Балдырғандар ән салып, би биледі

Көкшетау қаласындағы №21 «Ақбота» бөбекжай-бақшасының №1 «Күншуақ» ортаңғы тобында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты тақырыпта ертеңгілік болып өтті.

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейтесті мәселесі. Еліміздің ертеңі бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін сіңіріп, жалғастырып, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсуі үшін балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың атқарар міндеті орасан зор.
Осы орайда, Көкшетау қаласындағы бөбекжай-бақшада жыл бойы балалар танымын кеңейтетін, ой-өрісін дамытатын түрлі тағылымды кештер, әртүрлі мерекелік шаралар, ойын түрлері өткізіліп тұрды. Ұлттық ойындар, ертеңгіліктер, байқауларды өткізу арқылы балалардың қиялын, шығармашылық шабытын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту және педагогтардың педагогикалық білім, біліктілік дағдыларын көтеру басты мақсатымыз болып табылады.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген Наурыз мерекесінің берер тағылымы зор. Ертеңгілік барысында балдырғандардың бірі ән салса, енді бірі би биледі. Бәрі де бір-бірінен асқан өнерпаз. Біздегі мақсат өз тобымыздағы балаларға саналы тәрбие, сапалы білім беру болып табылады. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болса да тәрбие жүйесіндегі негізгі талаптарының бірі. Ал, біздің халқымызда бұл талап ежелден жоғары болған.

Зейнеп МӘЖИТҚЫЗЫ,
Мұңайтпас НҰРЛАНҚЫЗЫ,
Көкшетау қаласындағы №21 «Ақбота» бөбекжай-бақшасының №1 «Күншуақ» ортаңғы топ тәрбиешілері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар