Бюджеттің орындалуына баға берілді

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 142-бабына сәйкес, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы 2014 жылғы облыстық бюджеттің орындалуына өз бағасын беріп, осының тиісті есебін облыстық мәслихатқа ұсынды.

  Ағымдағы жылдың 22 мамырында облыстық мәслихаттың сессиясы өткізіліп, 2014 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы жөнінде мәселе қаралды. Тексеру комиссиясының есебінде бюджеттік үдерістерді қараумен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтитын көрсеткіштерін талдау нәтижелері көрсетілген. Елбасының ел халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген нақты шаралардың және облыс әкімдігіндегі барлық құрылымдардың бірлескен күш-жігері                                                                                                                                       арқасында экономиканың барлық саласында дамудың оң серпіні сақталды.
Өңір дамуының негізгі біріккен көрсеткіші –  жалпы өңірлік өнім есептік кезеңде 6,6 пайызға (1 триллион 61 миллиард 46 миллион теңгеге) өсті. Оның өсімі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс сияқты экономиканың базалық салалары дамуының есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, есептік кезеңде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының өсу көлеміне қол жеткізіліп, жалпы өңірлік өнім сәйкесінше 27,8 және 22,5 пайызды құрады. Жоғары инвестициялық белсенділікті де атап өткен жөн. Есепті жылы 181 миллиард теңге инвестиция тартылды.
Жұмсалған күш-жігер үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығын оң көрсеткіштермен аяқтауға мүмкіндік берді. 5 жылдың ішінде Индустрия-ландыру картасы бойынша 49 жоба жүзеге асырылды. Оның 15-і өткен жылы іске қосылып, 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 143 миллиард 378 миллион теңгеге немесе 100,2 пайызға орындалды. Өткен жылдың бюджет шығынын талдай келе,  2013 жылмен салыстырғанда бюджеттің орындалуының негізгі көрсеткішінің 8,3 пайызға өсуі қамтамасыз етілді. Мәселен, 2013 жылы бюджетті игеру 99,5 пайызды құраса, 2014 жылы шығыс бөлігінің жоспары 99,7 пайызға орындалды. Былтыр  482,6 миллион теңге игерілмей қалғанымен, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 146,4 миллион теңгеге кем.
Тексеру комиссиясы шығынды сапалы жос-парлау, кірісті жоспарлау және орындау кезінде бюджет жүйесінің қағидасын бұзбау, сондай-ақ, бюджетті толық орындау бойынша шара қолданбаған мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру қажеттігі мен кредиторлық және дебиторлық қарызды өтеу  жөнінде атап өтті. Бюджеттік жүйе мен нормативтік-құқықтық актілер және өзге де бағдарламалық құжаттардың қағидаттарын сақтау, жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі мемлекет бөлген әр теңгенің өз жемісін беріп, облыс экономикасының өсуіне кепіл бола алады.

Мереке МҰСТАФИН,
Ақмола облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар