Көкшені көркемсөзбен өрнектеген

Облыс орталығындағы қалалық кітапхана ұжымының ұйымдас-тыруымен Дүниежүзілік кітап күніне орай кітап жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шарада әдебиетке құмар қала тұрғындары мен мектеп оқушыларының назарына дүниежүзілік классикалық туындылар және жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары ұсынылды. 

 

– Акцияның мақсаты – оқырмандарды көбейту, халықты көркем әдебиетке тарту, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау. Біздің кітапхана қорындағы дүниелер қала тұрғындарының назарына ұсынылуда. Жәрмеңке көпшіліктің кітап оқуға деген ынтасын арттыра түседі ғой деген үміттемін, – дейді қалалық қазақ кітапханасының үздік қызметкері Гүлнәр Баймағамбетова.  
Іс-шараға жергілікті жас ақындар да қатысып, жиналған қауымды кітап мерекесімен құттықтап, өз өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, Кәкімбек Салықов, Еркеш Ибраһим, Төлеген Қажыбай, Қайырбай Төреғожа, Серік Жетпісқалиев сынды ақын-жазушылардың шығармалары оқылды. Мектеп оқушылары Арқа ақындарының кербез Көкшеге арнаған жырларын жатқа айтып, жұртты кәусар жырмен сусындатты.
Бұдан басқа жәрмеңкеде дүниежүзілік классикалық әдебиеттің жәдіргерлері де жұртшылық назарына ұсынылды. Оның ішіндегі ең ежелгісі 1853 жылы жарық көрген Александр Пушкиннің шығармалары. Бұл кітаптар топтамасы облыстық әдебиет және өнер мұражайының жеке мұрағатынан
алынды.
Жиналған қауым бірнеше ғасырлық тарихы бар әдебиетке де қызығушылық танытты. Соңы балалар арасында мақал-мәтел оқып, сұрақ-жауап ойындарына ұласты. Саябақтағы жиынға қызығушылық танытып келген қала тұрғындарына қаламгерлердің өлеңдері жазылған буклеттер
таратылды.  

Алма Сырымбетқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар