Балқадишаға ескерткіш орнатылды

Сұлу да әсем сымбатымен халықты тамсандырған, атақты Ақан серінің шабытына шабыт қосып, «Балқадиша» әнінің туындауына себепші болған аруға Зерендіде ескерткіш орнатылды.  Туған ел тұлғаларын ардақтай білетін бүгінгі ұрпағының құрметін атап өтуге лайық.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Асқар Мұратұлы және Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының түрлі қоғам өкілдері мен ақын-жазушылары  қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қолға алынған аталмыш жобаны іске асыру өткен жылдың тамыз айында басталыпты. Жобаның авторы – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Юрий Попов. Ескерткіштің құны – 5,5 миллион теңгені құрайды.
Мүсін бетоннан дайындалып, қола түсті арнайы жабындымен қапталған. Ескерткіштің биіктігі 4,2 метрді құраса, салмағы 6 тонна, ал тастұғырдың биіктігі  – 3,7 метр.
Бұл архитектуралық ескерткішті орнату арқылы Зеренді ауылы жаңа саябақтық мүсінмен одан әрі көркейе түсті деуге болады. Ескерткіштің салтанатты түрде ашылу сәтіне қатысқан, Ақан серінің өлмес жыр жолдарындағы аңызға айналған кейіпкері Балқадишаның ұрпақтары ескерткішті орнатушыларға алғыстарын білдіріп, игі тілектерін арнады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар