Тегін дәрі-дәрмекті босатудың шындығы

Амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетiлдiру, соның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары арқылы дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету  мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің  2010 жылғы  29 қарашадағы №1113 Қаулысымен бекітілген  «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Бірақ, 2010 жылға дейін облыстың бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында дәріхана пункттері болмаған, ауруханалар мен емханалар тегін дәрілік заттарды босатумен айналысқан жоқ. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 800,0 млн. теңгеден 1,2 млрд. теңгеге дейін қаражат бөлініп отырды. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік препараттарды жеткізушілер анықталды. Бұдан басқа, осы өнімді берушілер өздерінің дәріханалық пункттері немесе басмердігерлік ұйымдар арқылы дәрігерлердің рецептері бойынша дәрілік препараттарды босатуды іске асырып отырды. Осы қызметтері үшін басқарма оларға препараттың құнынан 25 пайызға дейін төлем жүргізді.
Осы жылдары облыста «Нодфарм-Көкшетау»,  «Стофарм», «КФК «Медсервис Плюс» ЖШС-лары конкурсқа қатысып келді. Жыл сайын қыркүйек-қазан айларында фармацевтикалық фирмалар шарттар бо-йынша бюджет қаражаттарының таусылуына байланыс-
ты, тегін дәрілік препараттарды босатуды тоқтататып отырды. Осыған байланысты, 2011 жылы денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарына  талдау жүргізіп, нәтижесінде мынадай жағдайлар анықталды. Біріншіден, жылдан-жылға өнім берушілер алдындағы кредиторлық берешектер жиналып (2009 жылы 62,8 млн. теңге, 2010 жылы 45,0 млн. теңге,  2011 жылы 102,8 млн. теңге), бұлар келер жылға бөлінген қаржылай қаражаттардың есебінен жабылып отырған. Екіншіден, денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың тарапынан дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандырудың дұрыстығын және толықтығын қадағалау болмаған. Үшіншіден, ауыл тұрғындары үшін тегін дәрі-дәрмектік көмек қолжетімсіз болуы мен аудан орталығының алыстығынан және көлік шығындарынан ауыл тұрғындары қажетті дәрі-дәрмексіз қалып, тіпті, облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылының тұрғындары да дәріханалық пункттердің болмауынан тегін дәріні алу үшін Көкшетау қаласына баруларына мәжбүр болған. Төртіншіден, жекелеген нозологиялық формалардың дәрілік заттарын пациенттер қаланың әр жерінде орналасқан, бірнеше дәріхана ұйымдарынан алуына тура келген. Бесіншіден, тегін дәрілік заттарды іске асыратын жеке меншік дәріхана ұйымдарында дәрілік заттардың бары туралы амбулаторлық-емханалық ұйымдардың мамандарында дер кезінде ақпараттың болмауынан, уақытылы рецептер жазып беруде қиындықтар туындаған. Алтыншыдан, дәрілік заттарды басқа заттарға және медициналық бұйымдарға, гигиена заттарына ауыстыру немесе рецептерді ақшалай қаражаттармен жабу фактілері орын алған.
Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, тұрғындарға, әсіресе, ауыл тұрғындарына қолжетімді дәрі-дәрмектік көмекті қамтамасыз ету, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану, есепке алуды ретке келтіру мақсатында денсаулық сақтау басқармасының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 684-әкімшіліктік бұйрығымен «Ақмола облысының жекелеген санаттағы азаматтарын тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуді дамыту және одан әрі жетілдірудің 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленіп бекітілді. Бағдарламаға сәйкес дәріхана қоймасы құрылды, аудандық және қалалық емханалар жанында дәріхана пункттері ашылды, кезең-кезеңмен тегін дәрілік заттарды босату үшін дәрігерлік амбулаториялар жанынан дәріхана пункттері ашылуда, өйткені, бұл нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына қайшы келмейді.
Осының нәтижесінде бұрын фармацевтикалық қызметтерді сатып алуға кететін қаражат  (жыл сайын
250,0 млн теңгеге дейін) сатып алынатын дәрілік заттардың саны ұлғайтуға жіберілді, яғни, ол 2012 жылдан бері фармацевтикалық қызметті алып тастағаннан кейін кредиторлық берешекті жоюға мүмкіндік берді. Сатып алынған дәрілік заттардың мөлшері әр жылдың соңына және келесі жаңа жылдың басына дейін (2-3 айға дейін, тұрғындарға ай сайын
дәрілік заттарды босату 100 миллион теңгеден 130,0 млн. теңгеге дейін іске асырылады) дәрілік заттарды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізгенше онымен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге мүмкіншілік туғызды. Медицина қызметкерлері дәріхана пунктіндегі дәрілік препараттың бары туралы үнемі ақпарат алып отырды. Тегін дәрілік заттарды ай сайын оқытылған медицина мамандары ауылдарға тізім бойынша жеткізіп тұрады, ол пациенттердің аудан орталығына дәріге бола шығуын болдырмайды.
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары жанынан, болашақта ауылдық жерлерде жаңадан салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарында  дәріхана пункттерінің жүйесін кеңейту көзделіп отыр. Сонымен қатар, жоғарыдағы бағдарламаны енгізіп, іске асыруда анықталған жекелеген олқылықтар жұмыс барысында  реттеліп, жетілдірілуде. Жалпы, бұл бағдарлама үшінші жыл іске асырылуда.
Бірақ, коммерциялық құрылымдар тарапынан негізсіз кінә тағулар толастар емес. Олардың кәсіпкерлер палатасына жолдаған өтінішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасының іске асырылуынан  ауылдарда 405 жеке меншік дәріхана пункттерінің жабылғаны туралы айтылған. Алайда, «Е-лицензиялау» электронды порталының деректері бойынша  2012-2013 жылдары және 2014 жылдың өткен кезеңінде фармацевтикалық қызметті іске асыруда  лицензиялар қайтарылуы орын алған жоқ, яғни, жоғарыда аталған фактілер шындыққа сай келмейді.
Амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік препараттар сондай-ақ, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Атбасар, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласында іске асырылады. Бұндай мүмкіндіктер басқа фармацевтикалық фирмаларға да берілген болатын.
Атап кету керек, 2012 жылы амбулаторлық тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге қатысу үшін бөлшек сауда бизнесі субъектілерін тарту бойынша іс-шаралар өткіздік. Ірі бөлшек сауда бизнесі өкілдерінен шақырылған 12 фирманың ішінен тек екі фирма ғана «Левзея» ЖШС (Федоренко В.А) және  «Арша» ЖШС (Каскарова Ж.Е.) осыған қатысуға келісімін берді. Мұның өзі фармқұрылымдардың  қаржылық мүмкіндіктерінің  немесе дайындығының жоқтығын көрсетеді.
Жоғарыда аталған екі фармфирмада өздерінің мүмкіндіктерін бағаламай қатысып, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің іркілісіне әкеп соқтырып, пациенттердің тарапынан жаппай  шағым туындауына жол берді. «Левзея»  ЖШС фармфирмасының өкілі В.А.Федоренконың
ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен қоғамдық кеңесте, облыстық фармацевтикалық Қауымдастықтың атынан көпшілік алдында біздің тарапымызға қолданыстағы нормативтік талаптарға қайшы келетін айыптар таққан әрекеті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелерінде өзінің құзырлығына күмән келтіртеді. В.А.Федоренконың денсаулық сақтау басқармасының дәрілік заттарды сатып алуды өткізу құқығы жөнінде  қозғаған мәселесіне келсек, ол талқылауға жататын немесе күмән келтіретін сауал
емес, өйткені, кепілдік берілген көлемді дәрілік заттарды сатып алуды ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІҮ Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 166 бабына сәйкес облыстардың мемлекеттік денсаулық сақтау саласын басқаратын жергілікті органдар іске асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы  №1729 Қаулысына сәйкес дәрілік заттарды немесе фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды іске асыру тапсырыс беруші – денсаулық сақтау басқармасының айрықша құзыреті болып табылады.
Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік орган бола тұра өзінің жұмысын заңға сәйкес заңды түрде іске асыруда. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы негізінен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі мемлекеттік органның қызметіне фармбизнестің араласуын қисынсыз деп есептейміз.   
«Левзия» ЖШС басшысы В.А.Федоренконың бұқаралық ақпарат құралдарындағы негізсіз айып-
таулары дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындар арасында әлеуметтік қолайсыздықты тудыруға итермелейді.  
Денсаулық сақтау басқармасы әзірлеген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін тоқтатқан жағдайда, ауыл тұрғындары аудан орталығына шықпай-ақ тегін дәрілік заттарға қолжетімділігінен айырылады. Сондай-ақ, мұның өзі көлік шығынымен бірге фармацевтикалық қызметтерге қосымша қаржылай қаражат бөлуді талап етеді.  
Бүгінгі таңда елді мекендерде дәріхана желілерінің жоқтығынан, жеке меншік дәріхана құрылымдары тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыруға дайын емес. Айта кету керек, соңғы үш жылда жеке құрылымдар, соның ішінде тегін дәрілік заттарды босататындар өздерінің дәріхана желілерін, оларды қазір де, болашақта да ашудың  тиімсіздігі себебінен  кеңейткен жоқ. Болашақта жаңа үлгімен мемлекеттік дәріхана пункттерін құрғанда, тегін дәрілік заттарды босатумен қатар, «әлеуметтік дәріхана» міндетін орындап, өте төмен бағамен дәрілік заттарды іске асырудың жай-жапсары қарастырылған, өйткені, жеке меншік дәріхана құрылымдары бұндай міндеттерді іске асырудан бас тартып отыр. Біз басқарма әзірлеген тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі жетілдіріле отырылып, әрі қарай іске асырылатын  тиімді де оңтайлы және айқын нұсқа деп санаймыз.  
Мүдделі тұлғалардың тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелеріне қисынсыз араласулары-нан денсаулық сақтау басқармасы бірнеше рет бақылаушы органдар тарапынан тексерулерге душар болуда.
Үстіміздегі жылғы 28 қазанда облыстық «Арқа ажары» газетінде жарық көрген тілші А.Оспановтың  тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты  «Өзара түсіністік керек» атты мақаласында автор мән-жайды толық анықтамай, кәсіпкерлердің мүддесіне сай біржақты ғана пікір білдірген. Осы таяу-да ғана «Медсервис Плюс» қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ы директоры Л.П.Кравченконың тарапынан біздің басқарманың атына «Левзея» ЖШС-ы директоры В.А.Федоренконың дәрі-дәрмектің сапасы мен қауіпсіздігіне білдірген күмәнін жоққа шығарған хат келіп түсті.
Сонымен, қорыта айтқанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының  үш жыл  бойы  іске асырып келе жатқан жаңа  бағдарламасы жергілікті тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге толық жағдай жасауға бағытталған нәтижелі іс  болып отыр. 

Қасымжан ТӘШМЕТОВ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар