Жалпақшешейлік пе, жауапсыздық па?!.

Күн сайын елімізге шекарамыз арқылы қаншама адам  кіріп-шығып жатады. Біз шекарасын тарс жа-уып алған мемлекет  емеспіз. Бірақ, сол келгендердің заң аясында көші-қон ережелерін сақтағаны абзал.
Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес жергілікті полиция органдары сырттан келіп-кетіп жатқандарды тізімдеп, тексеріп отыруға тиіс. Бірақ, Егіндікөл ауданында бұл іс жайына қалған. Тиісті орындардың тексерісі барысында  өткен жылдың өзінде аталған аудан аумағына шетелден 71 тұлға жеке істерімен келген екен. Биыл бұлардың саны 43 адамды құрапты.
Сөйте тұра, жергілікті ішкі істер мекемесінде бұл деректер жіті назарда ұсталмаған.  Полицияның учаскелік инспекторлары да бұған жүрдім-бардым қараған. Себебі, осы уақыт ішінде әкімшілік полиция қызметкерлерінен шетелдіктерді тексеру жөнінде бірде-бір баянхат түспеген болып шықты.
Жақында аудандық ішкі істер бөлімі басшысына осы кемшіліктер атап көрсетілді. Сол-ақ екен, жергілікті әкімшілік полицияның екі қызметкерін өз міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін тәртіптік жазаға тарту жөнінде  шешім қабылдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар