Ұлттық сананы қалыптастырудың берік ұстанымы

Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеевтің төрағалығымен аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде есеп беру жиыны болып өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аудандағы 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру жиынында іс-шаралардың негізгі нәтижелері, тұжырымдамалық ұстанымдар және одан әрі қызметті ұйымдастырудың нақты шаралары аясында, латын қарпіне көшу, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобалары бойынша баяндалды. Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, оның ішінде арнайы жобалардың жүзеге асырылуы жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды. Жиынға қатысушылар бағдарламадағы міндеттерді тиімді іске асыру үшін жобалық ұстанымды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Аудан жұртшылығы мен қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері және ел кәсіпкерлері «Рухани жаңғыру» бастамасымен атқарылған жұмыстарды қолдап, қуаттауда. Аудандағы меценаттар мен кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көптеген игі шараларды атқарды. Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан кәсіпкерлерімен «Туған жер» бағдарламасы аясында 50-ден астам жоба жүзеге асырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аудан азаматтарының одан әрі рухани дамуы-
на үлкен серпін берді. «Родина» агрофирмасы» қаражаты есебінен Родина ауылында жедел басқару орталығы ашылды, мектеп автокөлігі сатып алынды, мектеп асханасы күрделі жөндеуден өтті. Зеленый Гай ауылындағы ауыл клубы мәдени-сауықтыру орталығы ретінде жабдықталып және үш кабинет күрделі жөндеуден өтті, лабораториялық кабинеті, жолаушыларға арналған сапаржай және жаңа полиция бекеті ашылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәншүк серіктестігімен 80 орындық балабақша ашылып, мемлекет меншігіне берілді. Оған қоса, аудан кәсіпкерлерімен Қосшы ауылында жекеменшік мектеп және Жаңажол, Қараменді батыр, Қараөткел ауылдарында клубтар, Шалқар
ауылында жастар орталығы ашылды. 2020 жылы Рақымжан Қошқарбаев ауылында ауылдық клуб ашу жоспарлануда. Ақмол ауылындағы аудандық соттың алдына үш биге бюст орнатылса, Тайтөбе ауылында «Ғасырлар аманаты – қасиетті Ақмола» стелласы, Қабанбай батыр ауылында «Дара» қайырымдылық қорының қатысуымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған ресурстық орталық, аудандық емханада жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты ауруларымен ауыратын науқастарға арналған «Медициналық оңалту» бөлімшесі, «Рухани жаңғыру» саябағында «Ұлы даланың ұлы есімдері» – аллеясы және Целиноград аудандық әкімдігінде «Ұлы даланың Ұлы Есімдері» атты нақыл сөздері жазылған фотогаллереясы ашылды. Мәншүк ауылында жасанды көгалмен көмкерілген футбол-баскетбол алаңының және ұстаздарға арналған жаңа жатақхананың құрылысы басталды.
Жалпы, 2020 жыл мерейтойлық іс-шараларға толы болатыны белгілі. Бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы және Волонтер жылы. Бұл іс-шаралардың барлығы біздің халқымыздың, еліміздің одан әрі дамуы мен нығаюына бағытталған. Жаппай қолға алынған мұндай игілікті шараның астарында ел мен жерге, Отанға деген асқан құрмет пен байтақ Қазақстанға деген шексіз патриоттық сезім жатқаны сөзсіз. Демек, мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан бұл жоба жастардың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыратыны ақиқат.
Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев сөзінің соңын: – «Ұлттық сананы қалыптастыру мен мәдени мұраны сақтау – ұлттық ұстаным болу керек. Осы жолда, бүгінгі мемлекет тарапынан енгізіліп отырған үлкен бастама – ұлттық сананы жаңғырту, жаңа әліпбиге көшу және басқа да жаңа қадамдар, ол үлкен саяси және идеологиялық жұмыс. Осы істі бәріміз бірігіп жасауымыз керек», – деп түйіндеді.

Дидар ОРАЛБЕКҰЛЫ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар