Тұтынушылар мүддесі – назарда

Жуырда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ақмола филиалында «Doing Business» рейтингінде «электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» аясындағы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты электр энергиясын тұтынушы кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Кеңесте Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменттің өкілдері Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы техникалық шартты беру бөлігіндегі заңнаманың орындалуына ай сайын мониторинг жүргізу, электрмен жабдықтаудың жобалық шешімдерімен келісу және келісім-шарт жасау, сондай-ақ, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімі жөнінде сөз болды.
Электр энергетикасы туралы Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезіндегі екі рәсім алынып тасталды. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беру мерзімі және энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылардың жобалық шешімдерін өзара келісу арқылы шешілетін уақыт мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісім-шартты жасау мерзімі де шектелді. Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру мерзімінің қысқартылуы туралы (14 күннен 5 күнге дейін), энергия беруші ұйымдардың тұтынушылардың жобалық шешімдерімен келісу мерзімінің қысқартылуы туралы (20 күннен 3 күнге дейін), энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың энергиямен жабдықтауға арналған шартты жасау мерзімінің қысқартылуы туралы (7 күннен 3 күнге дейін) рәсімдерді атап өткен жөн. Осы орайда, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс 300-1-баппен толықтырылып, аталмыш бап бойынша энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі энергия беруші ұйымның лауазымды тұлғасына 125 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл баптағы лауазымды тұлға – энергия беруші ұйымның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы лауазым иесі екенін атап өту керек. Бұл тұрғыда Әкімшілік кодекс тағы бір 301-1-бабымен (электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу) толықтырылғанын атап өткен жөн. Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу – кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және техникалық шарттарды беруден бас тарту – елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатынын мәлім етеміз.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес электр энергетикасы саласында ҚР нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Осыған орай аталмыш заң бұзушылықтар анықталатын болса, аумақтық департаментке мына мекен-жай бойынша хабарласуды ұсынамыз: Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230 үй, тел. 8 (7162) 257867, 251316.
Бақжанат ДІЛДАХАНҰЛЫ,
ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық аумақтық
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар