Жергілікті жиырма жазушының мерейі

Көкшетау қалалық электронды кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облыстық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының

ұйымдастыруымен жергілікті жазушылардың кітаптары электронды нұсқаға көшірілген аудио-дискілердің тұсаукесері болып өтті. Бұл игі шара «Қаламгер қазынасы» жобасы шеңберінде жүзеге асып отыр.

Жиынға Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл қатысып, сөз сөйлеп, жиналған жастарға аудио-кітаптардың құндылығы туралы айта келіп, осындай игі шараны жүзеге асырып отырған орталық ұжымына алғыс білдірді.
Жергілікті жиырма жазушының кітаптары аудио-дискіге көшірілген. Бұл туралы орталық директоры Қаратай Бәйкенұлы тарқатып айтып берді.
– Мәлік Ғабдуллин, Ілияс Есенберлин, Жұмағали Саин, Сәкен Жүнісов, Жанайдар Мусин, Естай Мырзахметов, Елжас Бекенов, Сарбас Ақтаев, Төлеген Қажыбаев, Баймұрат Азнабайұлы, Мәди Хасенов, Мағира Қожахметова, Нығмет Ғабдуллин, Ерназар Ыбыраев, Қорғанбек Аманжол және тағы басқа жергілікті жазушылардың еңбектері электронды нұсқаға көшірілді. Бұл өскелең ұрпақ үшін жасалып жатқан игі іс. Өйткені, бұл заман талабы, – дейді Қаратай Бәйкенұлы.
Тұсаукесер рәсімінде Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Жиын соңында «Көкше» тобының орындауында Қаратай Төлекеевтің сөзіне жазылған «Көкшетау, Көкшем!» әні де алғашқы рет орындалып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар