Бұл қамқорлыққа ризамыз!

Үстіміздегі жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің хабарламасын тыңдап, көп балалы отбасыларына мемлекет қамқорлығының жаңа формасына көшуіне риза болдым.

Мен төрт баланың анасымын. Зеренді ауданы Бірлестік ауылында тұрамын. Кіші ұлымыз әлі жасқа толған жоқ. Одан үлкендері мектеп жасында. Бұған дейін де көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі, деген соң барлық құжаттарды жинап, тиісті орындарға тапсырған болатынмын. Алайда, жолдасымның табысы мен қорадағы бір сиырымыз бен ауладағы тауығымызды есептегенде кіріс көлемі асып кетті деп, АӘК-ті ала алмай қалған болатынбыз.
Енді міне, 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасылардың балаларына отбасының кірісіне қарамастан, мемлекеттік жәрдемақы берілетіні айтылып отыр. Сондықтан, атаулы әлеуметтік көмекке жаңа өзгерістер енгізілуімен оның үш бағытта жүзеге асырылатыны мені де қуантты. Өйткені, жолдасымның бір ғана еңбекақысы отбасын асырауға жетпейтіні белгілі ғой. Ауылдық жерде тұрған соң, мал ұстауға міндеттіміз деп ойлаймын. Бірақ, оның жемшөбі де тегін келмейді. Оған қоса, азын-аулақ үйрек-қазымыз бар дегендей.
Ал, демалыс уақытында балаларды ойын алаңдарына апарып, серуендетіп, оны-мұнысын әперуге қаражат жағынан қысылатынбыз. Ендігі жерде төрт балама 42 500 теңге әр ай сайын жолдасымның табысына қарамастан берілетіні және оны балалардың қажетіне жұмсай алатыным оңды болғалы тұр. Осы арқылы көп балалы ана деген мәртебеміз де жоғарылайтын болды. Сондықтан, Елбасы Жолдауларында айтылғандай, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде мемлекет қамқорлығы дұрыс іске асатынына сенімдімін.

Гүлден ӨТЕГЕНҚЫЗЫ.
Бірлестік ауылы,
Зеренді ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар