Search Results for: Рухани жаңғыру

Қоғам тұрақтылығын журналистің ойы мен пікірі орнықтырады

Әлеуметтік дамудың заманауи тенденциялары медиа кеңістікте адамдардың күнделікті өміріне белсенді әсер етеді. БАҚ мемлекеттік органдар мен қоғам,тапсырыс беруші мен тұтынушы арасында ақпарат таратудың негізгі арналарының бірі болып қалатыны даусыз. Бүгінде елімізде БАҚ қызметінің сапалық өзгерісі байқалуда, оны жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді енгізумен, мемлекеттік емес БАҚ сегментінің одан әрі ұлғаюымен байланыстыруға болады. Интернеттегі онлайн-медианың дамуымен қатар әлеуметтік желілер де тарала бастады. Facebook-тің орыстандырылуымен көптеген пайдаланушылар өзін-өзі көрсетудің жаңа түрін – бета-журналистиканы қолдана отырып, әлеуметтік желіге көшті. Осылайша, медианың жаңа бәсекелестері қарапайым адамдар – блогерлер, инфлюенсерлер болды. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығының дамуын сипаттай отырып, тәуелсіздік алған сәттен бастап ол жүзеге асты деп сеніммен айтуға болады. Ал, осы тезистің көрнекі дәлелі облыстың ақпараттық кеңістіктегі құрылымының сапалық және сандық өзгерістері болып табылады. Бүгінде өңірімізде қолданыстағы 97 БАҚ тіркелген, олардың үлес салмағы шамамен…
Read More

«Ертегілер елінде» байқауы мәресіне жетті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық балаларды қорғау күніне орай өскелең ұрпақ арасында ұйымдастырылған «Ертегілер елінде» атты облыстық шығармашылық онлайн байқауы жуырда өз мәресіне жетіп, зеренділік балдырған Олан Науан бас жүлде иегері атанды. Балалар мен жасөспірімдердің ертегілер еліне саяхаттаған шығармашылық онлайн байқауының марапаттау рәсімі «Достар» мәдениет сарайында өтті. Жыл басында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған балалар әдебиетін қолдау мәселесіне орай, биылғы 2021 жыл – «Балалар әдебиеті жылы» деп жариялаған болатын. Осы ретте, облыстағы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі балалардың өздерінің ой-қиялына ерік беріп, олардың шығармашылық қарым-қабілетін анықтап, дамуына жол ашу үшін аталмыш «Ертегілер елінде» байқауын өткізуді қолға алыпты. Шығармашылық доданың шарты бойынша жасөспірімдер мен балалар алғашқы кезекте «Рухани жаңғыру» тақырыбында сурет салса, екінші кезеңінде ойдан ертегі құрастыру қажет болды. Басты мақсаты…
Read More

Бурабайдың баурайындағы мазмұнды жиын

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастауыш тобы – «Жас ұлан» мектеп ұйымының бастамасымен Бурабай аймағындағы «Алмаз» санаторийінде №2 мектеп-лицейінің үздік оқушылары мен белсенділерінің жыл сайынғы алтыншы слеті болып өтті. Форум жұмысына 5-11 сыныптардан 77 делегат қатысты. Олар – оқу озаттары, қалалық пәндік олимпиадалар мен білім турнирлерінің, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегерлері, түрлі шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Дәстүр бойынша слет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Шараның ресми бөлігінде делегаттар сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Қазақ тілінен облыстық олимпиаданың күміс жүлдегері, көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткер, мектебіміздің осы жылғы түлегі Карина Звягина мемлекеттік тілде құттықтау сөз сөйледі. «Жас ұлан» мектеп балалар ұйымының көшбасшысы, 10 сынып оқушысы Гаухар Жәкімова қатысушыларға биылғы оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстары жайлы кеңінен айтып берді. Оқу озаттары мен белсенділер, ғылыми…
Read More

Ерейментаудың туристік әлеуеті зор-аудан әкімі

Ерейментау ауданы Ақмола облысының туристік индустриясын дамытуда алты базалық ауданның бірі болып табылады. Туризм индустриясының нысандарын көбейту үрдісі байқалды - бұл қонақ үйлер мен демалыс орындары, жол бойындағы сервис нысандары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Абай Әлжанов мәлім етті. Әкімнің айтуынша, ауданында туризм және демалыс индустриясында: жол бойында жұмыс істейтін 5 дәмхана, 2 лагерь, 5 демалыс үйлер және 5 қонақ үй бар. Елімізде, әсіресе біздің ауданда туризмнің дамуы тарихи және мәдени көрнекті орындарсыз мүмкін емес. Аудан аумағында киелі орындарға табиғи кешендерге экспедициялар тұрақты негізде жүзеге асырылады. «Экспедиция құрамында жаңа эко-туристік маршруттарды дамытуды ұйымдастыру және аймағымыздың туристік әлеуетін зерттеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазақстанның Қасиетті географиясы жобасының аясында Ерейментау ауданындағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша 20 киелі орын анықталды. Қызғылт түсті «Көбейтұз» «Даналиелла тұзды сулары» микробалдырлары суға қызғылт…
Read More

Мәдениетті қолдау – ұлттық мұрамызды сақтап, дамыту

Халқымыз ежелден төл өнеріміз бен мәдениетімізге ерекше мән беріп, ұрпаққа аманат етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әлем үнемі өзгеріп отырады, жаңа жетістіктер мен технологиялық процестер пайда болады, бірақ мәдениет пен ұлттық дәстүрлер өзгерістерге ұшырамайды», – деп атап өткен болатын. Қазіргі таңда елімізде мәдениет саласын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Нормативтік-құқықтық база құрылып, мемлекеттік бағдарламалардың тұтас кешені қабылданды, Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасы бекітілді, мәдениеттің барлық түрінде дарынды балаларды, талантты жастарды ынталандыру және қолдау шаралары іске асырылуда. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Көкшетау өңірінде 123 кітапхана, 7 мұражай және клуб үлгісіндегі 107 нысан қайта ашылды. Бүгінгі таңда облыста 266 клуб, 344 кітапхана, 11 мұражай, 2 театр, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы жұмыс істейді. Мәдениет саласындағы инфрақұрылымды дамытуға ерекше…
Read More

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, облыстың мәдениет пен өнер саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне шынайы алғысымды айтамын! Қазіргі уақытта өңірімізде Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен жұмыстар жүргізіліп келеді. Барлық жерлестерімді Көкшетау қаласының Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймын! Бурабайда «Рухани қазына – 2021» республикалық фестивалінің өткізілуі және Көкшетау қаласының Қазақстанның 2021 жылғы мәдениет астанасы болып белгіленуі біз үшін зор қуаныш әрі үлкен сенім деп білеміз. Ежелден сал-серілер мекені атанған біздің өңірімізден шыққан таланттарымыздың әлемдік сахнада танылып жүргендіктерін әрдайым мақтаныш етеміз. Бұл орайда «Астана-Опера» театрының солисі Салтанат Ахметова, Санкт-Петербург қаласының Мариин опера және балет театрының әншілері Наталья Спицина мен Дмитрий Федоров, Италия мен Германияның жетекші солистері Алдияр Ерғали мен Қайыржан Жолдыбаев сынды жерлес өнер қайраткерлері қазіргі уақытта өнердің…
Read More

Тіл тәуелсіз болмай, ел тәуелсіз болмайды

Бүгінгідей ақпараттық заманда әлеуметтік желі арқылы қысқа күнде қырық түрлі ақпарат алатын болдық. Әрине, әркім өз деңгейінше, өз ортасына сай ақпаратпен бөлісіп жатады. Оны елеп, екшеп жатқан ешкім жоқ. Бір жақсы хабарға он шақты бұрыс хабар қабаттаса келеді. Соның ішінде ара-кідік кешегі кеңес дәуірін көксеген пікірлер кездеседі. Басқа жұртты қайдам, сондайды көргенде менің есіме талай рет ана тілім үшін көрген қорлықтарым түседі. Әсіресе, алғашқысы мені төбемнен ұрғандай бұқтырып, бүріп тастап еді. 1977 жылы Жаңажол ауылының сегіз жылдық қазақ мектебін бітіріп, Көкшетау қаласындағы облыстық қазақ мектеп-интернатына оқуымды жалғастыруға жаңа келген бетім болатын. Сыныптас қыз екеуіміз интернат жанындағы аялдамадан автобусқа отырып, орталыққа келе жаттық. Екеуара шүйіркелесіп сөйлесіп келеміз. Бір кезде автобустың орта тұсында отырған бір орыстың кемпірі: «Ей, что вы там на своем гыр-гыр, а ну-ка, говорите на нормальном языке», деп бар…
Read More

Қарағай өсіп, жайқалады

«Жасыл желек – жердің көркі» деп текке айтылмаған. Көгалдандыру жұмыстарына елімізде әрдайым үлкен көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында да экология, оның ішінде көгалдандыру жайына арнайы тоқталып, атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктелген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу мақсатында Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бас-тамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады. Департамент басшысы Берген Беспалинов бас болып, барлық ұжым мүшелері қатысқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілген бұл акция Көкшетау қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысындағы «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызудан басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарағайды таңдау себебі, бұл ағаштар кез-келген жерде тамыр жайып, тез өседі. Сонымен қатар, ауаға пайдалы…
Read More

По инициативе областного управления образования состоялся Международный патриотический форум «Воспитание патриотизма и гражданской ответственности молодежи: опыт, перспективы»

На площадку пригласили представителей Российской Федерации - члена Президиума Всемирной ассоциации казахов в Тюменской области Есенгалий Ибраева, президент Омской региональной общественной организации «Казахский национально-культурный центр» Жаната Бекмагомбетова, кандидата педагогических наук, методиста центра дополнительного образования детей Челябинской области Елену Столбову и майор полиции управления кадровой политики Департамента полиции Акмолинской области Асана Аубакирова. Также в мероприятии приняли участие руководители отделов образования Акмолинской области, руководители и воспитанники военно-патриотических клубов, директора школ и учащиеся классов с углубленным изучением военного дела. К слову, в Акмолинской области действуют программы и проекты по привитию и формированию патриотического воспитания такие как: Приказ Министра образования и науки РК от 15 апреля 2019 года «Концептуальные основы воспитания в условиях реализации программы Рухани жанғыру»; Программная статья Первого Президента «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» и План мероприятий по реализации Программы военно-патриотического воспитания молодежи…
Read More

Келбетіңе кіршік түспесін деп алаңдаймын!

Ішкі туризмді дамыту өзекті мәселеге айналғалы қашан? Бір ғана Бурабай мен Зерендінің төңірегін шиырлай бермей, табиғаты тамылжыған өзге өңірлердің де мүмкіндігін барынша пайдаланып көрсек ше? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туризм тақырыбын қаузаған бір сөзінде: «Туризм барлық дүниежүзілік экономиканың 10 процентін құрайды. Бұл – өте үлкен көлем. Бізде өте аз әлі. Біз енді 2025 жылға дейін экономикамыздың 8 процентін туризмнен аламыз деп отырмыз. Ол үшін өте көп жұмыс істеу керек. Рухани жаңғыру мәселесі, «Нұрлы жол», инфрақұрылым, барлығы осыған байланысты. Қазақстанда да көретін, баратын жерлер өте көп. Даланың, таудың өзі басқа елдер үшін өте қызықты. Көрсете білуіміз керек» деген болатын. І. Жер сырбазы – Сандықтау! Бәсі кімнен кем түсер?! Шынында да ата-бабадан мұра болып қалған ұлы даланың мүмкіндігі ұлан-ғайыр. Қазір адамдардың таным-түсінігі өзгерген. Ертеректе күміс көлге шомылып, торқадай жұмсақ топырағында, құрақ көрпедей жұмсақ…
Read More

Госслужащие в Акмолинской области дали старт экологической акции

Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании народу Казахстана в целях улучшения экологичнской ситуации поручил посадить более 2 миллиардов деревьев в лесном фонде и 15 миллионов – в населенных пунктах. Это не только озеленение нашего края, но и воспитание бережного отношения к природе. Сотрудники Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области внесли свою лепту в это благое дело и дали стартэкологической акции «Көкшетау - көк қарағай мекені»,организованной по инициативе регионального проектного офиса «Рухани жаңғыру» Акмолинской области. В честь 30-летия Независимости Республики Казахстангосслужащие посадили 30 молодых саженцев сосны возле скульптурной композиции «Архар» в небольшом парке на пересечении проспекта Абылай Хана и улицы Толеу Сулейменова. По словам участников, выбор пал на сосну, так как она способна прижиться почти на любом участке, многие сорта неприхотливы к структуре и составу грунта.…
Read More

Мемлекеттік қызметшілер «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл біздің өлкемізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін маңызды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері осы игі іске өз үлестерін қосу үшін Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау - көк қарағай мекені» экологиялық акциясын бастады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысында «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызды. Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті. Айта кету керек, бұл акция екінші…
Read More

Қозы менен Баяндай!..

Ақмола облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен студенттер арасында өткен «Қозы менен Баяндай» қалалық байқауы мәресіне жетіп, «Арна» колледжінің студенттері Ерзат Мекенов пен Нұргүл Едресова бас жүлдеге ие болды. Соңғы жылдары 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» яғни, ғашықтар күні ретінде аталып жүр. Осы күнге орай ұйымдастырылған байқау қазіргі пандемия кезеңіне байланысты онлайн форматында өтіп, оған 16 мен 25 жас аралығындағы жас-тар қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың санасына достық, адалдық, сыйластық сезімдерін сіңіріп, бір-біріне деген құрметтерін арттыру, қазақ фольклорының лиро-эпостық жырлардағы Қозы мен Баян, Қыз Жібек пен Төлеген, Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек, Естай мен Қорлан секілді ғашықтардың адал сезімдерін насихаттау. Жастарды жұптастырып, додаға түсіруде де олардың бо-йында өжеттілік пен алғырлықты, жан-жақтылық пен білімпаздықты қалыптастыру, шаршы топқа шығып, сөз сөйлеуге машықтандыру көзделген. Таныстыру, өнер көрсету, еркін…
Read More

Қазақтың тілі мен салтын құрметтеген

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғаннан кейін оны елімізде тұрып жатқан барлық азаматтардың білуі парыз саналады. Дегенмен де, мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылмай жүргенін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Тіпті, өзіміздің қаракөздеріміздің ана тілдерінде сөйлемейтіні дағдыға айналып кеткендей. Сондайда мемлекеттік тілдің шашбауын көтеріп жүрген өзге ұлт өкілдеріне қарап тамсанасың. Осы орайда, біз қазақтың тіліне ғана емес, салт-дәстүріне де құрмет көрсетіп, қазақ отбасының аяулы келіні болып отырған орыс ұлтының өкілі Юлия Викторовнамен телефон желісі арқылы әңгімелескен едік. Ақкөл ауданына қарасты Қына ауылында 1986 жылы дүниеге келген Юлия Таженова Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Кітапханашы» мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде ол туған ауылындағы кітапханада 16 жылдан бері жемісті еңбек етуде. Қазақ отбасына келін болып түскеннен кейін балаларын халқымыздың өнегесі негізінде тәрбиелеп, бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіруде. Мектепті қазақша бітірген қызы Камила қазіргі…
Read More

Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына – 150 жыл

Қазақ халқының ұлы перзенті Атақты қазақ палуаны Қажымұқан 1871 жылы 7 сәуір күні Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Оның атасы да күшті алпауыт адам болғандықтан, Қажымұқанды жас кезінен қазақша күреске баулыған. Архив – тарих қоймасы деп бекер айтпаған. Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы мәлімет, ақпарат іздестіру барысында архивтің кітапхана қорынан күш иесі туралы өте қызықты тың деректі анықтадым. Қаламгер Болат Бекеновтың «Анадан алып туғанда» мақаласында осы Қажымұқан туралы айтылады. Сол мақаладағы Шаяхмет Шалқаровтың әңгімесінен үзінді келтірелік. «1926 жылдың жазында елге қайтпақшы болып Семейде пароходқа отырдым. Бірер сағат өткен соң осы пароходта Қажымұқан келе жатыр деген хабарды естіп, танысайын деп барсам, үшінші класта, астында бір кісілік кілем-бөстек, басын шапанымен жауып алып, дем алып жатыр екен. Басын көтеріп сәлемімді алды, таныстық. «Ал, батыр бұл жатысың қалай?» деп едім, көтеріліп отыра берді де: «Е…
Read More