Латын әліпбиіне бүгіннен мән берілуде

Латын әліпбиіне көшу жұмыстары қарқынды атқарылып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі жайлы жоспарын нақтылап, айқын тапсырмалар берген болатын. Осы орайда, облыстық оқыту-әдістемелік орталығында қойылған мақсат-міндеттерді орындау, латын әліпбиін насихаттау мақсатында мақсатты іс-шаралар атқарылуда. Ұлттық комиссия бекіткен латын әліпбиін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерден жалпыхалықтық диктант алынды.

Осы атқарылған жұмыстардың жыл қорытындысы ретінде өткен жылдың 27 желтоқсанында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілі емлесі бойынша негізгі ережелерінің бекітілуіне арналған «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» атты семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері және оқытушылары қатысты.
Семинар барысында Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Қ.Жақыпова және облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қ.Б.Төлекеев 2018 жылдың атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасады. Мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге арналған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты 2 томдық жинағының тұсаукесері өтті. Латын әліпбиінің бекіген жаңа ережесін таныстыру мақсатында облыстық оқыту-әдістемелік орталықтың әдіскері Ә.Қарсабаева, орталық оқытушылары Қ.Жамұханова мен Б.Дайырова хабарлама жасады. Семинардың соңында 2018 жылдың көрсетілген нәтижелер бойынша аудан, қала бөлім басшылары мен орталық директорлары марапатталды.

Туғанай АУШАХМАНОВА,
Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік
орталығының оқытушысы.

Latyn álіpbıіne kóshý jumystary qarqyndy atqarylyp keledі. Elbasymyz Nursultan Nazarbaevtyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» atty maqalasynda Qazaqstannyń latyn álіpbıіne kóshýі jaıly josparyn naqtylap, aıqyn tapsyrmalar bergen bolatyn. Osy oraıda, oblystyq oqytý-ádіstemelіk ortalyǵynda qoıylǵan maqsat-mіndetterdі oryndaý, latyn álіpbıіn nasıhattaý maqsatynda maqsatty іs-sharalar atqarylýda. Ulttyq komıssııa bekіtken latyn álіpbıіn túsіndіrý jumystary júrgіzіlіp, sondaı-aq, memlekettіk qyzmetkerlerden jalpyhalyqtyq dıktant alyndy.

Osy atqarylǵan jumystardyń jyl qorytyndysy retіnde ótken jyldyń 27 jeltoqsanynda oblystyq tіlderdі damytý basqarmasynyń uıymdastyrýymen qazaq tіlі emlesі boıynsha negіzgі erejelerіnіń bekіtіlýіne arnalǵan «Qazaq tіlі emlesіnіń negіzgі erejelerі» atty semınar-keńes óttі. Semınar-keńeske qalalyq, aýdandyq mádenıet jáne tіlderdі damytý bólіmderіnіń basshylary men tіl mamandary, tіlderdі oqytý ortalyqtarynyń dırektorlary, ádіskerlerі jáne oqytýshylary qatysty.
Semınar barysynda Aqmola oblysy tіlderdі damytý basqarmasynyń basshysy M.Q.Jaqypova jáne оblystyq oqytý-ádіstemelіk ortalyǵynyń dırektory Q.B.Tólekeev 2018 jyldyń atqarylǵan jumystary boıynsha baıandama jasady. Memlekettіk jáne azamattyq qyzmetshіlerge memlekettіk tіldі oqytyp-úıretýge arnalǵan «Qazaq tіlіn oqytý ádіstemesі» atty 2 tomdyq jınaǵynyń tusaýkeserі óttі. Latyn álіpbıіnіń bekіgen jańa erejesіn tanystyrý maqsatynda oblystyq oqytý-ádіstemelіk ortalyqtyń ádіskerі Á.Qarsabaeva, ortalyq oqytýshylary Q.Jamuhanova men B.Daıyrova habarlama jasady. Semınardyń sońynda 2018 jyldyń kórsetіlgen nátıjeler boıynsha aýdan, qala bólіm basshylary men ortalyq dırektorlary marapattaldy.
Týǵanaı AÝShAHMANOVA,
Aqmola oblystyq oqytý-ádіstemelіk
ortalyǵynyń oqytýshysy.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар