Бала күтіміндегі аналарға – зейнетақы жарнасы

 Мемлекетімізде бала күтіміне байланысты үйде отырған аналарға баласы бір жасқа толғанға дейін міндетті жәрдемақы төленетіндігі белгілі.

  Бұрындары олар тек жәрдемақы ғана алып келсе, өткен жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына толықтырулар енгізу нәтижесінде декреттегі жас аналарға ай сайын зейнетақы жарнасы да аударылып отырады. Бұлай жасау өте тиімді деп ойлаймыз. Өйткені, ол жұмыстан уақытша қол үзіп, баласының күтімімен ғана айналысатын жандарға болашақта жақсы зейнетақы қорын жинауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Оның мөлшері ай сайынғы кіріс көзінің он пайызын құрауы тиіс, яғни, алты пайызы бюджет есебінен төленсе, қалған төрт пайызы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен аударылады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде ескерілген орташа айлық табысының мөлшері 100 мың теңгені құраса, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты осы табыстан қол үзген жағдайда қордан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері 40 мың теңгені, яғни, орташа айлық табыс мөлшерінің   қырық пайызын құрайды. Бұл – жәрдемақы алушының зейнетақы есепшоты бір жылда 72 мың теңге субсидиямен толығады деген сөз.  
Егер агенттің он пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аударуы кезінде оның басқа жерге көшуі, қайтыс болу жағдайы, жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі кезінде, босатылған және шеттетілген қамқоршылар туралы мәліметтер келіп түскенде бала күтімі бо-йынша әлеуметтік төлемді алушыға субсидиялау тоқтатыла тұрады.
Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда біздің облыста бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны үш жарым мың адамды құрайды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына субсидиялау сомаларын аудару үшін бюджет қаражатынан ай сайын 8 миллион теңге жұмсалады.     
Қымбат СМАЙЫЛОВА,
зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы  Ақмола облысы бойынша
филиалының маманы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар