Search Results for: Рухани жаңғыру

Жаңғырудың бір түрі- Q-Pop

Аудиториясы кең, тыңдарманы саны көп –  Q-Pop жанры. Елімізде 2015 жылдан бері белең алып, қазақ халқының өнерін дамытып, заманауилыққа  бет бұрып жүрген бағыттың  өнер атаулының дамуы үшін пайдасы орасан зор. Адамдарда мейірім мен қайырым азайып тұрған қазіргі уақытта әрқашан даттаушыдан бөлек, қолдау танытып түсіністікпен қараушылар да кездесіп жатады Алайда, Q-pop бағытын теріс көзқараспен қабылдаушылар саны да аз емес. Qazaq pop музыкасы «қазақ мәдениетіне мүлдем жат қылық, қазақ жігітеріне тән емес», - деген сынды пікірлерді жиі кездестірдік. Жаңашылдықты жатсынған қоғам, қазақ болмысына керағар деп тіпті наралық шерулерін де өткізіп жатты.  Дегенмен, уақыт өте  музыка жанрының тыңдармандары күн санап өсіп, танымалдлыққа ие болды. Q-Pop ұғымыең алғаш «Ninety One» тобы құрылғаннан кейін қолданысқа ене бастады. Жастар арасында қазақ тілін насихаттап, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген топтардың бірі. «Біздің стиль Қазақстан үшін таңсық. Кейбірі…
Read More

Жаңару мен жаңғыруға арналған салиқалы басқосу

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында айтылған ұсыныстарды сараптау мақсатында «Sarap»сараптамалық клубының аймақтық отырысына қатысты. Еркін форматта өткен басқосуды университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқпен Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдинов жүргізіп отырды.Оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, саяси кеңесші, PhD докторы Дина Әйкенова, саясаттанушы Самат Нұртаза, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, облыстық «Kokshe» телеарнасының директоры Ерлан Атамбай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқ, интернационалдандыру және…
Read More

Білім мен рухани құндылықтың қазыналы ордасы

Біртұтас ұлтты айтпағанда, бір адамның ғұмыр жолы кітапқа жазылса мәңгілік мұра болып сақталып қалатыны анық. Сол себепті де жан баласы үшін кітаптың, кітапхананың, сол киелі ордада қызмет атқаратын кітапханашылардың алар орны ерекше. Сан ғасырлар сорабынан мәңгілік мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жалғасқан тағылымы һәм танымы бөлек тарихымыздан сыр шертетін де кітап, өмірдің өзінен ой түйіп, ойландыратын да, жанға рухани қуат сыйлайтын да кітап. Иә, кітапхана бұл – рухани құндылықтың алтын арқауы, мәңгілік мұраның мекені, кие тұнған қасиетті орда десек артық айтпағандығымыз. Биыл Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына 75 жыл толып отыр. Біздің кітапхана тарихы тереңде жатқан, абыройы асқақ, еліміздегі кітап қоры бай кітапханалардың бірінен саналады. Кітапхана іргесін қалаған сәттен бастап, өңіріміздегі әлеуметтену, білім алу, рухани демалу орталығына айналды. Кітапхананың әмбебап қоры қазақ, орыс, шет тілдерінде 367341 данадан тұрады.…
Read More

Арнайы экспедиция рухани мұраны жинастырмақшы

Аудандық әкімдікте Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» стратегиялық маңызы бар бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру бағытында тарихи-мәдени мұраны зерттеу жұмыстарына арналған брифинг өтті. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасы: ежелгі және орта ғасырлық мәдениеттердің сабақтастығы» жобасы аясында өңірдегі музыкалық-этнографиялық кешендерді зерттеу бойынша экспедицияға шықпақшы. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «материалдық емес мәдени мұра» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Мәулет Ардаби, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Байдилдина, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сүйінжанова аудандық Мәдениет үйінің басшысы Құттықыз Айбасова мен мәдениет қызметкерлері, Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Музыкалық-этнографиялық экспедиция Целиноград ауданындағы материалдық емес мұраны зерттеп, зерделеп, қорға жинағалы отыр. Ауданда 19 округ, 50 елді мекен бар. Бұл елді мекендерде көненің көзіндей, бұрын естілмеген, сыңсу, жарапазан сынды ұлттық мұралар жетерлік.…
Read More

Латын әліпбиі – ұлттың рухани қажеті

Қазақ жазуының ұлы реформаторы, тілтанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы», – деп айтқан өз заманында. Ғалымның айтқан сөзі қазіргі уақытта да өз өміршеңдігін жойған емес. Кез-келген ұлттың тілін айшықтап тұратыны – оның әліпбиі. Әліпби – ұлттың рухани байлығы. Тілдің қанатын кеңге жаюы да, бәсекеге қабілетті болуы да, өміршеңдігі де әліпбидің орнықты түзілуімен, сапалы жасалуымен өлшенетіні анық. Тіліміздің кемелденуінде әліпбидің алатын орны ерекше. Жазу мәдениетіміз өркендейді, халықтың дүниетанымы жақсарып, білім мен ғылым саласына тигізетін ықпалы да зор болады. Биылғы жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысын өткізіп, латын…
Read More

Жаңғыруға ұмтылыс – ұлттық толысу қарекеті

Биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дүниетанымдық-идеологиялық сипаттағы мақаласының жарыққа шыққанына төрт жыл толғалы тұр. Өткен жылдар ішінде осы бағдарламаның институционалдық қоры құрылып, бүгінгі таңда бұл бағдарлама халықтың өткені мен бүгінін және болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын идеялық платформаға айналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларының мақсаты мен міндетіне тұрғындардың назарын аударып, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етуге, өзекті мәселелерді шешуге қабілетті өзара толықтырушы іс-шаралардан тұратын кешенді бағытталған нақты жобалар іске асырылуда. Былтыр Ақмола облысында біршама келелі істер атқарылып, жаңа бастамалар жол тапты. Нақты айтқанда, 800 мыңнан астам адамды қамтыған түрлі форматтағы 8 мыңдай іс-шара өткізілді. Ұлттық құндылықтың темірқазығы – руханият екені белгілі. Ал, руханият – тарихпен, мәдениетпен, салт-дәстүрмен, әдебиетпен, әдет-ғұрыппен, тәрбиемен өлшенеді. Бүгінгі қоғамға заманауи және болашақты жақсы түсінетін гуманитарлық білікті адамдар қажет. Осы…
Read More

Дәстүр мен ғұрып – халқымыздың рухани өзегі

Қайсы дәуірде, қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі – ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім. Әр халық өз ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін негізге алады. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге қатал қараған. Оның бірі – тіл, екіншісі – дәстүр мен ғұрпы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген еді. Щучинск қаласындағы білімнің ақордасы саналатын жоғары педагогикалық колледжі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім саласында болашақ мамандарды тәрбиелеу ісінің басы-қасында жүргендіктен «Дәстүр мен ғұрып» атты арнайы жобаны…
Read More

Ұлы Абайдың мұрасы – Мәңгілік елдің рухани қазынасы

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Абай – әрі ұлы, әрі ұлттық ақын. Абайдың жақсылық іздейтіні – момын шаруа. Сондықтан бұл қазақ даласының тарихындағы халық тілегін айтқан ақын, үстем тапқа қарсы болған, бұқараға сүйеу болған ақын. Ұлы ақындардың орны тарихи мәні бар өзгерістерге, туған елінің бір сатыдан бір саты жоғары өрлей беруіне қай кезде бастаушы, қай кезде қостаушы бола білгеніне байланысты. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы,  жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады. Ұлы ақындардың орны тарихи мәні бар өзгерістерге, туған елінің бір сатыдан бір саты жоғары өрлей беруіне қай кезде бастаушы, қай кезде қостаушы бола білгеніне байланысты. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде…
Read More

Ауыл – ұлт руханиятының бесігі

«Қоғамдық келісім» ғимаратында «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен «Ауыл» партиясының Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтарды дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, өңіріміздің танымал ақындары Қуаныш Оспан мен Мерген Тоқсанбай, Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен «Ауыл» партиясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді жүргізген «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова өңірімізде қолға алынған ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарға толығырақ тоқталып, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатқан шаралардан хабардар етті. Одан әрі, әдебиеттанушы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы ұлттық құндылықтарды насихаттау туралы өз ой-тұжырымдарымен бөліссе, ақын Қуаныш Оспан өзінің ауыл туралы жырларын оқыды. Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» ғимаратының басшысы Ермек Нұғыманов өңірлердегі әлеуметтік ахуалды тілге тиек…
Read More

Латын әліпбиі – жаңғырудың жаршысы

Өткенімізге көз жүгіртер болсақ, латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ерте заманнан бастау алған. Оның бір дәлелі, бұлжытпас айғағы – Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап. Бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. (далее…)
Read More

Ақмола облысы бойынша жыл табысты болды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып, мәдени-рухани салада көптеген нәтижелі табыстарға қол жетті

Биылғы жыл ақмолалық диқандар 4,3 миллион гектар егістік алқабынан 5,6 миллион тоннадан астам астық жинады. Ақмола облысы – еліміздегі астық тасымалдайтын негізгі эскпортерлердің бірі. Жыл сайын 2 миллион тонна астық сыртқа шығарылады. Ал, Қазақстан аумағына 1 миллион тонна астық тасымалданады. Жыл басынан бері 2 миллион тоннадан астам астық экспортқа және Қазақстан аумағына жөнелтілген. (далее…)
Read More

Ұлттық жаңғырудың жаңа мазмұны

Мемлекет басшысының сиясы кеппеген жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында түп тамырымызды білудің, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, жаңғыру жолында жаңа қадамдар жасаудың маңызы жайлы баса айтылған. (далее…)
Read More