Сыйлыққа – 500 кітап

«Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының бастамасымен «Жастар – Отанға!» жобасы аясында «Кітап – ең құнды сыйлық» атты қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.

Қайырымдылық шарасында мүмкіндігі шектеулі жарымжан жандар мен қарттар үйлеріне тегін кітаптар жеткізілді. Щучинск қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде Бурабай аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Я.Стерлиговтың қатысуымен мерекелік концерт өтті. «Кітап – ең құнды сыйлық» науқаны барысында жиналған 100-ге жуық кітап мекеме кітапханасына табыс етілді. Сондай-ақ, Целиноград, Жарқайың аудандарында да жасотандықтардың ұйымдастыруымен бірқатар осындай шаралар өткізіліп, қарияларға  кітаптар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Қарттар мен қамкөңіл жандардың көңілін көтеру мақсатында мерекелік концерттер де ұйымдастырылды. Шара аясында роман, энциклопедия, тарихи оқиғалар жайында жазылған 500-ден астам кітап жаңа оқырмандарына жол тартты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар