Әйел кәсіпкерлердің шоқтығы биік

 Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Рес-публикасы  Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Төрайым орынбасары Ләззат Сүлеймен  Көкшетау қаласындағы әйел кәсіпкерлер басқаратын бірқатар кәсіпорындарды аралады.  Меймандармен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  бірге болды.

  Алдымен, «Молоко Синегорье» КСЗ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған елордалық қонақтар  өндіріс процесімен жан-жақты танысты. Кезінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында  іске қосылған бұл кәсіпорын бүгінде тәулігіне 200 тонна сүт өнімдерін өндіреді. Қазір мұнда жұмысшылардың 70 пайызы жаны нәзік әйелдер болып табылады.
– Біздің кәсіпорынның іргесін қалауға әйел кәсіпкерлердің ерекше үлес қосқанын мақтанышпен айта аламын, – дейді зауыт директоры Елена Михайлова. – Жалпы, әйел- ана – отбасы ұйытқысы ғана емес, бизнестің өрісін де кеңейтіп жүрген тұлға.
Меніңше, еркек пен әйелді жіктеп, бірінің құқығы бірінен төмен деп байбалам салу жөн емес. Кәсіпкерлік саласында жүргендердің 40 пайызы әйелдер. Мемлекеттік қызметте де олардың үлесі басым. Сондықтан, гендерлік саясат тұрғысынан алғанда біздің елімізде жыныстық тепе-теңдіктің ара-жігі алшақ деу де қисынға келмейді.
Бүгінде ер адамның да, әйел жандылардың илегені бір терінің пұшпағы. Елбасы жүргізіп отырған көреген саясат та ешкімді жынысына, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітпеуге  негізделген.  Биылғы жылдың нау-
рыз айында біздің кәсіпорында болған Ұлт Көшбасшысының өзі де осы жайларды сөзіне арқау етті.
Комиссия басшылары «Келешек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де әйел жандылардың қажырлы жұмысына қанықты. Кітап, полиграфиялық өнімдер шығару оңай шаруа деуге келмейді. Ұңғыл-шұңғылы көп істі тиянақты тындырып жүрген жандарға Астанадан келген меймандар дән риза болды. Оларға баспахананың жұмыс үрдісі туралы серіктестік директоры Көгершін Бексұлтанова жан-жақты мағлұматтар ұсынды.  Ол мұнда жылына бір жарым миллион дана кітап шығарылатынын атап көрсетті. Соңынан меймандарға сыйға баспахана өнімдерінен естелік кітаптар тарту етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар