жеке кітап болып жарық көрді. Сонымен қатар, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жұмыстары жеке еңбек болып басылды. Байқау жеңімпаздарын…
Read More

Бір жылда 37 жоба іске асырылды

Таяуда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен онлайн форматта отырыс болып өтті. Онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылы іске асырылуының нәтижесі мен 2021 жылғы жұмыс жоспары туралы» мәселе қаралды. Аталмыш шараға Ақмола облысының 17 ауданы мен 2 қаласының мемлекеттік мекемелерінің, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер және құжаттамалар, туризм бөлімдерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. – Жыл басында әзірленіп бекітілген облыстық жоспар мен республикалық жоспар негізінде, оларда көрсетілген жобалардың концептуалдық ұстанымдары ескеріле отырып, «Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің 2020 жылға арналған жоспары» әзірленіп, бағдарлама қағидаттары мен идеялық құндылықтарына қол жеткізу бағытында орындалуы тиіс 27 жоба мен іс-шара жоспарланған болатын,…
Read More

Екі жүзге жуық бала батырлар жырын жатқа оқыды

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Бабалар рухы – балаларға» атты облыстық онлайн байқауы болып өтті. Жыр додасына Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Ақкөл, Бурабай, Астрахан, Целиноград, Қорғалжын, Есіл, Аршалы, Егіндікөл аудандарынан барлығы 7-14 жас аралығындағы екі жүзге жуық жас өрен қатысты. Бізді ең әуелі батырлар жырын жатқа оқыған, білмекке ұмтылған білімпаз екі жүзге жуық баланың талабы қуантты. Себебі, Елбасы айтқан Ұлттық жаңғырудың бір тармағы қазақтың осы ерлік баянында, жауһар жырында жатқандығы даусыз ғой. Сонымен қатар, ұрпағымыздың тамырынан ажырамауы үшін де қажет қарекет бұл. Батырлар жырының ұлт руханиятында алар орны ерекше. Осы орайда, байқауды ұйымдастырған Ақмола облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұлттық құндылықтарды дәріптеуде атқарып жатқан еселі еңбегін атап өтуіміз керек. Ендігі орайда, бұл бастаманы жыл сайын дәстүрлі етіп тұрсақ, құба-құп. Жыл сайын лек-легімен батырлар…
Read More

Тәуелсіз елдің болашағы – саналы ұрпақта

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары бой көтеріп, бүлдіршіндерді тәлім-тәрбие мен білімнің бал-бұлағына сусындатып жатқан қаншама заманауи үлгідегі балабақшалардың жұмыс істеп тұрғаны ғасырлар бойы аңсап жеткен егемендіктің жемісі, нәтижесі. Солардың бірі осыдан 10 жыл бұрын ел тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында балғын бүлдіршіндерге құшағын айқара ашқан Көкшетау қаласындағы №7 «Айша» балабақшасы. Бұлай қазақ балабақшаларының ашылуы тәуелсіздік жеткізген ұлт мұраты деп есептеуге болады. Отбасынан кейінгі ұлтты тұтастыруға, ұлттық сананың дәнін егуге, ұлттық рухтың негізін қалыптастырып, ана тілінің уызына жарыған отаншыл ұрпақты тәрбиелеуге ең күшті ықпал ететін ошақ – қазақ балабақшасы. Яғни, «Айша» секілді қазақ балабақшалары мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың ең маңызды сатысы болып саналады. Өйткені, ертең қазақ мектебіне баратын, кейінгі күні маман болып қазақ тілді қоғамды қалыптастыратын ұлт үміті, ел болашағы бүгін дәл осы балабақшаларда өсіп жатыр. Көрікті Көкшетаудың орталығында орын тепкен «Айша»…
Read More

Абай клубы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Макин орта мектебінде «Абай» клубының ресми ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, клуб мүшелері қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Толыбай Рақымжанов Абай кабинетін салтанатты түрде ашып, лентасын қиды. Клуб мүшелігіне шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын оқушылар қабылданып, «Абай» клубының куәлігі таратылды. Жиын барысында сондай-ақ, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Өмірзаққызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәнсия Сәбикенқызы клуб мүшелігіне қабылданған оқушыларды құттықтап, Абай мұрасы кеңінен насихатталуы, өскелең ұрпақ ұлы ақын туралы білуі тиіс екенін айтты. «Абай» клубының  мақсаты Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Клуб жұмысы барысында отырыстар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, суреттер байқауы ұйымдастырылып, эссе, шығарма жазу, газет беттеріне мақала жариялау, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін…
Read More

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын

Қазақстан егемен ел атанып, дербес мемлекет болғаннан бері халық қамы үшін экономикалық және әлеуметтік салаларда бірталай шаруалар атқарылды. Бүгінде қазақ елінде өзінің Ата Заңы, Қарулы Күштері, әлем халқы танитын Елордасы, жалпы, ел болуы үшін не қажеттің барлығы бар. Дегенмен, көңіліміз толмайтын да тұстардың бары анық. Мен Целиноград ауданының Қараөткел ауылында дүниеге келіп, сол өңірде ат жалын тартып өскен азаматпын. Бүгінде тарихшы, әдебиетшімін. Ал, енді, халқымыздың ұлы мұраты – ел тәуелсіздігі не берді деген сауалға жауап берсек, қазақ халқы көп нәрсеге қол жеткізді. Өшкеніміз жанып, бұрмаланған тарихымыздың шындығын ұрпаққа еркін айта алатын жағдайға ие болдық.  Жалпы, Целиноград ауданына келсек, бұл мекен Тәуелсіздіктің шарапатын көп көрді. Елордамыз оңтүстіктен Арқаға көшірілгеннен кейін, оның айналасындағы елді мекендерге де көп көңіл бөлініп, олардың да дамуына ерекше ден қойылды. Ауылдар бой көтеріп, ескілері жаңара түсті. 1986…
Read More