Техастағы қазақ мектебі

Таяуда NUR.KZ сайтында журналист Адиля Түгелдің  АҚШ-тың Техас штатында қазақ эмигранттарының қазақ мектебін ашқаны жөніндегі хабары жарияланды.

Журналист ондағы қарапайым қазақтардың тіршілігін көріп таң қалған. Мектеп үйі кәдімгі американдық стильдегі екі қабатты ғимаратта екен. Осындағы қызметкерлердің бірі оқу орнын Моңғолиядан келген бірнеше қазақ отбасылары ашқандығы жөнінде айтып беріпті. Жұмыс істей бастағанына үш жыл. Білім алушылардың дені уақытша көшіп келген оқушылар. Әрбір жексенбі сайын оқушылар қазақ тілі мен әдебиетін оқиды, домбыра тартып, ұлттық билерді билейді.
Негізінен мектеп ақша табуды көздеп отыр деп айта алмас едіңіз. Төлемақысы бір тоқсанға 100 доллар. Оның ішіне кітаптар сатып алу, мекен-жайды жалдау және оқыту кіреді. Қызмет ететіндердің дені жат жерде ұлттық дәстүрін, тілін сақтауға өз үлесін қосқысы келген еріктілер.
Мектеп басшылығының айтуына қарағанда, Қазақстан елшілігінен оқулықтар сұраған. Алайда, әлі жауап жоқ көрінеді. Мұндағы қазақтар үшін Отан географиялық емес, рухани деңгейдегі ұғым екені айтылады.
Мақала авторы жексенбілік мектепке американдықтар да келіп, ұлтымыздың тілі, әдебиеті және өнерімен танысуды теріс көрмейді екен.
Қияндағы Техаста қазақ мектебінің ашылғаны біз үшін зор қуаныш. Ұлтын ұлықтағандар мұхиттың арғы бетінде мектеп ашып жатқанда, өз елімізде отырып, өз тілімізде тәлім-тәрбие беретін білім ошақтарын көбейтуге қолымыздың жетпей жатқаны ұят тіпті. Осы сөз біздің Көкшетау қаласына да тікелей  қатысты екеніне ешкімнің дауы болмаса керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар