Оқыс оқиғалар орын алмаса екен

Күн ысыған сайын су жағалауларындағы халықтың қарасы көбейетіні белгілі. Осы орайда, жаз айларында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғалар жиі орын алады.

Аталмыш жағдайлардың себептері де әртүрлі. Мәселен, бірі көлдің немесе су көзінің кез келген жеріне суға түссе, кейбірі жағалауда спирттік ішімдікке сылқия тойып алып та түсе береді. Мезгілсіз уақытта, судың салқындығын ескерместен шомылып, белгілі ережелерді сақтамаған адамдар қайғылы жағдайларға жиі ұшырайды.
 Жаз маусымы – мектеп оқушыларының демалыс уақыты. Суға түскенде балаларды қараусыз қалдыру өте қауіпті. Ересектер балаларды көзден таса қалдырмай, бақылап отырулары тиіс. Осыған орай, мамандар облыс көлемінде орналасқан лагерьлерде қауіпсіздікті сақтау шараларын түсіндіру мақсатында арнайы су айдындарын бақылауға алу, демалушы балаларға суда жүзу тәсілдерін үйрету сабақтарын жүргізу және суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мен алғашқы жәрдем  көрсетуді үйрету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Дәмегүл ШӘШКЕНОВА,
Көкшетау қаласындағы құтқару
бөлімшесінің медбикесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар