Діннің тазалығы сөз болды

Жақында аудандық әкімдікте ауыл имамдары мен облыстық дін басқармасы өкілдерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен арнайы семинар-кеңес өтті.

Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова жүргізіп отырды. Ақмола облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасенов, Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет атындағы мешіттің наиб имамы Дінмұхаммед Сыманов пен дін маманы Мейіржан Нұрмұхаметов жиында арнайы баяндамалар жасады. Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр. Экстремистік және террористік бағыттағы Ислам дінін жамылған радикалдық ағымдар пайда болды. Олардың көріністері – Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылындағы террорлық әрекеттер, экстремистік ағымдардың бой көрсетуі.
Елімізде экстремистік бағыттағы «Хизб-ут-тахрир» азат ету партиясы ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудырды. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты – Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен ынтымаққа зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Ол Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады.  Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, миссионерлердің үгіт-насихатына
тез ілігеді. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді. Белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің пікірінше, «Ислам діні барлық адамзатты, соның ішінде, оңы мен солын түсіне қоймаған жастарымызды тәрбиелейтін айқын жол екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ шығар. Дін барлық ғылымның, рухани дамудың
мәдениеттің негізі».
Алғашқы кезде дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни әдебиет, Интернет мақалалары, түрлі уағыз жазылған аудио-бейне жазбалар ұсынылады. Мұнда ашық жиһадқа шақыру, халифат құру секілді экстремистік идеялар болмайды. Бірақ, бұл кітаптар мен жинақтардың негізгі мақсаты – адам санасына уаһһабиліктің базалық идеяларын сіңіру, сол арқылы болашақта экстремистік идеяларды жатсынбайтындай ету болып табылады. Көбіне бұл оқу құралдары дамыған араб елдерінің теологтары еңбегінен аударма болып келеді. Қазір біздің қоғамымызда діни экстремизм мәселесі өткір болып тұр. Экстремистік әрекеттер мен ұйымдар Қазақстанда пайда болып, өз істерін атқарумен көзге түсті. Осыған орай, 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» №31 заңы қабылданды.
Кеңес одағы кезінде атеистік ұстаным болатын. Ол кездері қоғамда діни экстремистік әрекеттерге бой алдыртпады. Ал, қазіргі біздің зайырлы демократиялық елімізде дәстүрлі емес діндердің көбейіп кетуі және де экстремистік ағымдардың белең алуы мемлекеттегі әр азаматты ойландырып жүрген мәселелердің бірі. Бұлардың барлығы батыстан шығып жатқан құйтырқы саяси әрекет екеніне күмән келтірмейміз.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар