Елімізде мүгедектер мәселесі қалай шешілуде?

Қазақстанда мүгедектігі бар 695 мың адам тұрып жатыр. Олар күн сайын көптеген қиындықтарға ұшырайды – пандустардың жоқтығынан бастап сапалы қызмет алу немесе жұмысқа орналастыруға дейін. Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін өткен жылы Үкімет 2025 жылға дейін мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар қабылдаған еді.
Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар тұлғалар қозғаған жүзден астам әртүрлі сұрақтарды зерттеп, талдады. ҚР ЕХӘҚМ вице-министрі Ерлан Әукенов қолға алынып жатқан шаралар мүгедектігі бар тұлғалардың өмірін жақсылыққа қалай өзгертетіні және олардың мәселелерін қалай шешетіні жайлы айтып берді.

– Мүгедектерді толғандырып отырған ең өзекті сұрақтар – оңалтудың сапасыз құралдары немесе әлеуметтік қызметтер. Мысалға, біреулері қолдануға жарамсыз, ебейдейсіз арба-кресло алғандарына, енді біреулері көп уақытқа созылып кеткен жеткізілімге шағымданады. Бұл мәселе болашақта қалай шелімекші?
– Бұрындары оңалтудың техникалық құралдары ең арзан бағамен не ҮЕҰ көздерінің біреуінен сатылып алынатын. Ол кезде тауарлар жаппай, мүгедектігі бар тұлғалардың жеке бас мүдделерін ескерусіз сатылып алынып келді. Қоғамдық бірлестіктер көбіне алыпсатарлар болғандықтан, оңалтудың сапасыз құралдары мен жеткізудің ұзақ мерзімдері орын алды.
Бұл мәселені шешуге әлеуметтік қызметтер Порталы көмектесетін болады (www.aleumet.egov.kz). Портал 2020 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Бұл портал арқылы мүгедектігі бар тұлғалар өз мұқтаждықтарын ескере отырып, тікелей оңалту құралдарына немесе әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады.
Олар порталға кіріп, автоматты түрде тіркеліп, қандай құрал және қандай көлемде тиесілі екенін көре алады – жөргек болсын, арба, катетер және т.с.с. және өз беттерімен рейтинг, басқа пайдаланушылардың пікірлері, бағасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасына сәйкес жеткізушілерді таңдай алады. Пайдаланушы қымбаттырақ арбаны сатып алғысы келген жағдайда, мемлекет оған белгілі бір соманы өтеп береді, ал, айырмасын мүгедектігі бар тұлға өзі төлейді.
Қазір порталда жеткізушілердің және қызмет алушылардың тіркелуі жүріп жатыр. Ағымдағы жылдан-ақ әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы жеке таңдауды қажет етпейтін оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрінен 24-і сатып алынатын болады. Қалғандары 2021 жылдың қаңтарынан бастап көшіріледі.
– Мүгедектері отандық өндіріс шығарған арба-креслоларына қашан отыратын болады?
– Осы жылы алғашқы рет қазақстандық өндірушілер шығарған электр жетегі бар арба-креслолармен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру жұмысы басталды. Бұрында ол Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен импортталып келетін.
Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Қазақстан инжиниринг» – «Тыныс» АҚ» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Қазір біз аймақтар деңгейінде қажеттілікті анықтап жатырмыз, бұдан кейін 1,3 мың арбаның өндірісі басталады, ал, сәуір айынан бастап – мұқтаж жандарға берілетін болады.
– Мүгедектігі бар қазақстандықтарды жеке көмекшілердің қызметтері жағынан қандай өзгерістер күтіп тұр?
– Иә, шағымдардың көбісі жеке көмекші қызметін көрсеткен ҮЕҰ-ға келіп түсуде. Әсіресе, бұлардың жұмыстарының күңгірттігі, әкімшілік шығындарға қаражаттың 10 пайызға дейін (өйткені нормативті-құқықтық актілерде орнатылған шек көрсетілмегендіктен) ұстап қалуы, қызметтер үшін уақытында төлемеуі, жұмыс істеген сағаттар санын азайту, жұмыспен қамту бөлімдерімен тікелей келісімшарт жасасу мүмкіндігінің жоқтығы және т.б. мәселелер бар.
Жеке көмекшілер қызметінің бір сағаты үшін ақысын есептеу тәртібі нақтыланбаған. Бұл әр аймақта әртүрлі бағамен төлемдер жүргізілгеніне әкеліп соқты.
Сонымен қатар, өткен жылы әлеуметтік қызметкерлердің жалақыларының өсуіне байланысты жеке көмекшілердің қызметтерінің ақысы да сағатына 298 теңгеден 358 теңгеге дейін өсуі керек болатын. Алайда, бұл мақсаттарға арналған қаржыландыру жергілікті бюджеттерден берілетіндіктен, барлық аймақтарда төлемді арттырмаған. Келісімшарттар 2019 жылдың соңына дейін жасасқан және бюджеттен қосымша қажеттілік қолдауын таппаған облыстар ескі жүйе бойынша төлеп отырды. Бірақ, осы жылдан бастап олардың төлемақысын көтереді.
Осыған орай біз №26 бұйрыққа өзгерістерді енгіздік. Енді барлық ЖАО үшін көмекші қызметтерін төлемін есептеудің бірыңғай тәртібі жұмыс істейтін болады, ол – сағатына 358 теңге. ҮЕҰ-мен әкімшілік шығындарға 5 пайыздан аспайтындай ұстап қалатын норма енгізілген. Бұл кезде аймақтарға ҮЕҰ жеке көмекшілердің төлемдерінен ұстап қалмас үшін бұл қаражатты алдын ала қарастыру керек.
Онымен қоса, аймақтар 2020 жылдың қаңтар айынан бастап келісімшарттарды жеке көмекшілермен тікелей немесе ҮЕҰ арқылы, мүгедектігі бар тұлғалардың қалауына байланысты жасасуға кеңес беріліп отыр.
Мүгедектігі бар тұлғалардың ескертулерін ескере отырып №26 бұйрығынан жақын туысқандарына жеке көмекшілер қызметін көрсетуге тыйым салатын нормасы алынып тасталды. Сонымен қатар, қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдерден АИТВ алынып тасталды.
2020 жылдың шілде айынан бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтер Порталына көшіріледі, бұл арқылы мүгедектігі бар тұлғалар өздеріне жеке көмекшілерін таңдай алатын болады. Қызметтерді Порталға көшіру мүгедектігі бар тұлғаларға таңдау жасау мүмкіндігін береді және мемлекеттің қатысуын азайтады.
– Бүгінде мүгедектігі бар тұлғалардың наразылығын тудырған сұрақтар қатарында – медициналық-әлеуметтік сараптамадан жиі өту қажеттілігі бар. Бұл бағытта қандай шаралар қолданылады?
– Иә, бір ай бұрын біз МӘС өткізу Ережелеріне бірқатар өзгерістерді енгіздік. Атап айтқанда, егер бұрын 18 жастан үлкен тұлғаларға мүгедектік 6 ай, 1 жыл, 2 жылға немесе шексіз уақытқа тағайындалған болса, қазір мүгедектік 5 жыл мерзімге тағайындалатын болады. Мұндай мерзім жағымсыз оңалту болжауымен берілетін көрсетілімдер бойынша қарастырылған. Мысалға, қатты интоксикациясы бар қатерлі өскіндер, бірқалыпты ой мешеулігі, мүшелер функцияларының және ағза жүйелерінің көптеген бұзылушылықтары болатын қант диабеті, т.б. ауруларға қатысты.
Қайтымсыз анатомиялық дефекттердің тізімі үлкейді. Енді 18 жастан үлкен тұлғаларға мүгедектіктің 2 тобы мерзімсіз тағайындалады. Мұнда келесі аурулар енгізілген: қант диабетінің және Лериш синдромының салдарынан аяқтың ампутациялық тұқылы, бірқалыпты ой мешеулігі және сәйкесінше кем ақылдылықтың дәрежесі, сонымен қатар, көрсетілген нозологиялар бойынша 16 жасқа дейінгі жаста мүгедектікті бастапқы түрде тағайындау жағдайларда аяқ-қолдардың қатты, тұрақты парездері бар, гиперкинездермен жайылған қозғалыс бұзылыстары.
Одан басқа, бала 16 жасқа дейін мүгедек болып 5 жылға тағайындалатын көрсетілімдер кеңейтілді. Осылайша, 5 жылға мүгедек деп тану үшін тізімге балалар аутизмі, аспергер синдромы, атипиялық аутизм, қайта куәландыру кезіндегі 1 және 2 типтегі қант диабеті. 16 жасқа дейінгі тізімге келесі аурулар енгізілді: Даун және Ретта синдромдары, қайта куәландыру кезіндегі – балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атипиялық аутизм және т.б.
Осыменен қатар, мүгедектіктің және денсаулық жағдайының өзгеруі кезіндегі еңбекке жарамдылығын жоғалтудың бұрын тағайындалған мерзімін қайта куәландыру тәртібі реттелген. Енді мүгедектігі бар тұлғаның мерзімнен бұрын қайта куәландыруына денсаулықтың нашарлауы кезінде ғана емес, сонымен қатар, жақсаруы кезінде де жіберілетін болады. Осыған орай МӘС бойынша бұрын қабылданған шешімдердің аудиті өткізілетін болады.
МӘС жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін жаңа бұйрықта МӘС отырыстарының аудиожазбасын міндетті түрде, жазбаларды 4 ай бойы сақтаумен жүргізілуін енгізу қарастырылған.
– Мүгедектерді шипажайлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету қалай өткізіліп жатыр?
– Қазір бұл саладағы негізгі мәселе жолдамалар мемлекеттік сатып алуда жеңген ұйымдарға немесе ҮЕҰ арқылы берілетінінде болып отыр. Яғни, мүгедектігі бар тұлғалар өз бетімен шипажайлы-курорттық емдеу үшін мекемені таңдай алмайды. Ендігі уақытта бұл мәселені әлеуметтік қызметтер Порталы шешуі керек.
2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігімен шипажайлы-курорттық емдеуді қажет ететін аурулар мен денсаулық бұзылуларының тізімі және шипажайлы-курорттық емдеуді ұсынудың тәртібі әзірленетін болады. Қазір шипажайлы-курорттық емдеуді қажет ететін аурулардың бекітілген тізімі жоқ болғандықтан, шипажайларға тіпті оларға арналып шипажайларда емдік шаралары қарастырылмаған мүгедектігі бар тұлғалар жіберіледі.
Сонымен қатар, шипажайлы-курорттық емдеудің мерзімі де реттелмеген, бұның салдарынан ұзақтылық әртүрлі аймақта 7 күннен 14 күнге дейін өзгеріп отырды. Бірақ енді №26 бұйрығына өзгерістер енгізілді, бұларға сәйкес мүгедектігі бар барлық тұлғалар үшін шипажайлы-курорттық емдеудің мерзімі жылына 14 күннен кем болмайды.
– Көп жағдайда жәрдемақы – мүгедектің жалғыз табыс көзі болып саналады. Олар жәрдемақының өсуіне сене ала ма?
– Жәрдемақы мөлшері жыл сайын өседі. 2016 жылы жәрдемақы мөлшері екі рет өскен: күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты 7 пайызға және Елбасы Жолдамасына сәйкес 25 пайызға өсті. 2017 жылдың қаңтарынан бастап жәрдемақы өлшемдері 7 пайызға, 2018 жылдан бастап – 16 пайызға, 2019 жылы – тағы да 5 пайызға өсті.
Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда бір ай бұрын еңбекке жарамдылықты жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтауды қарастыратын өзгеріс енгізілген, яғни, бұл кезде енді еңбекке жарамдылықты жоғалтудың фактілі анықталған дәрежесіне негізделіп қарастырылады. Бұрын орташаландырылған коэффициенттер қолданылған. Мысалға, еңбекке жарамдылықты жоғалтудың 65 пайызы кезінде 0,5 орташаландырылған коэффициенті қолданылаған, енді 0,65 коэффициенті қолданатын болады.
Нәтижесінде, мысалы, 100 мың теңге жалақысы және 7 жыл өтілі бар, еңбекке жарамдылықты жоғалтудың 65 пайыз дәрежеленген жұмысшыға жаңа өлшемдерді ескерумен төлемнің мөлшері 23 мыңнан 31 мың теңгеге дейін арттырылады. Сонымен қатар, берілген жұмысшы мүгедектік бойынша базалық жәрдемақысын алады. 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін 2020 жылы жәрдемақы мөлшері 47710 теңгеге жетсе, сәйкесінше төлемнің жалпы сомасы 78790 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, тұрақты шет жақтан күтімді қажет ететін, бірақ не күтім үшін жәрдемақыны не жеке көмекші қызметтерін алмайтын 1 топтағы мүгедектер бар. Олардың саны шамамен 25 мың адам. Оларды күтетін туыстар жұмыс істей алмайды, осыған орай, олар үшін күтім үшін жәрдемақыны қарастыру өтініші айтылған.
Біз берілген өтінішті қарастырамыз және тұрақты шет жақтан күтімді қажет ететін және өзіне-өзі күтім көрсету және өздігінен жылжи алмайтын 1 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін күтім бойынша жәрдемақыны енгізуге бастамашылық еткіміз келеді.
– Мемлекет мүгедектер мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды ипотекалық несиелеумен қандай қолдау көрсете алады?
– Өткен жылдың желтоқсан айында ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Көмекпен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, ипотекалық қарыздарды төлеуде қиындықтары туған, сонымен қатар жалғыз тұрғын үйі банктердің балансына өткен 7,4 мың қарыз алушыны қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Солардың ішінен 1,3 мың – 1 және 2 топтағы мүгедектер немесе мүгедек балалары бар отбасылар.
Банктің шешімі бойынша мәселелі қарыз алушыларға негізгі қарыздың сомасы азайтылуы және берешекті өтеудің льготалы кестесі ұсынылуы мүмкін. Шешім әрбір қарыз алушы бойынша жеке-жеке қабылданатын болады.
Қолдаудың қосымша шарасы ретінде 2019 жылдың маусым айында Мемлекет басшысымен қазақстандықтардың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз несиелер бойынша қарыздарды алып тастау тапсырылды. Берілген жұмыстың аясында 18 жастан үлкен бала жасынан 85 мыңнан астан мүгедек пен мүгедек балалары бар отбасылардың мүшелері несие бойынша қарыздарды өтеуге мақұлдауды алды.
– Министрліктің артықшылықтарының ішінде мүгедектігі бар тұлғалардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндік жасау бар ма? Жұмыс істегісі келетін және істей алатындарға көмек беріле ме?
– Бұл біздің жаһандық мақсатымыз, бұған қол жеткізу қалған барлық мақсаттарды орындауды қарастырады, соның ішінде әлеуметтік оңалту, бейімделу және басқасы бар.
Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар тұлғалардың тек төрттен бір бөлігі еңбекке жарамды жаста және жұмыс істеп жүр. Ал, ЕЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 40 пайызға дейін жетеді.
2020-2021 жылдарға біз мүгедектігі бар тұлғалардың жұмыспен қамтылуы үлесін 30 пайызға дейін арттыру мақсатын алға қоямыз.
Берілген сұрақтар үкіметтік жобалық кеңсесі аясында шешілетін болады, бұл алдынан мүгедектігі бар тұлғаларды даярлау, жұмысқа орналастыруға және кәсіпкерлікпен айналысуға көмектесу, тиімді жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, мүгедектікті алдын алу және ескерту бойынша 4 тапсырма мен 26 нақты шараны қояды.
Мысалға, ағза функцияларының бұзылуы түрлеріне байланысты мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша нұсқауларымен мамандықтар Атласын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғалардың бизнес жобаларын қолдау мен ұлғайту, сонымен бірге, оларды мемлекеттік органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының колл-орталықтарына орналастыру жоспарда.
Сонымен қатар, көптеген елдерде норма бар, бұл нормаға сәйкес мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа алмаған компаниялар мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды. Біз бұл тәжірибені зерттеп жатырмыз, осы жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына, мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны 2-4 пайыз мөлшерде орындамаған ірі және орта компаниялар үшін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға шектеу орнату жағында өзгерістерді енгізуге бастамашы болуды жоспарлап отырмыз.
Осыған балама болып табылатын Жапония мен Германияның тәжірибесі бойынша компания мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындаудың орнына арнайы қорға өтемақыны төлей алатын механизмін қарастырамыз. Бұл елдердегі қордың қаражаты мүгедектігі бар тұлғаларға жұмысқа тұрғызуда көмек көрсетуде пайдаланылады. Мысалға, оларды оқыту, біліктілігін арттыру, тағылымдамаларын төлеу, арнайы жұмыс орындарын құру және т.б. үшін.
– Қала ішіндегі қозғалыс мәселесі мүгедектер үшін тағы бір жүрек ауыртатын сұрақ болып отыр. Мүгедектер таксиі мен қоғамдық көліктің қызмет көрсетуіне қолжетімділікті жақсарту бағытында қандай шаралар жасалмақшы?
– Берілген сұрақтар бойынша саясатты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі анықтайды. Алайда біз, мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті министрлік ретінде ИИДМ-не бірнеше ұсыныстарды енгіздік.
Мүгедектерді автокөлік құралымен тасымалдау бойынша қызмет көрсету ережелермен түнгі уақытта және демалыс күндері такси қызметін ұсыну тәртібі реттелмеген. Сонымен бірге, таксиге бір тәулік бұрын тапсырыс беру қажеттілігі, басқа аймақтарда мүгедектер таксиін алу мүмкіндігінің жоқтығы, бір таксиге бірнеше адамдарды отырғызуға және т.б. көптеген шағымдар келіп түсіп жатыр. Осыған орай, ИИДМ-не Ережелерге сәйкес өзгерістерді енгізу ұсынылып отыр.
Мүгедектігі бар тұлғалардың көбіне арнайы жабдықталған көлік қажет болмағандықтан, олар таксидің басқа да түрлерін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы көлік карталарын енгізуді ұсынды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғаларға әкімдіктің шешімі бойынша қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдіктер беріледі. Алайда, бұл мақсатта қаржыландыру жергілікті бюджеттен бөлінетіндіктен, жеңілдіктер берілген аймақта тұрып жатқандар үшін ғана тиесілі. Осылайша басқа облыстардан келген мүгедектігі бар тұлғалар льготалық жол жүруді қолдана алмайды.
Одан басқа, мүгедектер мен мүгедек балалармен бірге жүретін тұлғалардың қоғамдық көлікте жүруге льготаларды ұсыну мәселесі де бірнеше рет қозғалады.
Бұл ұсыныстар ИИДМ мен әкімдіктермен бірлесе отырып қарастырылатын болады.
– Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедек балаларды қолдауға бағытталған әртүрлі жобалар іске асырылып жатыр, бірақ балалардың ерте қолға алу және оңалту сұрақтары күн тәртібінен түспей отыр. Қауіп-қатер тобы мен дамудың бұзылулары бар балаларға кешенді көмек көрсетуді ұйымдастыруға бағытталған шаралар туралы айтып берсеңіз.
– Қысқа уақытқа нақты шараларды қамтамасыз ету үшін бір ай бұрын біз 18 басты іс-шарамен бірге «Қамқорлық» аймақтық жол карталарын бекітуді ұсынғанбыз, бұлар 2020 жылы нәтиженің 80 пайызын қамтамасыз етеді.
Мысалға, әрбір аймақта әлеуметтік оңалтудың және ерте қолға алудың жеке орталықтарын «Кенес» және «АРДИ» орталықтарының мысалында, мемлекеттің арнайы тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдерін қолдану есебінен ашу жоспарланып отыр.
Одан басқа, бюджеттің есебінен барлық аймақтарды 150 орындық әлеуметтік оңалту орталықтарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2020-2021 жылдары құрылыс Ақмола, Ақтөбе, Алматы облыстарында, БҚО, ШҚО, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте басталады.
Одан басқа, Елбасының «Қамқорлық» бастамасының аясында мемлекеттің аймақтарында жалпы білім беру мектептерінде инклюзияны қолдаудың 8 кабинетінің ашылуы да қарастырылған. «Қадамдық қолжетімділік» қағидасы бойынша емханаларда медициналық оңалтудың кіші және орта орталықтары ашылатын болады.
Отбасының сандық әлеуметтік картасын енгізу аясында мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен жұмыс істеудің жариялаушы моделінен анықтаушы моделіне өтетін боламыз. Яғни, егер бұрында мемлекеттік қолдау көмек сұраған отбасыларға ғана көрсетілген болса, енді «е-Халық» автоматтандырылған жүйесі арқылы әлеуметтік қызметтер өздері қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтап, оларға кешенді көмек көрсететін болады.
– АИТВ-мен ауырған балалар қандай көмек күте алады?
– Қазақстанда АИТВ-мен ауырған 530 бала өмір сүреді, солардың ішінде мүгедектікке 331 бала ие.
АИТВ-мен ауырған балаларға, мүгедектіктің бар-жоғына қарамастан, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бағыты бойынша қолдау көрсетіліп жатыр, осыған орай әртүрлі аймақтағы балалар әртүрлі көмек алып жатыр.
2019 жылдың желтоқсан айында біз барлық әкімдіктерге АИТВ-мен ауырған балаларға және олардың заңды өкілдеріне арналған, барлық аймақтарда 2 еселік күнкөріс минимумы мөлшерінде, яғни, айына 62 366 теңге бірыңғай жәрдемақысын қарастыруды ұсынғанбыз.
– Мүгедектер өмірін жақсарту бойынша жоспарда кохлеарлы импланттары бар балаларды есту-сөйлеу оңалту саласында қандай да бір өзгерістер жазылған ба?
– Кохлеарлы импланттары бар балаларды есту-сөйлеу оңалту саласында бірқатар мәселелер бар. Осылайша, кохлеарлі импланттары бойынша оталар бүгінде Нұр-Сұлтан және Алматының бірнеше ауруханаларында жүргізіліп жатыр. Ота жасаудан кейін бір ай өткен соң бұл мекемелерде бірнеше сағат ішінде сөйлеу процессоры орнатылады және бапталады.
Сонымен бірге, баланың тиімді оңалтуы үшін отаны жасаған медициналық ұйымда 7 күннен 10 күнге дейін бастапқы оңалту талап етіледі. Берілген кезеңде сөйлеу процессордың бапталуы, бейімделуі мен пайдалану бойынша оқытылуын жүргізу, психологиялық бақылау, балалар мен ата-аналарға кеңес берілуі керек. Алайда, 24 күн ішінде стационарлы оңалтуды кохлеарлы импланттаудан кейінгі балалар тек қана Нұр-Сұлтан қаласының балалар оңалтуының Ұлттық орталығында өтеді.
Сонымен бірге, бұл салада жоғары психологиялық-эмоциялық ауыртпалыққа және мемлекеттік мекемелерде төмен жалақыға байланысты білікті мамандардың жеткіліксіздік мәселесі де бар. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім мен ғылым, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің мәліметтер базаларының интеграциясы жоқ, бұнсыз бірыңғай статистикалық есепті жүргізу мүмкін емес.
Көрсетілген мәселелерді шешу үшін біз №26 бұйрығына кохлеарлы импланттары бар балаларды «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМК-да ота жасағаннан кейін алғашқы үш жыл бойы есту-сөйлеу бейімдеу жұмыстарын жүргізу жағында өзгерістерді енгіздік. Бұл оңалтумен ерте отадан кейінгі мерзімде анағұрлым көп балалардың санын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кохлеарлы импланттары бар балалардың ата-аналарының өтініші бойынша олардан ескі сөйлеу процессорларды міндетті алып алынуы тоқтатылды. Енді сөйлеу процессорлары өз еркімен ғана қайтарылатын болады.
Кохлеарлы импланттары бар балаларды сапалы мониторингтеу мен еріп жүру үшін қазіргі таңда ДСМ, БҒМ және ЕХӘҚМ мәліметтер базасын біріктіріп жатырмыз.
Одан басқа, медициналық ұйымдарға отаны жасамас бұрын психологиялық медициналық педагогикалық комиссиясының (ПМПК) қорытындыларын ескеру қажет, сонымен қатар, міндетті түрде балаларды кохлеарлы импланттаудан кейін тұратын орны бойынша ПМПК-на немесе психологиялық-педагогикалық ілесіп жүруді ұйымдастыру үшін ғылыми-практикалық орталығына (ҒПО) жіберу керек. Бұл мақсатта ДСМ сәйкес НҚА өзгерістерді енгізу жоспарланып отыр.
Осымен қатар, біз ота жасаған медициналық ұйымға 7 күн ішінде стационарлы режимде сөйлеу процессорды бастапқы орнатылуы мен баптауын ұйымдастыру бойынша жеткізушілердің міндеттемелерін қарастыру бойынша ұсынысымыз енгізілді. Бұл жасалған ота тиімділігін жақсартуға және баланы есту ортасына біріктіру үшін қажетті ерте оңалтудың жоқтығын өтеуге мүмкіндік береді.
«Қамқорлық» аймақтық жол карталарындағы кадрлық мәселелерді шешу үшін сурдологтар мен аудиологтардың біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. ЖАО-на да сурдологиялық кабинеттерін мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарда ашуды қамтамасыз ету тапсырылды.
– Тұрғын үй мәселесі – өзекті мәселелердің бірі. Мүгедектігі бар тұлғалар үшін ол тіпті, қиын болып отыр. Баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешудің қандай жолдары қарастырылуда?
– «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, тұрғын үй коммуналдық қорынан пайдалануға тұрғын үй берілетін халықтың әлеуметтік осал санаттарына 1 және 2 топ мүгедектері, сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатқызылады, яғни, берілген санаттарға 3 топтағы мүгедектер жатқызылмаған. Бұл олардың жағынан наразылықты тудырады.
Бұл кезде, 1 топтың мүгедектері тұрақты шет жақтан күтімді қажет етеді, толығымен басқа тұлғаларға тәуелді болып табылады. 2 топтың мүгедектері көмекші оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолданумен жартылай шет жақтан күтімді қажет етеді. Бұл топтар еңбек қызметін тек арнайы құрылған жағдайда ғана жүзеге асырады. Өйткені, берілген жағдайлар 3 топтағы мүгедектерге қатысты болмағандықтан, олар ХӘОТ санатына енгізілмеген.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғалармен тұрғын үйге бөлек «1 және 2 топтағы мүгедектеріне» және «мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларына» арналған кезектерін жасау сұрағы қозғалады. Осылайша 18 жасқа дейін тұрғын үй алмаған мүгедек балалар топты тағайындағаннан соң қайтадан «1 және 2 топтағы мүгедектер» санаты бойынша кезекке тұруы қажет.
Осыған орай, қазіргі уақытта ИИДМ тұрғын үй заңнамасына, кәмелетке толған соң мүгедек балалары бар отбасыларын есептен шығаруға болмайтын санатқа енгізу жағында өзгертпелерді енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар, барлық санаттарды тұрғын үйді кезекке тұрған күні бойынша бір оператор арқылы таратумен бірыңғай кезекке біріктіру мәселесі қарастырылып отыр.
– Қозғалысы шектеулі адамдардың қолжетімді ортасын қалаптастыру бағытында қандай шаруалар атқарылып жатыр?
– Мүгедектігі бар тұлғалар үшін кедергісіз ортаны құру бойынша тапсырма аясында қазіргі уақытта «Қолжетімді орта» порталы әзірленіп жатыр, бұл порталда мүгедектігі бар тұлғалардың мұқтаждықтары үшін бейімделген нысандары бойынша мәліметтер көрсетілетін болады. Бұл кезде нысандар қолжетімділігінің электронды картасы мүгедектердің өмір сүру шектеулерінің дәрежесіне негізделіп құрастырылады.
Берілген порталда жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде ақпаратты мемлекеттің төлқұжаттандыру және бейімделген нысандары бойынша жаңартады. Бүгінгі таңда порталға 31 мың нысанның мәліметтері енгізілген, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, мемлекеттік органдар, сауда, қызмет көрсету және т.б. нысандары бойынша.
Портал жұртшылыққа әрбір нысанның жүргізіліп отырған бейімделуінің сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда сонымен қатар, мүгедектердің құқықтарын реттейтін негізгі НҚА және мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінің байланыс түрлері орналастырылады.
– Әлеуметтік қызметкерлердің жалақылары қашан көбеймек?
–Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлердің лауазымдық жалақылары 68-120 мың теңге арасында. Нәтижесінде, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде еңбектің қарқындылығы мен қарбаластығына сәйкес келмейтін еңбек ақысының төмен деңгейіне байланысты білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалады.
Осыған орай, әлеуметтік жұмысқа білікті жұмысшыларды тарту және олардың көрсететін қызметтің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақыларының арттыруы психологиялық-эмоциялық және физикалық ауыртпалық үшін қосымша төлемдерді орнату арқылы жүргізіліп жатыр. Жұмысшыларға қосымша төлем сараланған түрде орнатылады, яғни, жұмыстағы қиыншылық пен жоғары қарбаластыққа байланысты. Осылайша 2020 жылдан бастап стационарлы және жартылай стационарлы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтін паллиативті санитарларға, медбикелерге және тәрбиешілерге жалақылары 40-45 пайызға арттырылған. Ал, үйге келіп жүретін және уақытша келіп жүретін санитарларға, медбикелерге және тәрбиешілерге арттыру 15-17 пайызды құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар