Search Results for: Рухани жаңғыру

Тәуелсіздік жылнамасындағы – Есіл ауданы

● Аудан бойынша бірінші жартыжылдықта өнеркәсіптік өнім көлемі 1587,8 миллион теңгені құрады. ● Өнеркәсіптік өндіріс индексі 115,0 пайызға тең. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 3047,5 миллион теңгені құрайды. ● Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 5262,5 миллион теңге. 911,7 миллион теңгеге немесе өткен жылдағыдан 187,4 пайызға артық болатын құрылыс жүргізілді. ● Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 50,9 миллион теңгеге тең, яғни, бұл былтырғыдан 11,8 пайызға көп. ● Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылында 866 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда 25,9 пайызға артық. ● Есіл қаласында инженерлік желілері бар тұрғын үйге мемлекеттік бюджеттен 343,08 миллион теңге бөлінді, қаражат толық игеріліп, тұрғындар пәтер кілттерін алды. ● Есептік мерзімде 200 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 9,1 миллион теңге көлемінде 3 шағын несие берілді. Есіл қаласының әкімі Ғазиз АЙТМҰХАМБЕТОВ: «Әкімнің…
Read More

Өлкетану ісіне елеулі үлестерін қосуда

Есіл аудандық орталық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері мәдени-тарихи маңызы бар үлкен жұмысты қолға алып отыр. Үстіміздегі жылы олар кітапхана жанынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өлкетану музейін ашпақшы. Қазіргі таңда музейді жәдігерлермен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. –Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Туған жерге деген сүйіспеншілік ең алдымен, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуден, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруден басталуы тиіс екенін, патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс табуы керек екенін айтқан болатын. Шынымен де, туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Біздің осынау өлкетану музейін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз да осы еді, яғни, ауданымыздың жас буынына өлке тарихын, ел тарихын тануға үлес қосу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Аудан тұрғындары бұл бастамамызды құп көріп, жылдар бойы үйлерінде…
Read More

Ұлы ойшылдың даналығы асыл қасиеттерді ұлықтайды

Биыл ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевқа (1845 - 1904) 175 жыл толады. Абай Құнанбаевтың мерейтойы халықаралық деңгейде, оның ішінде ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін болады. Бұл – біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін де үлкен мақтаныш. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманист, композитор, көркем сөздің зергерлік шеберіА.Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Шыңғыстау тауының баурайында, Қасқабұлақ бұлағына жақын жерде дүниеге келген. Абай билер мен ақсүйектер – Тобықты әулетінен шыққан. Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына ықпал етті. Абай 170-ке жуық өлең, 56 аударма жазды, 45 қысқа астарлы әңгімеден немесе философиялық трактаттардан тұратын «Қара сөз» – «Қара сөздер» прозалық поэмасы, «Қара сөздер» («Қара сөздер») жазды. Осы» қара сөздерде «этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, моральдық және құқықтық мәселелері көтеріледі. Ол сонымен қатар қазіргі уақытта танымал жиырмаға…
Read More

Тіл жанашыры Юлия

қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуына үлесін қосуда Қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, оның ұлтаралық қатынас тіліне айналуына үлес қосып жүргені анық. Біз жуырда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXIV сессиясында мінбеден қазақша сөз сөйлеп, барша жастарды Отанды, оның тілі мен дәстүрін құрметтеуге шақырған орыс қызы Юлия Лагуткинамен әңгімелескен едік. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің түлегі Юлия Лагуткина бүгінде облыстық ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшесі, сонымен қатар Ақмола облысының Қазақ-түрік достастығы орталығының өкілі. – Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданында дүниеге келдім. 10 жыл бойы орыс мектебінде білім алдым. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігімді ауылдағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Ғазизқызы оятты. Ұстазым сабақ үстінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін жиі қайталап…
Read More

Сәнді ұлттық киімдер – көз қуанышы

Степногорск қалалық Достық және шығармашылық үйі «Біз әр түрліміз, бірақ, біз біргеміз!» атты ұлттық сәнді киімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтардың көпғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетінің көрінісі болған қазақтың ұлттық киімін насихаттау. Көрермендердің назарына көйлек, бас киім және этностильдегі көптеген әшекейлер ұсынылған көрсетілім жанды ұлттық музыкамен сүйемелденді. ­­­­­– Коллекция этникалық стильдегі заманауи үлгілерден тұрады. Әрбір костюмде, әрбір элементте ұлттық ою-өрнек элементі ұсынылған. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты арттырады, сондай-ақ, дәстүрлерді зерттеуге ықпал етеді, – дейді ұйымдастырушылар. «Арқа ажарының» өз ақпараты.
Read More

Бұл жолы атыраулықтар ұлы дала жауһарларымен қуантты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалі және «Көкшетау – Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде облысымызға ат басын тіреген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі ақмолалықтарға «Ұлы дала жауһары» экспозициялық көрмесін ұсынды. Көрме Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде орналастырылды. Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз алған Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Көкшетау – Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы аталуына орай келер жылдың мамыр айына дейін көптеген мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланғанын тілге тиек етіп, үстіміздегі жылы өңірімізде Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының музейлері келіп, көрме қойғанын айтты. Жерлестерімізді тарихтың тереңіне бойлатып, рухани азық сыйлау мақсатында келген атыраулық әріптестеріне алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова көрмеге арнайы алып келген, қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер батыс…
Read More

Абай тағылымы – ұлт құндылығы

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Ұлтымыздың қымбат қазынасы – ұлы Абай мұрасы кешегіден де бүгінімізге қажет. Өйткені, XXI-ғасырдың жалынды жастары Абайды өз көздерімен танып, санасын жеңіл ойдан тазартып, рухани азыққа кенелер ме еді деп ойлайсың. Шынымен, ұлтымыздың ұлылығын күллі жаһанға паш етіп, өскелең ұрпақтың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, адамгершілік тәрбие беру…
Read More

Ақталған сенім, көркейген елім

Тәуелсіздік – киелі ұғым. Оның еркіндік, бостандық, дербестік, егемендік деген секілді баламалары бар. Ол сөз ешкімге тәуелді емес, бағынышты емес, басы­байлы құл емес дегенді аң­ғартып тұратын үлкен мәнге ие. Шындығына үңіліп қарасаңыз, тәуелсіздік де­геніміз жанның азаттығы, рухтың еркін болуына сая­ды. Сондықтан да, азат­тық­тың екі түрлі нысаны бар. Бірі – тәннің бостандығы, яғни, кісенсіз, шынжырсыз, бұғаусыз емін-еркін дербес өмір сүруді білдірсе, екіншісі – сананың құрсауланбай байлаусыз, баянды тіршілікке ұмтылуы дер едік. Біз, түркі халықтары, әуел­ баста көк аспанның ас­тын­да, қара жердің үстінде дара, өзімізше өмір сүрген бо­ла­тынбыз. Малдың өрісі, та­биғаттың құбылысы, жыл мау­сымының ыңғайына қарап, ұлан-­ғайыр сахарада көшіп-қо­нып жүріп жерді қорғап, елді асырап өткен екенбіз. Енді бір бөлігіміз топырақтың құнары, судың ағысына қарап, жерді еміп, диқаншылықпен шұ­ғыл­данып отырақшылыққа ден­ қо­йып­пыз. Егін егіп, ағаш отыр­ғызып, бақша өсіріп бағ­бан­шылыққа ықлас танытыппыз. Мей­лі қандай…
Read More

Латын әліпбиіне көшу – тілімізді дамытуға кең мүмкіндік ашады

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан кейін мұқият дайындалдық» деген еді. Мақала жарық көрген кезден бастап латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты талқыланып келеді. Бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу –әлемдік өркениетке ілесу, көштен қалмау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасау деген сөз. Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамызды жаңғыртудың бір жолы. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз өз әсерін тигізері сөзсіз. Бүгінде латын әліпбиін дүниежүзі халқының 80%-ы қолданады. Бұл - қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, мүмкіндігі де зор екендігінің белгісі. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылады: дәрі-дәрмек…
Read More

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 24 мәдени нысан жаңарады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында алдымызға үлкен міндеттер жүктеген еді. Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы аталған құжатта міндеттелген бірқатар тапсырмаларды іске асыруда белсенділік танытып келеді. Сал-серілер мекені болған көрікті Көкше өңірі қашан да халықты өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындатқан киелі жер. Көмейіне бұлбұл ұялаған әншілер мен апайтөс батырлардың ұрпағы сайран салып, сауық құрған өңірде осы күні 624 мемлекеттік мәдени және архивтік нысандар бар. Оның ішінде 251 нысан мемлекеттік клубтық мекемелер санатынан, олардың 231-і ауылдарда орын тепкен. Облыстағы 336-ы мемлекеттік кітапхананың 294-і ауылды аймақтарда орналасқан. Өңірде 21 мемлекеттік архив, 11 музей, 2 театр және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығы, халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда: «Ауылдың әлеуетін…
Read More

Тәуелсіздік және ұлт тарихы

1991 жылы  16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» заң қабыл­да­ды. Бұл – еліміз бен хал­­қы­­мыз­­дың болашақ дамуын, ер­тең­гі тағ­дырын анықтаған аса ма­ңыз­ды, тарихи құжат. Осы құжаттың қабыл­дан­ған күні елімізде жыл сайын ең бас­ты мемлекеттік мейрам – Тәуел­сіздік күні ретінде аталып келеді. Еліміздің тәуелсіздігін жариялап, өз тағдырын өз қолына алуы, бір жағынан зор мақтаныш, қуаныш болса, екінші жағынан, үлкен тарихи жауапкершілік. Отыз жыл ішінде Қазақ елі осы бір маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, болашаққа нық сеніммен қарады, өзінің ұлттық әлеуетіне толық сенді. Артта қалған үш онжылдық кезең­ге бүгіннің биігінен қарайтын бол­сақ, еліміз үшін өте сындарлы және айтулы кезеңдер екені анық. Тәуел­­сіз­дігіміздің алғашқы жылдары әртүр­лі шетелдік басылымдарда еліміз­дің бо­лашағына күмән келтіріп, ерте­ңіне сенімсіздікпен қарайтын мақа­ла­лар шыққаны белгілі. Оларда қазақ хал­қы­ның мемлекеттік дәстүрі болмаған деген ойлардың айтылғанын…
Read More

Астана күніне арналған көше акциясы өтті

Астана күні қарсаңында Көкшетауда еліміздің бас қаласының қалыптасуының тарихи фактілері туралы тұрғындар арасында сауалнама жүргізу бойынша көше акциясы өткізілді. Сауалнамаға100-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесі тұрғындар арасында елорда өміріндегі маңызды тарихи және мәдени оқиғалар, көрікті жерлер, ескерткіштер мен ірі әлеуметтік нысандар туралы білімді насихаттау мақсатында сауалнама жүргізгенін атап өтті. Сауалнама барысында қала тұрғындары мен қонақтары «Астана қашан құрылды?», «Елордада қандай көрнекті орындар бар?», «Астаналық хоккей клубы қалай аталады?», «Бәйтерек қашан салынды?» және басқа сұрақтар қойылды. «Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздігінің, ұлттық мақтаныштың символы болып табылады. Адамдардың жарқын армандары мен үміттерін бейнелейтін бұл бірегей қала Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен дана саясатының арқасында пайда болды. 23 жыл ішінде біздің Астанамыз гүлденіп, әлемдегі ең әдемі астаналардың біріне айналды. Барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбітшілік,…
Read More

«Бабамнан қалған мұра сен болмасаң!..»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Ұлттық домбыра күніне орай Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен «Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық әдебиет және өнер музейі қорындағы танымал тұлғалардың домбыраларынан құралған «Бабамнан қалған мұра сен болмасаң...» атты көрме болып өтті. Сан ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге қаншама тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттың рухани нәрін бойына жинап, айрықша үнімен өзіне тән нақышымен шыңдалып, бірге жасасып келе жатқан домбыра аспабына арналған арнайы күн осыдан 3 жыл бұрын Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, мемлекеттік дәрежеде дәстүрлі түрде аталып келеді. «Бұлбұл» аймақтық домбырашылар байқауының бас жүлдегері Эльвира Бошымова күйшілік өнерімен көрмеге қатысушыларды тәнті етті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған аталмыш шараның мақсаты – Ұлттық домбыра күнін лайықты деңгейде атап өтіп, ата-бабамыздан мирас болып жеткен ұлттық-музыкалық аспаптың құндылығын…
Read More

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Халқымыз домбыраны ежелден қадір тұтып, көненің көзі, бабаларымыздан қалған қасиетті де асыл мұра есебінде таниды. Сан ғасырлар бойы Ұлы даланы өзінің күмбірлеген сазды үнімен жаңғыртып келе жатқан домбыраны халқымыздың тарихы мен шежіресі деп танимыз. Сол қасиетті мұрамызды тәуелсіз еліміздің бүгінгі және келер ұрпақтары да қадір тұтып, ұлттық аспабымызды кеңінен дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 12 маусымдағы №699 Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгілеген болатын. Биылғы Ұлттық домбыра күні шілденің 4-ші жұлдызына келіп отыр. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аталып өткелі отырған Ұлттық домбыра күнінің ерекше маңызы бар деп санаймын. Сал мен серілердің, ақындар мен жыраулардың мекені болған біздің Қараөткел мен Көкшетау елінде Біржан салдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың, ақын-жыраулар Құлтума мен Үмбетейлердің асыл…
Read More

«Қызыл жар қонысындағы» Ботай мәдениеті

Жуырда облыс орталығы Көкшетау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан «Қызыл жар қонысында» Ботай мәдениеті археологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Облыс әкімдігінің қолдауымен қолға алынған экспедициялық қазба жұмыстарына облыстық тарихи-өлкетану музейінің және білім басқармасы жанындағы туризм, өлкетану және экология орталығының ғылыми қызметкерлері, ғалымдар, Зеренді, Жақсы және Атбасар аудандарынан келген студенттер мен оқушылар қатысуда. Біздің газет тілшілері аталмыш алаңға барып, жұмыстың барысын өз көздерімен көріп, танысып қайтты. 2021 жылдың 15 маусымында басталған бұл археологиялық қазба жұмыстары Ботай мәдениетін алғаш әлемге паш етіп, қазақтың ежелгі халықтардың бірі ретінде жылқыны қолға үйреткендігін ғылыми түрде дәлелдеп берген тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Зайберттің тікелей жетекшілігімен жүзеге асырылып жатыр екен. Краснояр селосының іргесінде де Ботай мәдениетіне жататын ежелгі қоныстың бары сонау 1990 жылдары анықталыпты. Қазба жұмыстары алаңында жүрген ғылыми жетекшілердің айтуынша, 2000 жылдардың басында Қазақстан мен Америка…
Read More