Өткен сенбі күні футболдан Премьер-Лигада сынға түсіп жатқан Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы осы аттас стадионда Павлодардың «Ертісін» қабылдады.

 Бұл ойынды әдеттегідей облыс әкімі Сергей Кулагин де тамашалағанымен, алаң иелері қонақтарға 0:1 есебімен есе жіберіп алды. Бұл алғашқы алтылыққа ене ме деп үміттенген «Оқжетпестің» өз алаңында қатарынан екінші жеңілісі. Өткен жолы 1:3 есебімен Алматының «Қайратынан» ойсырай ұтылған.
Ойын тағдыры матчтың екінші жартысында шешілді. Кездесудің 59-шы минутында Алоссане Идияеның баспен ұрған добы біздің қақпашының қателігінен қақпаға дөп түсті. Бұдан кейін жерлестеріміз қанша тырысқанымен, дұрыс ойын өрнегін көрсете алмады. Қайта шабуылы тегеурінді көрінген Ертістің гол еселемегеніне шүкіршілік еттік.
Қазір 22 ұпай жинаған оқжетпестіктер сол бұрынғысынша ойын кестесінің 6-шы сатысында. 28 маусымда жерлестеріміз өз алаңында «Атырау» командасын қабылдайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар