Мас күйінде көлік жүргізетіндер саны азайған

Облыстық ішкі істер департаментінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті.
Жиында аталған департаменттің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жанбай Омаров келтіріп өткен мәліметтерге сүйенсек, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда,  қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыс түрлері біршама азайған. Ұрлық, автокөліктерді мініп кету, бұзақылықтың төмендегені байқалады.
Жыл басынан бері  «Нөлдік төзбеушілік» қағидасы негізінде барлығы 130 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың беті ашылған екен. Мас күйінде көлік тізгіндейтін жүргізушілердің азаюының арқасында облысымызда жол-көлік оқиғалары санының төмендегенін де атап өткеніміз жөн. Қазіргі таңда елімізде мас күйінде  көлік жүргізгені үшін бұрынғыдан да қатайтылған жаза қолданылады. Алдымен, үш жылға жүргізуші құқығынан айырылады, ал, екінші мәрте заң бұзды екен, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  
Өкінішке орай, жасөспірімдер арасындағы қылмыс әлі күнге дейін өзекті күйінде қалып келеді. Осы орайда, бұл іске тек құқық қорғау органдарының өкілдері ғана жауапты деу қате пікір. Ата-аналар да мұның бір жағына шығысып, әсіресе түнгі уақыттарда балаларының бейсауат жүрмеуін  қадағалауы тиіс. Баспасөз мәслихатына қатысқан «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Көкшетау қалалық филиалының төрағасы Абай Жамалиев те өз сөзінде осы мәселеге тоқталып өтті. Тәртіп сақшылары жүргізген рейд барысында кәмелет жасына толмаған балалардың түнгі клубтарда жүруіне қатысты 106 оқиға тіркелген екен.    

                    «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар