О, Атбасар, Алашымның мақтанышы!..

Жабай өзені жағасында жайған кеңге қанатын,
Атбасардың орны бөлек Алаш үшін алатын.
Ұлы Абай туған жылы қадалған алғаш қазығы,
Сол кезеңнен тарқалады Атбасардың тарихы,

Ат базары, жәрмеңкелер өткен осы өңірде,
Шырқалған алғаш Ақан, Біржан әні де.
Қажымұқан, Балуан Шолақ боз кілемде белдескен,
Қазағымның ұлылары Атбасарда жүздескен.
Революция бесігін Майкөт Әділбек тербеген,
Қан майданда Ақан Құрманов ерлеген.
Анатолий Храпатый Олимп шыңына өрлеген,
О, Атбасар Алашымның мақтанышы сен деген!

Атбасардың әр кезеңі шежіре,
Жарасып тұр қойған аты өзіне.
Қонаевтың қайын жұрты Атбасар,
Димаш ата бөленген сырлы сезімге.

Тың қақпасы, мол астықтың мекені,
Жайлауында төрт түлік мал өседі.
Өндірісі өрге басып үнемі,
Атбасарға көп инвестиция төгеді.
Абайменен құрдас қала келбетті,
Ақын рухы Атбасарды тербетті.
Той алдында тотыдайын түрленді,
Шаһар бүгін нұрланды да гүлденді.

Қараңызшы Атбасарға көз салып,
Айтатұғын игі істер көп мақтанып
Абайменен қатар келген тойына,
Арудайын көріктенді сыланып.
Желбіресін Тәуелсіз Ел байрағы,
Арман, тілек орындалсын ойдағы.
Арқадағы Атбасардай қаланың,
Көп болғай мерейтойлары!

Қалымбек МҰХАМЕДЖАНОВ,
Қазақстан Республикасының
құрметті журналисі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар