Тұрғын үй көбейіп, қысқы жолдың күтімі жақсара түсуі қажет

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин әкімдіктің кезекті мәжілісін өткізіп, онда «Ақмола облысындағы тұрғын үй құрылысы туралы» және «Ақмола облысында қыс маусымында автомобиль жолдарының күтімі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселелер қаралды. Мәжіліске қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық ведомстволардың басшылары қатысты.

– Облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бүкіл бағыттары бо-йынша алға қойылған міндеттер ойдағыдай орындалды, – деді бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы М.Әубәкіров. Ағымдағы жылдың 11 айында 445,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 468 мың шаршы метрді немесе жоспардың 100,7 пайызын қамтымақ. Жалпы, өңірде 4,5 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады. Бұл салаға биыл 9,4 миллиард теңге қаржы тартылып отыр.
Бағдарламаның «Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй», «Несиелік тұрғын үйді құрылыс салымдарының жүйесі арқылы салу» бағыты бойынша да тыңғылықты жұмыстар атқарылғаны айтылды. Мәселен, биыл жалға алу әдісімен 17,6 мың шаршы метр жайлы баспана беріледі деп күтілуде. Несиелік бағытта 1,3 миллиард теңгенің 12 жобасы іске асырылмақ.
2018-2019 жылдары Көкшетау қаласындағы Сарыарқа жаңа ықшам ауданында 34 жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер құрылысын жүргізу жоспарланған. Бірақ, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жоқтығынан бұл нысандар тәуекел аймағына жатқызылуда.
«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты шеңберінде 2018 жылы сумен және электр қуатымен жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, 431 жер теліміне инженерлік желілер тартылыпты. Жалпы, 2021 жылға қарай облыстың сегіз өңіріндегі 5389 жер телімі осындай мүмкіндікке ие болмақ.
Тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтау үшін 2019 жылы 8,7 миллиард теңгенің 501,2 мың шаршы метрлік пәтерді іске қосу жоспарланып отыр.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Мұратұлының баяндамасы тыңдалды. Қысқы қызмет көрсетумен 5626 шақырымдық жергілікті маңыздағы автожолдар қамтылған. Басқарма биылғы қыс айларындағы жұмысты үйлестіру үшін 12 мердігерлік ұйыммен ұзақ мерзімді келісім шарт жасасқан. Жол қауіпсіздігіне қажетті заттар, техника құрамы, жылыну нысандары алдын ала дайындалыпты. Диспетчерлік, ақпараттық қызметтер тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Мәжілісте, сондай-ақ, «Госэкспертиза» РМК филиалының директоры Т.Омарбековтің, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиалының директоры Т.Смағұловтың, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ақылы автомобиль жолдары филиалы дирекциясының директоры А.Жүсіповтің қосымша баяндамалары тыңдалды.
Өңір басшысы М.К.Мырзалин аталған салалар бойынша жұмыстар талап деңгейінде атқарылып отырғандығын атай келіп, маңызды істе олқы тұстардың барлығын атап көрсетті. Бұл орайда бірнеше аудан әкімі мен облыстық басқармалардың қызметіне ескерту жасалды. Атап айтсақ, кешенді сараптамадан өткенге дейін техникалық кеңесте қарастыру үшін жобалау-сметалық құжаттардың дер кезінде тапсырылуы, 2019 жылы 501,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қажеттігі, бюджеттік қаражаттардың толық игерілуін қамтамасыз ету, «Ақмола жастары» бағдарламасын бекіту талап етілді.
Бұған қоса, қысқы маусымда автокөлік құралдарының қауіпсіздігін және үзіліссіз жүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдану, қосымша жылу пункттерін қажетті құралдармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметін ширату, балаларды тасымалдау ісін тыңғылықты ұйымдастыру қажеттігі айрықша назарда ұсталуы тиіс.
Мәжіліс қарастырылған мәселелер бо-йынша тиісті қаулы қабылдады.
Бақберген АМАЛБЕКОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар