Имамдар білімін көтерді

Имам, молдалардың біліктілігін көтеру заман талабынан туындайды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да мұндай шараларды жандандыру қажет екенін атап көрсеткен еді.

Жақында Атбасар қаласында облыс аудандарының ауыл молдаларына арналып арнайы семинар өтті.  Онда шариғаттың әр саласы бойынша тағылымды дәрістер берілді.
Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің  наиб имамдары Дінмұхаммед Сманов, Серік Ергебекұлы және «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қанат Алшымбаев жиналған дін өкілдерімен  қазіргі дін адамы қандай болу керек деген мәселе төңірегінде келелі әңгіме өткізді.  Семинар соңында барлық дәріс алған молдаларға сертификаттар табыс етілді.
Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар