«Әулие тас»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Зеренді ауданындағы «Әулие таспен» еске алу орнымен таныстырып отырмыз.

Зеренді ауданы Көктерек ауылының маңында орналасқан «Әулие тас» деп аталатын киелі орын бар. Бұл жер адамның көзінен таса, төбешікте, Зерендінің көркем орманды жерінде орналасқан әрі жергілікті тұрғындар үшін киелі жер болып саналады. Ауыл ақсақалдарының айтуы бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдары Көктеректен майданға аттанған азаматтарды етектегі ауылдан қырдың басына жаяулап келіп, бүкіл ауыл болып осы арадан шығарып салған, ел болып тілектерін тілеген. Адамдар әрдайым Әулие ата-бабаның рухы туып-өскен жерін, отбасын қорғайды, осы рухтың арқасында адамдар соғыста тірі қалады деп санаған.
Бүгінгі күнге дейін бұл аңыздан осы ауылдың және көрші елді мекендердің тұрғындары Әулие атаның күш-қуатын сезінеді. Бертін Көктерек ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер Жұмағұл Жолдықов осы араны абаттандырып, ескерткіш белгі қойып, қоршағаннан кейін бұл жер үлкеннің де, кішінің де тәу етер қасиетті орындарының біріне айналды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар