Аударыспақ пен жамбы атудан алда

Талдықорған қаласында ұлттық спорт түрлерінен ересектер арасында өткен республикалық чемпионаттан жерлестеріміз жүлделі оралды.

Таяуда Талдықорған қаласында көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы атудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді.  Жарысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Солардың ішінде Ақмола облысының құрама командасы үш жүлдені қанжығасына байлады. Аударыспақтан 80 келі салмақ дәрежесінде Ерейментау ауданының өкілі Мұхтар Жиеналин жүлделі 3 орынға ие болса, 60 келі салмақ дәрежесінде Қорғалжын ауданының тұрғыны Хамит Мерейхан Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Ал, жамбы атудан Краснояр селосындағы ұлттық спорт мектебінің жамбы атудан жаттықтырушысы Айболат Естай Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, алда өткізілетін халықаралық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие
болды.
«Арқа ажарының өз ақпараты».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар