Жол жөнделушілер жігері

биыл жылдағы жұмыстарына ерте кіріскен қарқындарынан байқалуда

Биылғы жылы Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімі қала тұрғындарының өтініштері бойынша көшелердегі жөндеу жұмысының сметалық есебін жасады. Қазір бірқатар көшелердің бойында жөндеу жұмысы қызу қарқын алған.  Аталған бөлімнің бас маманы Елена Сулханованың айтуынша, қаланың көше-жол жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарының бірінші кезеңінде «Көкшеавтодор» серіктестігімен келісім-шарт жасалып, осы мақсатқа 100 миллион теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда Уәлиханов, Ақан сері, Пушкин, Әуелбеков, Мир көшелерінің бір бөлігі және Абылай хан даңғылы толық жөндеуден өтуде. Өзге көшелердегі жолдардың жөнделуі қаржы бөлінумен тікелей байланысты болып отыр. Биылғы жылы  «Васильковка» шағын ауданының барлық үйлерінің, Абылай хан даңғылы мен Горький көшесі бойындағы бірқатар көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылады.
– Жобада жағатастар мен қоршауларды ауыстыру, ескі асфальт жамылғысын қырып тастап, жаңасын төсеу қарастырылған. Спорт және балалар алаңдары салынады.  Жаяу жүргінші жолдарына бедертастар төселеді. Аулаішілік жарық орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылады, – дейді бөлімнің бас маманы.
Абылай хан даңғылы бойындағы жолда ағымдағы жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұл жұмыстарға «Көкшеавтодор» серіктестігінің
жиырмадан астам техникасы қамтылған. Мәселен, фреза агрегаты жолдың ескі асфальт жамылғысын қырып алып, бірден жүк автокөліктеріне тиеуде.
Аталмыш агрегат өткен жолды құрылысшылар сыпырып, гудрон эмульсиясын құюда. Бұдан кейін жаңа асфальт жамылғысы төселеді. Серіктестіктің жол өңдеу учаскесінің шебері Әміржан Мұстафин бізбен әңгімесінде 1 сәуірден басталған бұл жұмыстарға қырықтан астам адам қамтылып, ауысымдық кестемен тәулік бойы жұмыс істейтіндерін айтып өтті. Қажетті асфальт қала сыртындағы екі асфальт зауытынан күні-түні тасымалданады. Жол учаскесінің құрылысшысы Бекет Оспанов аталмыш серіктестікте үш жылдан бері еңбек етуде. Алғашында жұмыстың қыр-сырын армяндық әріптестерінен үйреніпті. Ол бізбен әңгімесінде фреза агрегаты өткен жолды асфальт жамылғысын төсеуге да-
йындайтындарын айтты. Жол жөндейтін құрылысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Екі мезгіл ыстық ас беріледі. Еңбекақыларын да уақытында алады.
Капцевич көшесі бойындағы жолда да 805,6 миллион теңгеге бағаланған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Көкшеавтодор» мен «Көкшетау жолдары» серіктестіктері атқаруда. Көшенің үшінші бөлігіне тендер жарияланды. Вавилов көшесінен көпірге дейін созылып жатқан бұл  жолдың ені
9 метр, ұзындығы 4 шақырымға жуық. Көше бойымен екі жаяу жүргінші жолы салынады. Жаңадан электр бағаналары орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолы жылу құбырының сыртына салынады, көше бойына ағаш көшеттері отырғызылады. «Көкшеавтодор» серіктестігі өзге де жол учаскелері мен тұрғын үйлердің аулаларында осындай жұмыстарды жүргізуде.
Сондай-ақ, «Көкшетау жолдары» серіктестігі де дайындық жұмысымен қатар, 250 метр жаяу жүргінші жолы мен арық салып үлгерді. Қала бойынша көзделіп отырған  барлық жұмыстар 5 қыркүйекте толық аяқталады деп жоспарланған.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар