Search Results for: Рухани жаңғыру

Көшпелі өмір өнерге құлшындырған

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін атқарылған тағдыршешті істерді айтпағанда, Тәуелсіздіктің халқымызға берген тағы бір игі жемісі – егемендік жылдары озық ойлы, білімді буынның өсіп жетілуі. Солардың алды – Тәуелсіздік құрдастары. Біз бүгін әңгіме еткелі отырған Тәуелсіздік құрдасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, жерлесіміз Манарбек Қыдырбайұлы. Ол 1991 жылдың 26 қыркүйегінде Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Көксерке тауының бөктерінде дүниеге келген. Отбасы атажұртқа қоныс аударғанда оның жасы 13-те болыпты. – Әкемнің аға бауырлары еліміз егемендік алған жылдары Көкше өңіріне алғашқы лекпен көшіп келген болатын. Ал, біз 2005 жылы осында біржола қоныс аудардық. Әкемнің отбасымызды Қазақстанға көшірудегі мақсаты ұрпағын өзінің ата қонысына жеткізу болатын. Қанша жайлы болса да, ата жұртқа жететін мекен жоқ. Кез-келген ел өзінің идеологиясын жүргізетіні түсінікті. Өзіміздің салт-дәстүрімізді, қазақтығымызды жоғалтау үшін осындай қадамға бару қажет…
Read More

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек…

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени- ағартушылық жобасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этноfashion» ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақтардың көпғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетінің бейнесіне айналған және ежелгі халықтың қалыптасуының барлық ерекшеліктерін бойына сіңірген қазақтың ұлттық киімін насихаттау болып табылады. Төрт кезеңнен тұрған байқауға облысымыздың барлық қалалары мен аудандары белсене қатысты. Бірінші күні сән сахнасына Ақкөл, Жарқайың, Жақсы және Ерейментау аудандарынан әйелдер мен ерлердің ұлттық киімдерін киген қатысушылар шықты. Әр аудан ұлттық нақыштағы әшекейлері бар қазақ киімінің үш нұсқасын ұсынды. Даңқты көшпенділердің мақтанышына айналған және қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған киімдері арқылы қатысушылар жиналған жұртшылықты ұлттық киімдерге жаңаша көзқараспен қарауға үндеді. Сан алуан түсті, жарқын декорлы және ықшамдалып тігілген киімдерді киген қатысушылар бүгінгі таңда дәстүрлі…
Read More

Батаменен ел көгерер…

Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің Наурыз мерекесіна орай ұйымдастырған «Батаменен ел көгерер...» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетіп, жарқайыңдық Сәрінжіп Ақзамиденов жеңімпаз атанды. Бата – қазақ халқының ауыз әдебиетімен, дінімен біте қайнасқан игі дәстүрлерінің бірі. Кез-келген істі бастар алдында Алладан рақым тілесе, үлкеннен бата сұраған. Қазақ – артында өнегелі өсиеттері қалған айтулы абыздар мен әділ билігімен есімдері елінің есінде сақталған Төле, Қазыбек, Әйтеке билер сынды тарихи тұлғалардың баға жетпес баталарымен сусындап өскен халық. Сондықтан, батаны жұртымыз қариядан, абыз ағадан, өнегесі мол үлкеннен сұраған. Сол себепті, бұл байқау  ел ішінде аузы дуалы, батагөй, қазыналы қариялар мен ақсақалдарды таныту, «Бата беру» дәстүрінің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында өткізілді. Айте кетсек, батагөйлер байқауы облыстық деңгейде ең алғаш 2017 жылы облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен болатын. Сайыстың ауқымы кеңейіп, жалғасын табуы көңіл…
Read More

Басқармалардың жұмысы қаралып, міндеттер жүктелді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары шығарылып, бүгінгі күн талабынан туындайтын жаңа міндеттері белгіленді. Облыс әкімі әкімдік мәжілісін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органдарда орын алған бірқатар кадрлық өзгерістер жайлы хабардар етті. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Бауыржан Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметіне тағайындалса, облыс әкімінің өкімімен Владимир Кулаков Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, ал, Мәди Рымжанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының директоры болып тағайындалды. Қала және аудан әкімдері, ведомство басшылары қатысқан әкімдік мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе – облыстық ішкі саясат басқармасының 2020 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлары туралы аталған мекеменің басшысы Алтынай Әміренова баяндама жасады. –2020 жылы басқарманың…
Read More

«Тұсаукесер» рәсімінен бастады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық мемлекеттік архивтің ұжымы Ұлыстың ұлы күнін тойлауды «Тұсаукесер» рәсімімен бастап кетті. Рәсімде Әдия есімді бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ол – Құнанбаевтар әулетінің тұңғыш немересі. Ата-анасы әдебиет және өнер музейінің бас қор сақтаушысы Сара Қожахметоваға ұқсасын деген ниетпен бұл рәсімді сол кісіге аманаттапты. Бүлдіршіннің әжесі Гүлнәр Құнанбаева: – Осындай рәсімге қатысып жатқанымызға қуанышымыз шексіз. Немерем Сара әжесіндей еңбекқор, үлкен азамат болсын деп тілеймін, – дейді. Сондай-ақ, мемлекеттік архив ұжымы «Облыс тарихының архив құжаттары» жобасы аясында ашылған «Жас зерттеуші» клубының мүшелерімен түрлі сайыстар өткізбекші. Айта кетейік, бұл клубқа Көкшетау қаласының орта мектептері мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары тартылған. Сайыстар салт-дәстүр, халық әндері, ауыз әдебиеті, қолөнер шеберлігі және ұлттық ойындарға байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, облыстық архивтің ұжымы қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындау…
Read More

Құрылысқа ұлттық нақыш қажет

немесе Наурыз мейрамымен өзектес ой Өңірімізге қарасты өзге аудандарды айтпағанда, облыс орталығы Көкшетау қаласы жыл санап жасанып, жайнап келеді. Көптеген жаңа құрылыс нысандары бірінен соң бірі көз ілеспес жылдамдықпен салынып жатыр. Санаулы уақыт ішінде «Сарыарқа» деп аталатын жаңа мөлтек ауданы да бой көтерді. Бұл жерде күн санап, жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Көз қуанады, көңіл марқаяды дейді осындайда. Алайда, салынып жатқан сол нысандардың бірінде ұлттық нақыштар неге жоқ? Қазақстандық сәулетшілердің қолтаңбасы айқындалып тұратындай ұлттық реңк, ұлттық бояу көрініп тұруы тиіс емес пе? Жалпы кез-келген елге саяхаттап бара қалсаңыз, сол ұлттың тарихынан, мәдениетінен, рухани құндылығынан хабардар беретін сол елде бой көтерген тарихы нысандар мен ғимараттар емес пе? Сол себепті де, бұл мәселеге жүрдім-бардым қарауға болмайды. Өйткені, ұлт тарихи – ұрпақ болашағы. Бір ғана мысал, Германияның Берлин қаласында түріктер көп шоғырланған Кройцберг…
Read More

Ел сыйлаған азамат

Өткен ғасырдың басында болған тарихи оқиғалар Ақмола өңірінің күншығысында жатқан Ерейментау елін айналып өткен жоқ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың қанды қырғыны өрт болып, қазақ даласына түгелдей жайылды. Бұл оқиғаны көзімен көргендер ақ патшаның зұлымдығын, қырға арнайы шығарылған қандықол әскерінің құдай кешірмес ісін өле-өлгенше айтып өтті. Соны біз де ата-әжемізден талай естідік. Ереймен көтерілісінің оқиғасын өз көзімен көрген Сәкен Сейфуллин де «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында жан-жақты суреттей алған. Арқа жерінде осындай аталмыш оқиғалар әр жерде оқтын-оқтын болғанымен, дәл Ереймендегідей тойтарыс бергендері ілуде біреу. Соның есесінен Қанжығалы елі көп қағажу көрді. Бірақ, рухы биік батырлар елі, қару-жарағы сәйкес келмесе де, өзінің өр мінезінің арқасында қалың жасақты қоғадай жапырды. Сол шайқастарда ерен ерлігімен көзге түскен жас батырлардың бірі – Жанайдар. Қар түскенше арыстандай арпалысқан ел азаматтары азаттық туын қолдарынан түсірген жоқ. Жазықсыз…
Read More

Латын әліпбиіне көшу – ұлт дамуының жаңа белесі

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қалалық әкімдігінде «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін көпшілікке таныстыру және насихаттау мақсатында өткен бұл жиынға қалалық және аудандық оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тіл жанашырлары қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ашып, жүргізіп отырған облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті деп те айтуға болады» деді. Яғни, қазақ тіліне деген көзқарас осы реттен жаңылмай, парыз деген жалпы ұғымнан міндет деген нақты ұғымға айналуы керек екені баршамыздың көңілімізден шығып отыр. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен ұлттық комиссияның отырысында жаңа әліпбидің мақұлдануы халық арасында қолдау табуда, – деді. Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы…
Read More

Тағылымды тарих пен қазыналы білім ордасы

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ашылғанына биыл 75 жыл толып отыр. Қасиетті де қастерлі мереке – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келіп отырған бұл айтулы оқиға мазмұнды іс-шараларға толы болмақшы. Ұлы Отан соғысы аяқталғанына бір жыл толар-толмаста 1946 жылы 15 ақпанда Көкшетау облыстық атқару комитетінің шешімімен қалалық орталық кітапханаға облыстық кітапхананың мәртебесі берілді. Жеті адам ғана еңбек еткен кітапхананың сол кездегі кітап қоры небары 7 мың дананы құраған. Соның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны бар болғаны 365 дана екен. 1954 жылы облыстық кітапхана директоры болып соғыс ардагері Сейітжан Елеусізов тағайындалады. Отан үшін от кешкен педагог өзінің елжандылығымен ерекшеленген. Облыстық кітапхананың келешегі өзіне жүктелгенін түсінген басшы ұжымның басым бөлігі әйелдер болғандықтан, «қайтсем әйелдер жұмысын жеңілдетем» деген сұраққа жауап іздеп, мүмкіндігінше жағдай жасапты. Кітапханаға Мәскеудің мәдениет институтының түлегі Александра Ивановна Белан…
Read More

Ел тарихының тамыршысы Сайлау ақын

Халқымызда «өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деген аталы сөз бар. Осы бір нақылға сүйенер болсақ, қамшының сабындай қысқа ғұмырда шама келгенше бір-бірімізді биікке көтеріп, барымызды әспеттей білу керек шығар деп ойлаймын. Біздің осы бағыттағы бір-екі ауыз сөзіміз Ерейментау елінің белгілі азаматы, ақын, жазушы, өлкетанушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ерейментау және Баянауыл аудандарының Құрметті азаматы Сайлау Байбосын жөнінде болмақшы. Пайғамбар жасына жетіп отырған Сайлау ақын, қаламгер, әріптес аға, жерлес бауыр ретінде жайлы аздаған пікір білдіргім келді. Ерейментауды ақындар мен батырлар елі деп жатамыз. Шынында да, бастауын Бөгенбай батырдың жорық жырауы Үмбетей бабамыздан алатын ақындық дәстүр Бапан, Саққұлақ, Олжабай, Сәкен халфе, Молдажан, Төлеш, Сәбит, Имақан, Бекболат, Аманжол болып бүгінгі заманға ұласқан. Осы дүлдүлдердің өлең-жырларын жас күнінен жанына серік қылып өскен Сайлаудың алғашқы тырнақалды жырлары сонау кеңес…
Read More

Әйгілі актрисаның өмірлік өнер мектебі

Баспадан Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысованың 80 жылдығына орай, өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмірлік өнер мектебім» атты кітабы жарық көрді. Актрисаның бар саналы ғұмыры шынайы да әсерлі суреттелген кітаптың тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, өнер иесін көктемнің көрікті мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен және кітабының шығуымен құттықтады. Кітапты облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова құрастырып шығарып отыр. Кітаптың тұсаукесері Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығы мен Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында өткенінде үлкен мән бар. «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен бұл шығармашылық кешке облыстың танымал ақын-жазушылары, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Кешті талантты өнерпаз Ерлан Мұхамедияров жүргізіп, актрисаның киелі театр сахнасында өткен жемісті жылдары мен жеңісті жолдары туралы…
Read More

Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент

Тәуелсіздік құбылысы Ұлы дала төріндегі Мәңгілік ел идеясымен, мемлекеттің қамал-қорғанындай шекарасымен, қорғаныс қабілетімен, ұлттық-тарихи санасымен, ана тілімен, ата дәстүрімен, Ата Заңымен, желбіреген көк Туымен, Елтаңбасымен, Әнұранымен, төл теңгесімен, бірегей рухани құндылықтарымен, ғылыми-шығармашылық әлеуетімен, асқақ та айбарлы астанасымен, ұлы көшті жанартаудай лапылдап, жасындай жарқылдап жаңа өріске бастаушы Елбасымен төркіндес. Елбасының көптомдық «Таңдамалы сөздер», «Тәуелсіздік дәуірі» тәрізді энциклопедиялық сипатқа ие еңбектерінде Тәуелсіздіктің эпопеясы: тарихи әділеттілік салтанаты, мемлекет құрудың стратегиясы, мемлекет құрылымдарын жасақтау, сот билігін қалыптастыру, көші-қон керуенін жүзеге асыру, Қазақстанның еуразиялық көшбасшылығы, мемлекетті басқару жүйесі, Қарулы Күштер реформасы, әлемдік дінбасылардың бас қосуы, мемлекеттік-әлеуметтік саясаты, Қазақстанның бітімгерлік миссиясы, Ұлы дала елі тарихындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жайында толық баяндалған. Ұлт тарихындағы Қазақ хандығы дәуірі – тарихи ерліктер мен рухани игіліктер жасаған, Ұлы далада ту тіккен ардақты, арыстандай айбарлы хандарымыздың, атамекенін қорғаған,…
Read More

Ұлтаралық келісімді нығайтудың жасампаз жолы

Былтырғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін ерекше жыл болғаны белгілі. Себебі, сонау 1995 жылдың 1 наурызында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған ассамблея өзінің 25 жылдығын атап өтті. Осынау айтулы датаның бәріміз үшін ерекше оқиға Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ұласып отырғаны қуанышымызды еселей түсуде. Тәуелсіздік, бейбітшілік, ынтымақ-бірлік ұғымдарын бір-бірінен бөліп жару мүмкін емес. Еліміздің әлемге танылып, экономикасының дамып, халқының бейбіт өмір сүруі егемендіктің арқасында болса, тәуелсіздігімізді одан әрі қарай сақтап қалу ынтымақ-бірлігімізге байланысты. Дана халқымыздың «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген нақыл сөзі текке айтылмаған. Осы орайда, еліміздегі ұлтаралық достықты сақтауға, ынтымақ-бірлікті нығайтуға Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның ішінде өзіміздің облыстық ассамблеяның қосып отырған үлесі зор деп санаймыз. «Қоғамдық келісім» мекемесінің 2020 жылғы жұмысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы…
Read More

Мақсат – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі Президент Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі агенттіктің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жыл сайынғы белгіленген жоспар негізінде жүргізіледі. Өткен жылы Ақмола облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер бойынша 554 мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексі нормалары жөнінде көмек көрсетті. 172 азамат жеке қабылдауда болды. 35 мәрте аудандарда болдық. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормасын бұзу фактілері бойынша облыс әкімдігіне 78 өтініш, оның 49-ы жеке және заңды тұлғалардан, 6-уы мемлекеттік органдардан, 23-і мемлекеттік қызметшілерден келіп түсті. Келіп түскен ақпараттар бойынша 47 қызметтік зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде 35 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін келеңсіз істер бар. Мемлекеттік қызметшінің құқын қорғау аясында 11 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқы мен заңды мүддесі…
Read More

Жеткен жетістіктер қуантады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласын өте ауқымды сараптамадан өткен құжат деп ойлаймын. Мақаланы оқып отырып, еліміздің өткені және келешегі көз алдыңа келеді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жетістіктерімізге қуанып, кемшіліктерімізді қайта қарауға, болашақты межелеуге бағдар береді. Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, Елбасының басшылығымен Қазақстанның іргетасы қаланғанын зерделеп жеткізген. Яғни, алғашқы онжылдық – мемлекетіміздің нысандары белгіленді, ұлттық валюта енді, Қарулы Күштер құрылды, шетелдік дипломатиялық қатынас орнады, «Қазақстан - 2030» Стратегиясы қабылданды, елорда Арқа төсіне көшті, жастарға мүмкіндіктер берілді, шетте жүрген қандастар ата жұртқа шақырылды, рухымыз көтерілді. Екінші онжылдық – еліміздің керегесі кеңейді. Экономикамыз өсті, шекарамыз айқындалды, тарихымыз түгенделді, ынтымақ, сенім сияқты маңызды халықаралық жобалар орындалды, инфрақұрылым қолға алынып, үй құрылысы да қарқынмен дамыды. Үшінші онжылдық – өркендеу, даму жолы. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы…
Read More