Планшет сыйлап, қуанышқа бөледі

Халықаралық балаларды қорғау күні аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып,  сыйлықтар үлестірілді.

«Нұр Отан» партиясының  «Бақытты балалық» жобасы шеңберінде өткен шара барысында «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ресурстық орталығының белсенділері мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына танымал мульт-
фильм кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, би билеп, көңілдерін көтерді. Сондай-ақ, балаларға дастархан жайылып, тәтті тағамдар үлестірілді. Шараға келген барлық балаларға планшеттер сыйға тартылды.
– Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, жандарын жадырату бәріміздің ортақ борышымыз. Сыйлығымыз көптеген елдерде қабылданған инклюзивті білім беру бағдарламасының одан әрі қалыптасуына аз да болсын үлес болып қосылады деген үміттеміз, –  дейді  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махсетбай Серікбаев.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар