Жекешелендірудің екінші толқыны

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жекешелендірудің екінші толқынын өткізу үшін ел Үкіметі мемлекеттік сыңайлы секторлардағы ұйымдарды бәсекелестік ортаға беру жөнінде 2014-2016 жылдарға арналған кешендік жоспарды қабылдады. 

  Жекешелендірілетін нысандардың тізбесі республикалық сараптама комиссиясының  белгілі бір критерийлеріне сәйкес жасалынды. Жекешелендіруге мемлекеттік мекемелер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайтын, мемлекеттік функцияларды орындамайтын, әлеуметтік қызмет көрсетпейтін, нарықтық ортада жұмыс істейтіндер ғана жатады.
Облыстағы коммуналдық меншіктегі мемлекеттік сыңайлы секторлардағы 13 субъектіні жекешелендіру қарастырылған. Оны жүзеге асыру 2015-2016 жылдарға жоспарланған. Спорт саласындағы, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау, көгалдандыру, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар және автобус паркі сияқты нысандар жекешелендіріледі.
Жекешелендіруге жататын нысандардың тізімі www.gosreestr.ru мемлекеттік мүлік тізбегінің веб-порталында орналастырылған. Мұндағы ақпарат ашық әрі қолайлы болып орналастырылғандықтан, онымен кез-келген адам таныса алады.
Нысандарды жүзеге асыру механизімінің ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Мемлекеттік мүлік комитетінің электронды сауда алаңы арқылы сату жүзеге асырылады. Мемлекеттік сыңайлы секторлардың субъектілерін жекешелендіру экономикада мемлекеттің қатысуын қысқартуға және жекелей салаларда жекеменшік бизнестің дамуына мүмкіндік береді.
Жекешелендіруді өткізу жекелей тауар нарығында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды, бизнесті қолдау және бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, инвесторлардың келуі кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне әсер етіп қана қоймай, ұсынылатын қызмет сапасын да арттыратын болады.

Талғат ХАСЕЙІНОВ,
облыстық қаржы басқармасы
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар